Түркістан облысы Полиция департаменті Қазығұрт ауданы полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратында 9-мамыр Жеңіс күні және «Отан қорғаушылар» күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік шарада Қазығұрт ауданындық полиция бөлімінің басшысы құттықтау тілегін білдіріп, еңбек ету жолында өздерін жақсы жағынан көрсетіп, құқықбұзушылықтың алдын алуда үлестерін қосып жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталды.
Ұлы Отан соғысы әр отбасы үшін де орны толмас қайғы-қасірет әкелді. Майдан даласынан бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама көкөрім боздақтардың қыршын жасы қиылды.
Отан қорғауға Келестің бір уыс топырағын алып Салыбай Өсербаевта барған. Ол Отан алдындағы борышын аяқтаған соң Венакинзберг, Чехословакия, Жапон, Хасан Көлі соғыстарына қатысып, әріқарай 1941 жылы Екінші дүниежүзілік Ұлы Отан соғысына бастан аяқ қатысып, аман есен елге оралады.
Елге аман есен оралған соң Рыскүл апамызбен отбасын құрып, екі ұл, екі қыз тәрбиелеп, сол балаларынан 19 немере сүйіп, шөбере сүйіп, бақытты ата әже болып 80 жасында дүниеден өтті.
Салыбай Өсербаев өмірінің соңына дейін бейбіт күнде өмір сүріп жатқанына шүкіршілік етіп, әр Ұлы Жеңіс күніне өткізілген парадтарға омырауына жауынгерлік наградаларын жарқырата тазалап, киіміне тағып, жерлес майдангерлермен кездесіп, естеліктер айту үшін селолық Советтегі кездесулерге қатысатын. Бейбіт күннің қаншалықты қымбат екенін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу керектігін көп айтатын.
Ұлы Отан соғысына қатысты естеліктерді естен шығармай, ұрпақтан-ұрпаққа соғыстың зардабы мен зорлық-зомбылыққа қарсылықты жеткізіп отыруды парыз санаймыз.
Соғыс кезінде ерлік танытқан жанның бірі- Созақ ауданы Сызған ауылдық округі Қозмолдақ елдімекенінде тұратын Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Созақ ауданының Құрметті азаматы Мырзахмет Жылысбаев.
9 -мамыр «Жеңіс күні» Созақ ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Жасұлан Нысанбаев, аудандағы майдангерлердің соңғы тамшысы, соғыстың соңғы солдаты Мырзахмет Жылысбаевтың шаңырағына барып, ұжым атынан сый — сияпат табыс етті.
Ал ардагер атамыз майдандағы естеліктерімен бөлісіп, ауданның полиция қызметкерлеріне ақ батасын берді.
Полицияның қоғамдық қауіпсіздік пен ел тыныштығын қамтамасыз етудегі жұмыстарына сәттілік тіледі.
Полиция қызметкерлері ардақты ардагерлердің халін біліп қайтты. «9 мамыр – Ұлы Жеңістің 79 жылдығы» мерекесіне орай Жетісай қаласының орталық саябағындағы монументте мерекелік іс-шара болып өтті.
Мерекелік іс-шараға жиналғандар сұрапыл соғыста кеудесін оққа тосып, ел үшін жанын берген батыр бабаларымызды 1 минуттық үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды. Іс-шара барысында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов тұрғындарды мерекемен арнайы құттықтады.
«Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды қастерлі де ұлы мереке – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың ерлік үлгісі, мұқалмас қажырлығы мен мызғымастығының символы болып келеді. Отан қорғаушылар жасаған ерліктер мәңгілік және уақыт ағысымен жоғалып кетпейді. Сол бір қаһарлы соғыс жылдары алыстаған сайын оның маңызын біз ерекше ұғына түсудеміз. Сондықтан да халық ұзақ күткен Ұлы Жеңісті жақындатуда майданда да, тылда да жанқиярлықпен күреске түскендердің барлығы айрықша құрметке ие, қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз» деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.
Аталмыш шараға аудандық мәслихат хатшысы Медет Қасымов пен аудандық ардегерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Маханбет, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің 2037 әскери бөлімінің шекарашылары, ардагер ата-әжелер қатысты.
Мақтааралда Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіштерге г.л шоқтарын қоб рәсімдері өтті. 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай Мақтаарал ауданының аумағында орналасқан барлық Ұлы Отан соғысының батырлары мен ардагерлеріне арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою рәсімдері өтті.
Іс-шараның мақсаты — есімдері тасқа қашалып жазылған Ұлы Отан соғысының батырлары мен ардагерлерінің ерліктерін кейінгі буынға дәріптеу арқылы олардың бойына еліне деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, патриоттық сезімдерін нығайту.
Аудан әкімі Бақыт Асанов бастаған топ Мырзакент кентіндегі Даңқ аллеясында орналасқан ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Қалың көпшілік Ұлы Отан соғысында ерлік көрсетіп қаза болған боздақтарды бір минут еске алды.
Мұнан соң іс-шараға қатысушылар аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен концерттік бағдараламаны тамашалады. Іс-шарада жауынгерлерге арналған патриоттық әндер айтылды.
Жиында аудан әкімі Бақыт Асанов «Жеңіс күні» мерекесімен барша жиналған қауымды құттықтап, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның бейбіт өмірі кешегі өткен батыр бабаларымыздың арқасы екендігін жеткізді. Сондай-ақ, жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітбек Оңғаров та сөз сөйледі.
Айта кетейік, Мақтарал ауданынан 12 мыңнан аса адам Ұлы Отан соғысына аттанып, соның 3900-і ғана аман-есен елге оралған. Екі мыңнан астам тыл ардагерлері де, соғыс жылдарында еңбек майданында жеңісті жақындату үшін аянбай еңбек етті. 11 жерлесіміз «Кеңес Одағының батыры» атағын алып, бүгінде олардың есімдері ескерткіштерге қашалып жазылған. Сондай-ақ, ауданда көшелердің, мектептердің, ауылдардың аттары осы батыр бабаларымыздың есімдерімен аталады.
Жеңіс күні қарсаңында аудан әкімі Азат Оралбаев Бадам елді мекенінің тұрғыны, ҰОС ардагері Қалмен Мұратұлын мерекемен құттықтап барды.
Аудан басшысы жүз жастағы майдангер ақсақалға облыс әкімінің мерекелік құттықтауын жеткізіп, жүрекжарды ақ тілегін білдірді. Сонымен қатар, Қалмен қарияға ауданның жомарт жандарының атынан автокөлік сыйға тарту етілді.
Өз кезегінде майдангер қария өзін мерекемен құттықтап келген азаматтарға көрсетіп жатқан ілтипаты мен қамқорлықтары үшін алғыс айтып, ақ батасын берді.
Қалмен Мұратұлы 1924 жылы өмірге келген. Соғысқа 1942 жылы 18 жасында аттанған. 1944 жылы Витебск қаласының маңында қолынан ауыр жарақат алып, госпитальге жіберілген. Елге екінші топтағы мүгедек болып оралған ол бірден еңбекке араласып, ұзақ жыл теміржол, ауылшаруашылық саласында еңбек еткен.
Бүгінде 6 ұл, 2 қыздан 32 немере, 85 шөбере көріп отыр.
Шардара ауданының орталығындағы “Ардагерлер аллеясында” Жеңістің 79 жылдығына арналған мерекелік шара өтті. Оған аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей, тыл ардагерлері, зиялық қауым өкілдері, әскерилер, жастар және аудан тұрғындары қатысты.
Шарада аудан басшысы мен қатысушылар “Даңқ мемориалының” алдындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ Отан үшін отқа түскен боздақтар құрметіне бір минуттық үнсіздік жарияланды.
Негізгі рәсімдерден кейін аудан әкімі Азат Оралбаев соғыс және тыл ардагерлерін, аудан жұртшылығын мерекемен құттықтап, сөз сөйледі:
«Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді 9 Мамыр — Ұлы жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
9 Мамыр-Отан үшін от кешкен боздақтардың айбыны мен абыройын, жеңісті жақындату үшін тер төккен тыл еңбеккерлерінің ерлігі мен елдігін паш етіп, бейбіт күннің бесігінде тербелген ұрпаққа ерліктің ерен үлгісін көрсететін ерекше күн. Бұл мерекені бүгінде төрткүл дүниенің түкпір-түкпірі бейбітшілік мерекесі ретінде тойлауда.
Бүгінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатары саусақпен санарлықтай ғана қалды. Миллиондаған адамның жанын қиған сұрапыл соғыс жыл санап тарихтың қойнауына бойлап бара жатса да, оның қаһарлы сызы ешқашан ұмытылмайды.
Халқымыздың батыр ұлдары мен қыздарының майдандағы ерліктері бізге үлгі тұту барлығымызға ортақ міндет.
Отан үшін жан қиғандарды еске алып, олардың рухтарына бас иіп, тағзым ету-бүгінгі ұрпақтың мәңгілік парызы болып қалу керек… «Құрметті жерлестер! Ұлы Отан соғысына Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты. Соңғы деректер бойынша елімізден майданға 1 млн 200 мыңдай жауынгер аттанып, олардың 600 мыңға жуығы соғыстан қайтып оралмаған. Отан үшін отқа түскендердің қатарында ордабасылық азаматтар да көп болды. Төрт мыңға жуық жерлесимиз соғысқа аттанса, олардың деньи елге оралды.
Майданда көрсеткен ерліктері үшін жерлестерімиз Берген Исаханов, Бейсен Оңтаев, Сыдық Исмайлов, Қарсыбай Спатаев Кеңес Одағының батыры атанды.
Біз оларды мақтан тұтамыз және ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Бүгінгі таңда ауданымызда көзі тірі Ұлы Отан соғысының бір ғана ардагері тұрып жатыр. Ол — Қалмен Мұратұлы. Қазыналы қария осы жылдың ақпан айында 100 жасқа толды. Жеңіс үшін қолына қару алған қарт майдангеріміздің дені сау болсын деп тілейміз! Бұл күн бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке.
Осы орайда сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймин. Ардагерлеріміздің день сау болсын. Мереке әрдайым қуаныш пен бейбит күн әкеле берсін!»
Шарадан кейин аудан әкімі Қажымұқан ауылдық округінің тұрғыны, тыл ардагері Қуаныш Керимқызының шаңырағына барып, сый-құрмет көрсетті.