Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының полиция қызметкерлері полиция майоры Пернебек Салибеков, полиция капитаны Ербол Қуаныш және полиция аға лейтенанты Әріпхан Қамбаров Қонаев даңғылын патрульдеу кезінде жол жигінде тұрған «Golf Volkswagen» маркалы автокөлігінің түтіндеп жатқанын көрген. Көлікке жақын келген тәртіп сақшылары көліктің алдыңғы оң жарық шамынан шыққан өртті байқап, жедел шаралар қабылдады.
Өрттің одан әрі өршуіне жол бермеуге тырысқан полицейлер өз көмек қолдарын созып маңайдағы пәтерлерден шелекпен су алдырып сөндіре бастады. Полиция қызметкерлерінің білікті және үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт сөндірушілер келгенге дейін өрт тез сөндірілді.
Белгілі болғандай, жергілікті тұрғын көлігін автотұраққа қойып, ауруханаға ем алуға келген. Кенеттен көліктен түтін шығып, оң жарық шамнан шыққан өртті байқаған тәртіп сақшылар дер кезінде көмек қолын созған.
Осылайша, қайғылы жағдай болуына жол берілмей, ешкім зардап шеккен жоқ. Ал көлік иесі полицейлерге оның өртенген көлігін сөндіруге уақытылы көмектескені үшін алғыс айтты.