Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық » МЕКЕМЕАРАЛЫҚ МӘЖІЛІС: АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ АУДАНДА АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

МЕКЕМЕАРАЛЫҚ МӘЖІЛІС: АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ АУДАНДА АТҚАРЫЛҒАН ІСТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазығұрт ауданының прокуроры Р.Абдраимовтың төрағалығымен мекемеаралық мәжіліс өтті.
Мәжіліске Қазығұрт ауданының әкімі А.Исмаилов, аудандық Полиция бөлімінің бастығы А.Серікбаев, ауданың білім бөлімінің басшысы Б.Абдиев, аудан прокурорлары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары мен басқа да мекеме басшылары, ауыл округі әкімдері, УПИ қызметкерлері, пробация қызметінің қызметкерлері, аудандық білім бөліміне қарасты барша мектеп директорлары қатысты.
Жиынның күн тәртібінде өзекті 2 мәселе қаралды:
1. Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде Қазығұрт ауданында құқықбұзушылық профилактикасы жағдайының тиімділігі;
2. Аудандағы инфрақұрылым жағдайының тиімділігі (көше жарығы, жол, құрылыс, салық берешегі т.б.)
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан прокуратурасының аға прокуроры М.Беріков, аудан прокуратурасының прокуроры З.Жорабаев, Қазығұрт АПБ бірінші орынбасары Н.Нарбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Абдиев баяндамалар жасады.
Баяндама барысында әрбір тақырып жан-жақты талқыланып, сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Айтылған сын-ескертпелер хаттамаға енгізіліп, тиісті қызметкерлерге орындау тапсырылды.

Пікір жазу