Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » ТӨЛЕБИ: АППАРАТТЫҚ ЖИЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

ТӨЛЕБИ: АППАРАТТЫҚ ЖИЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліс күн тәртібіне сәйкес, үш мәселе қаралып, орындалу барысы талқыланды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Ауданда туризмді дамыту мәселелері мен перспективалары туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Асхат Раимбеков баяндады. Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, аудан аумағында 85 туристік нысан қызмет көрсетеді. 2023 жылы туризм саласына 3,5 млрд теңге инвестиция тартылып, 39,7 мың адамға 865,4 млн теңгенің қызметі көрсетілген. Ағымдағы жылы 1,8 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Сонымен қатар, келушілердің саны 48,5 мың адамды құрап, 870 млн теңгеге қызмет көрсету күтілуде.

Туризм саласындағы декомпозиция бойынша қойылған индикаторларды орындау және аудан бюджетіне түсетін түсімдерді ұлғайту мақсатында аудан әкімнің өкімімен арнайы жұмысшы топ құрылды. Топ туристік нысандарға барып статистика басқармасына тіркелу керектігі мен «2-Туризм» есебін тапсыру бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде статистика басқармасына тіркелген нысандар саны 53-ке жетті.

Былтырғы жылы 22 туристік нысан қайта бағалаудан өткізіліп, мүлік салығының түсімі 43 302,2 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, 18 демалыс орнынан сыртқы көрнекі жарнама орналастырғаны үшін аудан бюджетіне 1 490,4 мың теңге салық өндірілді. 2023 жылы құны 2 201,7 млн теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық жоба іске асырылып, 44 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 2024 жылы құны 803 млн теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ауданда атқарылған жұмыстар бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Бекайдар Тойлыбаев баяндады. Аталған тақырыпқа негізделген қосымша хабарламаны аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызмет бөлімшесі ювенальды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы Мұрат Камалов жасады.

Бөлім басшысы Бекайдар Адамбекұлы білім ошақтары оқушыларға біліммен қатар, рухани тәрбие беріп, балаларға қауіпсіз орта құрылғанын, бала тәрбиесіндегі ата-ананың қазіргі таңдағы рөлі туралы кеңінен түсіндіру бағытында жұмыстар атқарылғанын айтты.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу үшін аудандық полиция бөлімімен бірлесе жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Жасөспірімдердің түнгі беймезгіл уақытында көшеде жүрмеуі, түн мезгілінде қоғамдық тамақтану орындарында еңбек етпеуі қадағалауға алынған. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша және жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Құқықбұзушылық – заңды жауапкершілікке алып келетін құқыққа қарсы әрекет.  Бүгін қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – жасөспірімдердің  арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі  болып тұр. Құқықбұзушылық — қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет.

Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз.

Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру  өте маңызды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында елде құқықтық сауаттылықты арттыру қажеттігіне баса мән берген болатын. Әсіресе отбасында болатын зорлық-зомбылықты қылмыс ретінде қарау да күн тәртібіне қойған болатын.

Президентіміз Түркістан қаласында өткен құрылтайда «Жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы заманда сыни тұрғыдан ойлай білуі маңызды. Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай жасауымыз қажет.

Мектепте оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін дәрістер оқытылуға тиіс» дей келіп, олардың ел заңдарын сақтауына көңіл бөлген болатын.

Осы мақсатта мектепте ұйымдастырылған іс-шара арқылы балалардың сауатын арттыруды және отбасында орын алатын зорлық-зомблықтың жолын кесу мақсатын көздеп отырмыз, оқушыларға заң талаптарын түсіндіруге тырыстық.

Ескерту ретінде кәмелетке толмағандар арасында  және кәмелетке толмағандарға қатысты  буллингтің, жәбірленудің, зорлықтың, қатыгездіктің алдын алу жөнінде кәмелетке толмағандардың вэйпарды, электронды темекілерді, темекі бұйымдарын, кальяндарды пайдаланудың және нашақорлықтың алдын алу, кешкі мезгілдерде жалғыз жүрмеу, бейтаныс адаммен сөйлеспеу, сабақ кезінде қалаға, тойханаларға бармау, жол көлік ережесін сақтау, көлік айдамау туралы барынша мағұлматтар беріліп келеді.

Кәмелетке толмаған балалар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында білім ошақтарында түрлі форматта іс шаралар кешені жиі  ұйымдастырылып отырады.

Дәйекті мысалдарды келтіре отырып, жасөспірімдерді тура жолдан тайқымауға керісінше, мүмкіндік бар кезде орта білім алуға шақырудамыз.

Қашанда құқықтық тұрғыдан сауатты болып, заң талаптарын жетік білген жасөсіпірімдер ешқашан теріс әрекеттерге бармайды. Заңды білмеу ешкімді жауапкершіліктен босатпайды.

Сондықтан кез-келген жағдайды сараптап, қай кезде және қай жерде болсын саналы әрекет еткен дұрыс.

Ал, мұндай теріс әрекеттерге жол берген жағдайда жасөспірімдердің қатысуымен жасалған қылмыстардың санатына және дәрежесіне қарай олар 14 және 16 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Мұның салдары өте жаман. Қылмысты жасаған кез-келген азамат өз өміріне, болашағына балта шабады.  Бұл – оның ұрпағына да зор зиянын тигізеді. Қылмыстық жауаптылыққа тартылған адам өмір бойы мемлекеттік қызметте, құқық қорғау орындарында және басқа да білім беру, денсаулық сақтау салаларында жұмыс істей алмайды.

Жасөспірімдермен өтіп келе жатқан жиындарда оқушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауаптар алып келеді.  Осындай құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге білім саласындағы жасөсіпірімдердің құқықтық сауатын арттыру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Жалпы, құқық тәртібін бұзуға бейім балалар қайдан шығады?

Жасыратыны жоқ, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасаған, сөйтіп ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шығады.

Қылмыстың алдын  алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру.

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.

Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүргендерін қадағаламауынан пайда болады.

Осыған байланысты жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру – жан-жақты тәрбиенің маңызды бір саласындағы жасөспірімдердің құқықтық тәрбиесі болып табылады.

Дегенмен тәрбиесі мол. «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды.

Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар.

Ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің  бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан-жақты сезіну керек.

 

 

Пікір жазу