Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » ТҮЛЕКТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ-ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

ТҮЛЕКТЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ-ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

25-мамыр мектеп оқушылары, әсіресе мектеп бітіруші түлектер үшін ерекше күн. Тәртіп сақшылары жыл сайын 25-мамыр күні күшейтілген режимде жұмыс істейді. Дәл осы күні мектеп бітірушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Арнайы рейд ұйымдастырып, қымбат көлік жалдап, көшенің тынышын бұзатын түлектермен күреседі.
 Осыған орай, Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері құқық бұзушылық пен оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында автокөлікті жалға беру орындарын аралады.
Аралау барысында мекеме басшыларына кәмелетке толмаған жасөспірімдерге басқару құқығынсыз автокөлікті бермеу қажеттігілігі айтылды.
Арнайы кортеждерді ұйымдастыру кезінде көлік жүргізушілері жол ережелерін өрескел бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеміз.
Құрметті ата-аналар!
Құқықбұзушылық пен оқыс жағдайларды болдырмас үшін балаларды қатаң қадағалауды сұраймыз!
Соынмен бірге, полиция қызметкерлері танымал блогер полиция қызметкерлерімен бірге профилактика жүргізді.
Оқу жылының аяқталуына орай Түркістан облысының полицейлері жасөспірімдердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында, тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
Осы ретте желіде «Аю» лақап атымен танымал, барлығына позитив сыйлап жүретін блогер Азизхан полициямен бірге профилактикалық шараға қатысып, тұрғындарды заң талаптарын сақтауға және тәртіпке шақырды!
Құрметті ата-аналар мен мектеп бітіруші түлектер!!!
25 мамыр күні облысымыздың барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» іс-шарасы өткізіледі. Полиция қоғамдық тәртіп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдайды.
Түркістан облысы полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес әрбір оқу орындарына жауапты полиция қызметкерлері бекітілді. Патрульдік нарядтар іс-шаралар өткізілетін орындарға жақындатылды.
«Соңғы қоңырау» аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен көптеген түлектер іс-шараларды өз бетінше жалғастырады. Өкінішке орай, осындай кезде жасөспірімдердің автокөлікті басқаруы мен жол жүру қағидаларын сақтамауы қайғылы оқиғаларға әкеп жатады.
Мұның алдын-алу мақсатында, жалға берілетін автокөліктерді жасөспірімдердің пайдалануына жол бермеуге және сіздер ата –аналар өз көліктеріңізді балаларыңызға басқаруға бермеуге шақырамыз.
Қандай да бір құқық бұзушылықтар мен төтенше жағдайлар туындай қалса, 102 және 112 арнасына хабарласуға болады.
Оқу жылы аяқталғанымен балалардың қауіпсіздігі назардан тыс қалмас емес. Осы орайда, түркістандық полицейлер оқушылармен кездесті.
Республика аумағында өткізіліп жатқан “Абайлаңыз балалар!” акциясы аясында, Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері мектеп оқушыларымен кездесті. Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылыққа жол бермеу және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мен сақтық шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бар байлығымыз – балалар, ал олардың алаңсыз білім алып, қауіпсіз өмір сүруіне әрқайсымыз жауаптымыз!
Сондықтан полицейлер әрбір ата-анаға балаларыңыздың қауіпсіздігін қатаң қадағалауды сұрайды.

Пікір жазу