Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » САЙРАМ: ӘСКЕРИ ЖИЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕЙДІ

САЙРАМ: ӘСКЕРИ ЖИЫН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕЙДІ

Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы Д.Қонаев атындағы аграрлық техникалық колледжінде өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру мен ел қорғауға әрдайым физикалық тұрғыда дайын болуға үйрету мақсатында «Әскери оқу дала жиыны» өтті. Аталмыш жиында Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмаджан Анартаев арнайы қатысып, еліміздің болашағы саналатын жастарға батасын берді.
Оқу дала жиынына аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы, лейтенант Досыбек Турегелдиев, ауған соғысының ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Алғы сөз тізгінін алған Мадияр Бақтыбайұлы бүгінгі өткен іс-шараның болашақ сарбаздар үшін маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, бірқатар зиялы қауым өкілдері болашақ сарбаздарға ақ тілектерін арнады.
Бұдан кейін колледждің І курс студенттері көрермендер назарына әскери ұрыс-қимыл әрекеттері, саптық тұрыс, атыс және тактикалық сабаққа дайындық тәсілдерін суреттейтін арнайы салтанатты шеруін ұсынды.

Пікір жазу