Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, аудандық полиция бөлімінің пробация бөлімшесінде, құқықбұзушылық бойынша есепте тұрған азаматтармен өмірге деген құштарлығы мен қызығушылығын арттыру мақсатында психологиялық кеңес өткізілді.
Аталған іс-шараның мақсаты: пробация есебіндегі жастармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық кеңес беру, жастарға ой салу және жасаған қылмысты қайталамауына септігін тигізу. Сондай-ақ спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және өзіне деген сенімін арттыру болып табылады.
Пробация – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі.