Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » Аудан тұрғындарына заңгерлік көмек көрсетілді

Аудан тұрғындарына заңгерлік көмек көрсетілді

Қазығұрт ауданы тұрғындарына «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында заңгерлік көмек көрсетілді.
Мемлекет басшысы Әділетті Қазақстанды құру жолында адам құқықтары мәселесіне баса мән беріп отырғанын атап өтті. Мәселен, Конституциялық Сот құрылып, Бас прокуратура мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл конституциялық мәртебеге ие болды. Халық арасында құқықтық мәселелер өте өзекті. Соған байланысты, өңірде тұрғындардың құқығын қорғайтын «Құқықтық көмек» жаңа партиялық жобасы пилоттық режимде іске қосылған болатын. Осы ретте бүгін, аталған жоба аясында «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының қоғамдық қабылдау алаңында «Құқықтық көмек» жобасы аясында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері (алдағы оқу жылына дайындық, АӘК, алимент алу және балаларға қатысты басқа да мәселелер) бойынша тақырыптық қабылдау өткізілді.
Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі тұрғын үй мен жер учаскесін алу, мүгедектік тағайындау, несиені жабу, мүлікті жекешелендіру сынды мәселелерін айтты.
Мәселен, Құқықтық кеңес алуға келген Қазығұрттық тұрғын көп балалы ана мұрагерлік құжат рәсімдеуде кедергілерге тап болған. Оның үйінде тұрған көлігі әлі күнге дейін осыдан бірнеше жыл бұрын қайтыс болған күйеуінің атында екен. Мұрагерлікке өтпеу себепі алынған көлік банктен несиеге алынған. Берешегі төленбей ешқандай әркет жасай алмай отқанын, банк алдындағы берешекті төлеу үшін графикке қоюға ықпал етуді сұранды.
Аталған өтініш бойынша адвокат Т.Мусаев және Қазығұрт ауданы бойынша жеке сот орындаушылардың төрағасы А.Бекмырзаев тегін заңгерлік кеңес көрсетті. Заң өкілдерінің айтуынша, несиесі бар адам қайтыс болған жағдайда оның қарызы мұрагерлеріне міндеттеледі, сондықтан ол адам мұрагері ретінде қарызды қайтаруға міндетті. Бұл жағдайда мұрагер оның мүлкінен бөлек, қарыздарына да ие болады дегенді білдіреді. Аталған мәселені банк басшылығына арыз жазу арқылы шешілетінін, банк бөлімшелеріне барып шағымдану қажеттігін түсіндірді.

Пікір жазу