Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ШЫМКЕНТ: ЖОЛ, ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ

ШЫМКЕНТ: ЖОЛ, ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ

Шымкент қаласында жол инфрақұрылымын жаңғырту және кеңейту – қала дамуындағы басты басымдықтардың бірі. Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің айтуынша, «Былтыр 270 шақырым жолға асфальт төселсе, биыл 1 000 шақырымнан астам жолға асфальт төсеу жоспарланып, оның 97%-ы қазірге дейін орындалды. Жыл соңына дейін қаладағы барлық қоныстанған елді мекендер толық асфальт жолмен қамтамасыз етіледі», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

А-2 айналма жолының негізгі бөліктерін қайта құру жұмыстары биыл қарқынды жүргізіліп, қала арқылы өтетін транзиттік көліктер үшін қозғалыс жағдайы жеңілдетілуде. Сонымен қатар, қаланың шығыс бөлігін орталықпен байланыстыратын екі ірі теміржол өткелінің құрылысы да белсенді жүріп жатыр. Бұл жобалар қаладағы көлік логистикасын жетілдірумен қатар, апатты аймақтардағы көлік қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді, — деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Возможно, это изображение отдел новостей и текст

Шымкент әуежайын халықаралық стандарттарға сай заманауи мультимодальды хабқа айналдыру үшін жаңа ұшу-қону жолағын салу жұмыстары басталды. Жоба жүзеге асқанда, қаланың транзиттік әлеуеті артылып, өңірлік логистикалық хаб ретінде дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады.

Сонымен қатар, қалада қоғамдық көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары да жүргізілуде. Жол қозғалысын реттеу үшін қосымша жол белгілері мен жарықдиодты бағдаршамдар орнатылып, көлік аялдамалары жаңартылуда. Бұл шаралар тұрғындарға қауіпсіз, ыңғайлы және жылдам қатынау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Қалалық билік сондай-ақ тұрғындарға қолжетімді жол желілерін қамтамасыз ету үшін жаңа көпірлер, жол өткелдері және қалалық магистральдарды жөндеуге ерекше көңіл бөлуде. Жобалар толық аяқталған кезде Шымкент тұрғындары үшін көлік қозғалысы барынша ыңғайлы, қауіпсіз және заманауи стандарттарға сай болады.

© Didarbek.kz

Пікір жазу