Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » Ұрпақ тәрбиесі-бұл болашақ тірегі

Ұрпақ тәрбиесі-бұл болашақ тірегі

Түркістан облысы Білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» жылдық жоспарына сәйкес, Кентау қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатынұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу мақсатында «Cаналы ұрпақ –ұлт болашағы» тақырыбында Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектеп базасында облыстық тәжірибелік семинар өткізілді. Облыстық семинарға Түркістан облысы білім басқармасының білім беруді дамыту орталығының «Тәрбие және әлеуметтік психология» кафедрасының меңгерушісі
К.Б.Нармухамедова, әдіскерлері Р.Т.Басқараева, Ғ. Сагидуллаевна, аудандық білім бөлімінің тәрбие, психология саласының әдіскерлері, тәрбие орынбасарлары,педагог-психологтары,әлеуметтік педагогтары қатысып тәжірибе алмасты. Семинарда Кентау қаласының тәрбие саласына жауапты мамандары жаңа форматта дуэт сабақ, диалогтық алаң,ашық тәрбие сағат,ток- шоу өткізді. Ә.Молдағұлова атындағы 19 ақпараттық технологиялар мектеп-лицей директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Э.Құттыбаева мен С.Маденова ата-аналарға арналған «Ұрпақ тәрбиесінде не маңызды?» тақырыбында ток-шоу өткізді. Қоғамда ата-ана,оқушы, ұстаздар мәдениетін қалыптастыру,бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін күшейту,отбасы құндылықтарын насихаттау,бастамаларды қолдау және жүзеге асыру мақсаттарын алға қойды.Ток-шоуға Кентау қалалық «Ардагерлер алқасы» қоғамының жанынан құрылған «Әкелер» мектебінің төрағасы А.Б.Сахов, «Әжелер алқасының» төрайымы Р.Жұмабаева,мектебіміздің ата-аналар комитетінің төрайымы Ж.П.Адырбекова т.б. қонақтар қатысты.Бала тәрбиесі,достары денсаулығы,бала қауіпсіздігі, психологиялық жағдаяттарды оң шешу жолдары т.б. өзекті мәселелер талқыланды. Кері байланыс жасалынып,ата- аналар ұсыныстарын айтып,пікірлерін білдірді.

Пікір жазу