Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » Ғылымсыз өмірдің мәні жоқ, өнерсіз өмірдің сәні жоқ

Ғылымсыз өмірдің мәні жоқ, өнерсіз өмірдің сәні жоқ

Ордабасы аудандық білім бөлімінің 2023 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, қараша айының 2-3 күндері Амангелді Иманов атындағы жалпы орта мектебінің базасында Республикалық «Зерде» балалар шығармашылық жобалары мен зерттеу жұмыстары (2-7 сынып оқушылары арасында) конкурсының аудандық іріктеу кезеңі өтті.
Қазылар алқасының шешімімен конкурстың облыстық кезеңіне 12 секция бойынша жоғарғы ұпай жинаған жұмыстар ұсынылды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша М.Исламқұлов ат.ЖББМ. оқушысы Сейтимова Дана, жетекшісі А.Айтказина, жұмыстың тақырыбы «М.Әуезовтің «Көксерек» повесіндегі лексикалық ерекшеліктер». Б.Оңтаев ат.ЖББМ оқушысы Жұмабек Айару,жетекшісі С.Баратова, жұмыстың тақырыбы « Көкбөрі символикасының қазақ әдебиетіндегі орны».
«Орыс тілі мен әдебиеті» секциясы бойынша «Зерде» ЖББМ. оқушысы Сарсен Абызхан жетекшісі Э.Исмаилова, жұмыстың тақырыбы « Японские хокку и аналоги жанра в русской и казахской литературе». Б.Нұрлыбеков ат.ЖББМ оқушысы Танирберген Айзере жетекшісі Г.Бахашева, жұмыстың тақырыбы «Значение присказок в русских народных сказках».
«Ағылшын тілі» секциясы бойынша С.Сейфуллин ат. ЖББМ оқушысы Серікбай Асылайым, жетекшісі Садыбаева Мөлдір, жұмыстың тақырыбы «The role the English language in boosting in Turkestan oblast». «Болашақ» ЖББМ оқушысы Жақсылық Айзере, жетекшісі Ж.Абдыхахар, жұмыстың тақырыбы «Қазақ және ағылшын халқының балаға қатысты салт дәстүрлері».
«Математика, қолданбалы математика» секциясы бойынша Б.Оңтаев ат.ЖББМ оқушысы Зәуірбек Мөлдір, жетекшісі Г.Амиржаева жұмыстың тақырыбы «Математикалық лайфхактар». Қажымұқан ат.ЖББМ оқушысы Төлебай Гүлсезім, жетекшісі В.Жандарбек жұмыстың тақырыбы «Математикалық модельдеу лего ойындары».
«Химия, биология» секциясы бойынша Б.Кенжебаев ат.ЖББМ оқушысы Жарылқап Сая,жетекшісі Г.Қыстаубай, жұмыстың тақырыбы «Крахмал мен ұнның айырмашылығы неде». Д.Қонаев ат.ЖББМ оқушысы Есболған Сандуғаш,жетекшісі Ж.Бектемисов жұмыстың тақырыбы « Ешкі сүтінің сапасы және оны түрлі сүт қышқылдарын пайдаланып сүт өнімдерін алу үшін өңдеу».
«Физика, космос» секциясы бойынша Н.Нысанбайұлы ат.ЖББМ оқушысы Қанатбек Абылай, жетекшісі Г.Байыршаева, жұмыстың тақырыбы «Жұлдыздардың пайда болуы және тірщілік циклі». «Бөген» ЖББМ оқушысы Алиасқар Қарақат, жетекшісі Ж.Дүйсенбаева жұмыстың тақырыбы « Айдың жердегі климатқа және толқындарға әсері».
«Туризм және спорт» секциясы бойынша «Зерде» ЖББМ оқушысы Жақсыбек Балқия Абзалқызы жетекшісі Б.Каракулов жұмыстың тақырыбы «Ұлы даланың көрікті мекендеріне саяхат». Б.Нұрлыбеков ат.ЖББМ оқушысы Карсибаева Мадина, жетекшісі Қ.Даулетов жұмыстың тақырыбы «Қазақ халқының ұлттық ойыны – тоғызқұмалақ»
«Тарих,өлкетану» секциясы бойынша А.Шерімқұлов ат.ЖББМ оқушысы Жұмабай Кенесары, жетекшісі А.Омаш жұмыстың тақырыбы «Желтоқсан оқиғасының құрбаны – Раушан Ермекова».Б.Кенжебаев ат.ЖББМ оқушысы Базарбай Іңкәр, жетекшісі Г.Турлыбекова жұмыстың тақырыбы « Жер сілкінісін заманауи болжаудың алдын алу әдістері.
«Этномәдениеттану» секциясы бойынша «Ынтымақ» ЖББМ оқушысы Көрпеш Айару, жетекшісі Р.Джусипова жұмыстың тақырыбы « Шолпының тәрбиелік мәні». Ш.Уалиханов ат.м/г. оқушысы Әлзақ Кәусар, жетекшісі Н.Садыкова жұмыстың тақырыбы «Ахмет Байтұрсынов мысалдарының тәрбиелік мәні».
«Медицина, психология, экология» секциясы бойынша Б.Нұрлыбеков ат.ЖББМ оқушысы Өмірбекұлы Мирас, жетекшісі Ж.Жахан. жұмыстың тақырыбы «Неліктен адамға тырнақ керек ?» Б.Төлепбаев ат.ЖББМ оқушысы Садыр Інжу, жетекшісі А.Тұңғышбай жұмыстың тақырыбы «Иттерден қорқуды қалай жеңуге болады – кинофобия».
«Информатика, робототехника, STEM инженерия» секциясы бойынша Ш.Уалиханов ат.м/г. оқушысы Жексенбай Раяна, жетекшісі С.Мадиева жұмыстың тақырыбы « ХХІ ғасырдың ғылыми техникасы — ұялы телефон». М.Мүсірепов ат.ЖББМ. оқушысы Даниал Амантайұлы, жетекшісі Г.Ташмат жұмыстың тақырыбы «Мектеп оқушыларына арналған телефон қосымшаларын өмірде қолдану маңыздылығы».
«Технология және өнер» секциясы бойынша Ш.Уалиханов ат м/г оқушысы Қозыбай Балнұр, жетекшісі К.Аяпова жұмыстың тақырыбы «Киіз басудың жаңа технологиялары». Б.Оңтаев ат.ЖББМ оқушысы Сейдалхан Айару, жетекшісі Қ.Абилдабекова жұмыстың тақырыбы «Бас киімнің этномәдени сипаты».

Пікір жазу