Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ АБАЙ ЖЕРІНЕ САЯХАТ ЖАСАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ АБАЙ ЖЕРІНЕ САЯХАТ ЖАСАДЫ

 

          Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласында ұлттық жаңғыру, ұлттық кодты сақтау мәселесі ел дамуының негізгі қағидаларының бірі ретінде қарастырылады. Ұлттық кодты сақтау үшін салт-дәстүрлерімізді, тіліміз бен музыкамызды, әдебиетіміз бен жоралғыларымызды болашақ ұрпаққа жеткізу үшін  Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. 

Осы орайда, 18-24 маусым аралығында Түркістан облысынан  30 оқушы  Семей қаласындағы Абай Құнанбайұлының туған өлкесіне саяхаттап  қайтты.

Атап  өтерлігі, «Абай даналығы» жобасы бойынша 1038  мектептен  «Абай әлемі» клубы құрылған. Бүгінде клубқа  20 760 оқушы мүшелікке қабылданған. Облыс көлемінде іс-шара ұйымдастырылып, белсенділігімен ерекшеленген аудан, қаладан  30 оқушы іріктелген болатын.

Танымдық іссапар Абай жатқан қасиетті өлке Жидебайдан бастау алды. Жидебайдағы Абайдың қорық-музейіндегі  құнды жәдігерлермен танысты. Мұнан соң,  Абай, Мұхтар Әуезов,  Бөрлі мұражайларына, Абай, Шәкәрім кесенелеріне, амфитеатрға, Күшікбай ата бұлағы, Еңлік-Кебек кесенесі, Абай ауданындағы Қарауыл ауданындағы Құнанбай Өскенбайұлының ескерткішіне ат басын тіреді.

Шығыс Қазақстанның табиғаты мен мәдениетін, қасиетті жерлерін көріп, патриоттық және азаматтық тәрбие алған оқушылар, ұлы ақынның мұраларымен тереңірек танысу барысында әсерге бөленгендерін жасырмады.

Пікір жазу