Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы (страница 116)

Қала тынысы

ТАҒЫ БІР ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мегаполистегі тағайындаулар басталып кетті. Алғашқылардың қатарында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімі аппаратының басшысы және Абай ауданының әкімі лауазымдары. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы тағайындалды. Гүлжан Мамытқызы еңбек жолын Шәуілдір жолаушылар көлігі мекемесінің кассирі, Қызылқұм аудандық қаржы бөлімінің кіріс есебінің инспекторы қызметтерінен бастаған. Одан кейін Шымкент қаласы әкімшілігінің қаржы бөлімінің инспекторы, бас экономисті, ОҚО білім департаментінде бас маман, Шымкент ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ!

Мегаполистегі тағайындаулар басталып кетті. Алғашқылардың қатарында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімі аппаратының басшысы және Абай ауданының әкімі лауазымдары. Шымкент қаласының әкімінің тағы бір орынбасары тағайындалды. Бұл лауазымға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Бауыржан Мамыталиев орналасты. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Мамыталиев Бауыржан Жаймұрзынұлы тағайындалды. Бауыржан Жаймұрзынұлы МВА дәрежесіне ие, мамандығы — экономист және заңгер. Мемлекеттік органдарда, ...

Толығырақ »

ЕРКЕҒАЛИ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ!

Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы белгілі болды. Бұл тізгінді қолына 2016 жылдан – 2017 жылдың ақпанына дейін ОҚО әкімі аппаратының басшысы болған Еркеғали Әлімқұлов қолға алды. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы лауазымына Әлімқұлов Еркеғали Амантайұлы тағайындалды. Еркеғали Амантайұлы 1981 жылы туылған. Үш жоғарғы білімі бар. 2002 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Кеден ісі» мамандығын, 2005 жылы М.Сапарбаев ...

Толығырақ »

БҰХАРБАЙ ПАРМАНОВ – АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ!

Оңтүстік Қазақстан облысының бір емес, бірнеше аудандарын абыроймен басқарып келген, күні кешеге дейін Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі қызметін атқарған Бухарбай Парманов Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі болып тағайындалды. Қалалық мәслихатының кезектен тыс 33-сессиясында депутаттар Бұхарбай Пармановтың Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі лауазымына кандидатурасын бірауыздан қолдады. Бұхарбай Рысқұлұлы 1962 жылы дүниеге келген, білімі – жоғары. Еңбек жолы 1980 жылы Ленин ауданы Әлішер ...

Толығырақ »

ЖАҢА ҚЫЗМЕТ АБЫРОЙ ӘПЕРСІН!

Мегаполистегі тағайындаулар басталып кетті. Алғашқылардың қатарында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, қала әкімі аппаратының басшысы және Абай ауданының әкімі лауазымдары. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды. Бұл орынды бұған дейін Шымкент қаласы әкімдігінде идеология саласына жетекішілік еткен Қайрат Нұртай қолға алды. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы тағайындалды. Қайрат Ырзақұлұлы мемлекеттік басқару ісінде жоғары тәжірибелі маман. Бұған ...

Толығырақ »

Шымкентте Астана қаласының 20 жылдығына орай гала концерт өтті

Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын шымкенттіктер үлкен қуанышпен қарсы алды. Шілде айы келісімен үшінші қалада  мереке аясында көптеген мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Қала көшелері мен саябақтар тақырыпқа сай безендірілді. Әкімдік қала тұрғындары мен қонақтарын мереке аясында өтетін түрлі бағдарламаларға қатысып, мерекені бірге тойлауға шақырды. Әл-Фараби алаңында Астана қаласының 20 жылдығы мерекесіне орай гала-концерт ұйымдастырылды. Сахна керемет безендіріліп, мерекелік кештің шырайын ашып тұрды. ...

Толығырақ »

Астана мен Шымкент қалаларының әкімдері меморандумға қол қойды

Шымкент қаласының әкімдігі Астана қаласының тәжірибесін еліміздің үшінші мегаполисін дамыту мақсатында қолданады. Бұл жөніндегі меморандумға 1 шілде күні өткен Жібек жолы қалалары мэрлерінің Global Silk Road атты форумында екі қаланың әкімдері Әсет Исекешов пен Ғабидолла Әбдірахымов қол қойды. «100 нақты қадам Ұлт жоспарын» жүзеге асыру аясында қол қойылған құжат екі мегаполистің әлеуметтік-экономикалық салалары, кәсіпкерлік пен әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталып отыр. ...

Толығырақ »

Биыл ҰБТ тапсыру ойдағыдай өтті

Биыл Шымкент қаласында 7987 түлек мектепті тәмамдап, соның ішінде 5446 түлек ҰБТ тапсырды. Соның ішінде 5422 түлек тест тапсыру орнына келген. Биылғы ҰБТ нәтижесі бойынша Шымкент түлектерінің орташа көрсеткіші 83,6 балды құраған. Қалалық білім бөлімінің мамандары осылай деп хабарлап отыр. Солардың арасында 138 балл жинаған екі түлек бар. Олар — Шымкенттегі №35 мектептің түлегі Гүлдана Мейірбек және №23 мектептің 11 сыныбын ...

Толығырақ »

УАҚЫТША ЖОЛ ЖАБЫЛАДЫ -2

Хабарландыру!!! Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! Астананың 20-жылдығына орай, «ҮЗДІК ТҮЛЕК-2018» атты диплом тапсыру іс-шараның өтуіне орай, 4-ші шілде күні сағат кешкі 18:00-ден 24:00-ге дейін, Әл-Фараби алаңымен қиылысатын Асқаров және Бейбітшілік көшелерінің жабылатындығын хабарлаймыз. Шымкент қаласының әкімдігі

Толығырақ »

УАҚЫТША ЖОЛ ЖАБЫЛАДЫ -1

Хабарландыру!!!  Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! «Астана қаласының 20 жылдығы» мерекесіне арналған салтанатты іс-шараны атап өтуге орай, 2018 жылғы шілденің 2-сі күні кешкі сағат 22:00-ден бастап 3-і күні түнгі сағат 24:00-ге дейін, Әл-Фараби алаңымен қиылысатын Асқаров және Бейбітшілік көшелерінің жабылатындығын хабарлаймыз. Шымкент қаласының әкімдігі

Толығырақ »

Шымкентте газ беру уақытша тоқтатылады

Шымкент қаласында қысқы жылу маусымына дайындық  жұмыстары басталып кетті. Шілденің алғашқы күндері Шымкент қаласының бірқатар аумағында табиғи газ беру уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды. Шымкент қаласы тұрғындарының назарына ұсынылған хабарламада қаланың бірқатар аумағында табиғи газ беру уақытша тоқтатылатындығы көрсетілген. Газ құбырларын жылыту маусымына дайындау мақсатында Шымкент қаласының кейбір көшелерінде газ берілу уақытша тоқтатылады. Нақты айтқанда  ...

Толығырақ »

Астана күніне арналған мерекелік кештер (видео)

Астана – еліміздің бас қаласы. Тәуелсіздіктің теңдессіз жауһары — Астана қаласы 20 жылдығы еліміз бойынша кең көлемде аталып өткелі отыр. Осы орайда,  республикамыздың үшінші қаласы Шымкентте Астана қаласының 20 жылдығына орай гала-концерт пен мерекелік іс-шаралардың өткізілуі жоспарлануда. Ал, құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарына дайындалған мерекелік кештерден кеш қалмаңыздар! 3 шілде кешкі сағат 20:00-де Әл-Фараби алаңында Астана қаласының 20 жылдығы мерекесіне ...

Толығырақ »

Бизнесіңізді сақтандырыңыз

«Біз үнемі кәсіпкерлерді« KazakhExport» компаниясымен белсенді түрде жұмыс істеуге шақырып, олардың міндеттерінің бірі банктер экспорттаушыларды несиелендіріп, оның ішінде ұзақ мерзімді несие беру екенін түсіндіріп отырмыз. Кәсіпорындарға кепілдік жетіспеушілігін сезінген жағдайларда, «KazakhExport» компаниясының экспортты сақтандыру қызметін пайдалануға кеңес береміз. Бұл құрал басқа мақсаттарға да арналған – сақтандыру қорғанысы болған жағдайда, несие берудің пайыздық мөлшерлемесін төмендетуге болады, себебі «KazakhExport» банктік несиелерді қамтамасыз ету ...

Толығырақ »

Ұлттық домбыра күнінде қазақтың күйлері күмбірледі

Ұлттық домбыра күнінде қазақтың күйлері күмбірледі. Елімізде бұрын-соңды болмаған жаңа мереке тойлануда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекі­тілген жаңа мейрам – Ұлт­тық домбыра күні жыл сайы­н шілде айының алғашқы жек­сенбісінде аталып өтілетін болады. Биыл бұл мерекенің тұсаукесері 1 шілдеге тура келіп отыр. Қалада Ұлттық мерекеге арналған көптеген мәдени-көпшілік шаралар өтуде. Бүгін Шымкенттегі қоғамдық көліктерде қазақтың күйлері күмбірледі. Абай ауданы әкімі ...

Толығырақ »

КҮЙ КҮМБІРЛЕТКЕН КИЕЛІ ДОМБЫРА

Елбасы Жарлығымен шілденің алғашқы жексенбісі – Ұлттық домбыра күні болып белгіленді. Биыл бұл күн бірінші шілдеге сәйкес келіп отыр. Осыған орай, еліміздің үшінші мегаполисі арнайы дайындығын әзірлеп, Шымқала тұрғындары мен қонақтарын таңғы сағат 10:00-де Асанбай Асқаров атындағы демалыс аймағында орын тепкен дендросаябаққа шақырды. Онда жиналған жұрт бұрын-соңды болмаған мерекелік іс-шараны тамашалауға зор мүмкіндік алды. Ұлттық домбыра күнінің құрметіне өткізілген флешмоб, ...

Толығырақ »

КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХІІ СЕССИЯ ӨТТІ

Шымкент қалалық мәслихатының кезекті XXXII сессиясы өтті. Жиынға қала әкімі Ғабидолла Рахметоллаұлы да қатысты. Күн тәртібінде қала әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай Шымкент қаласының 2017 жылғы бюджетінің атқарылуы есебі жайында баяндап берді. Оның айтуынша, 2017 жылы білім саласына 45,5 миллиард теңге бағытталып, 11414 оқушы ыстық тамақпен, 5483 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерінде демалып, 1650 оқушы «ЭКСПО – 2017» көрмесіне қатысқан. Сонымен қатар, ағымдағы ...

Толығырақ »

Жол құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді

Жуырда ғана республиканың үшінші қаласы атағы берілген Шымкент қаласының  сәулеті, келбеті, тіпті жол құрлысы да үшінші қала атауына лайық болуы тиіс. Бұл жөнінде қала әкімдігі тарапынан біршама  жобалар қолға алынып,  жалғасын табуда. Осы орайда қалалық  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Бөгет көшесінің құрылысы бойынша қоғамдық тыңдау жариялап отыр. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес қалалық ...

Толығырақ »

Шымкентте қорғасын зауытының мұнарасы бұзылатын болды

Кеңес заманында Шымкенттегі ірі үш өндіріс орнының бірі болған  қорғасын зауытының аумағында құлауға шақ қалған ескі мұнара бұзылатын болды. Бұрынғы қорғасын зауытының мұнарасын бұзуға әкімдік тарапынан конкурс жарияланды. Ескі мұнаралар мердігер мекеме анықталған сәтте бұзылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Осы орайда Шымкент қаласының әкімдігі бұрынғы қорғасын зауытының үш мұнарасын бұзу үшін мемлекеттік сатып алу туралы тендер ...

Толығырақ »

ЕҢ ҮЗДІК ӨНІМДЕРДІҢ КӨРМЕ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

Бүгін Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында Астананың 20 жылдығына орай «ӨҢІРЛІК өнімдері-2018» үздік тауарлардың көрме-жәрмеңкесі бастау алды. Облыс және қала өндірушілерін насихаттау мақсатында өткен жәрмеңкеде өңірде өндірілетін тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл және құрылыс өнеркәсіптерінің жүздеген тауарлары ұсынылды. Көрмеге Шымкент және Түркістан облысының 200-ден астам тауар өндірушілері мен Қазақстанның басқа аймақтарынан келген тауар өндірушілер қатысуда. Аталған шараға алғаш рет костюмдер ...

Толығырақ »

Сапалы өнім

Бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» индустриалық аймағында  ірі кәсіпорындар көбейіп келеді. Оған өңіріміздегі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының қосып отырған үлесі қомақты. Қазіргі таңда «Биік Белес» ЖШС-і асфальт, бетон өнімдерін шығаруды қолға алған. Өндіріс орны сағатына 180 тонна асфальт-бетон шығаратын кореялық «SPECO” зауыты бар. Онда 5 түрлі асфальт-бетон түрлері өндіріледі. Аталған кәсіпорында өндірілген асфальт құрылысқа пайдаланылмас бұрын 6 сатыдан тұратын зертханалық тексеруден өтеді. Жоғары, ...

Толығырақ »

Заманауи зауыт темір-бетон бұйымдарын өндіруде

Шымкент қаласында бүгінде құрылыс қазаны қайнап тұр. Үшінші қалада күн санап зәулім үйлер мен ғимараттардың қатары көбеюде. Оған үлес қосып жатқан өнідіріс орындарының жұмысы да қызу. Өңірдегі «Қазақстандық темір-бетон бұйымдары» ЖШС өткен жылдың қаңтар айынан бастап өнімдерін өндіре бастаған болатын. Қаладағы индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының табысты жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі осы кәсіпорын болып табылады. Аталмыш кәсіпорында орнатылған құрал жабдықтың басым ...

Толығырақ »

Жас буынның идеясы тың

М.Әуезов атындағы ОҚМУ жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің химия-технологиялық, кәсіптік білім, өнер және қызмет көрсету мамандықтары бойынша Оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті. Отырыста білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша өзекті мәселелері қарастырылды. Пәндерді оқытудың инновациялық әдістерін жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар жасалды. Отырысқа  Қазақстанның 12 жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Байқау өткізілді. Дипломдар мен сертификаттар тапсырылды. Бұдан былай студенттерге де несие алуға құқық ...

Толығырақ »

Шымкенттің кілем өнімдеріне деген сұраныс жоғары

Шымкенттегі «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кілем өнімдерін шығаратын «Бал Текстиль» ЖШС-гі бүгінде кілем өнімдерін сату үшін алыс және жақын шетел өкілдерімен байланыс орнатқан. Енді фабрика басшылары таяуда Еуропадағы әріптестік байланысты нығайтып, текстиль өнімдерін Қытай нарығына шығаруды жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда фабрика өнімдері Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Ресей, Ұлыбритания, Германия және Францияға экспортталады. Ірі шетелдік тапсырыс берушілер саны 20-дан астам. Кәсіпорында кілем, ...

Толығырақ »

Шымкентте керамика өндірісі өркендеуде

Шымкент қаласында керамограниттің өндірісімен айналысатын «Зерде-Керамика» кәсіпорны бар. Мекемеде 140 қызметкер автоматтандырылған италияндық қондырғылармен жұмыс істейді. Ондағы шикізаттың 60 пайызы отандық өнім. Бүгінде елімізде баламасы жоқ зауыт өніміне сұраныс жыл сайын артып келеді. Жыл соңына дейін кәсіпорынның екінші желісін іске қосып, өнім көлемін 2 миллионнан 4,5 млн шаршы метрге арттырмақ.  Айта кетейік, кәсіпорын өнімі СТ-KZ сертификатына сәйкес, барлық еуропалық талаптарға ...

Толығырақ »

СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ

Шымкент қаласының әкімдігі және Білім бөлімінің бастамасымен Қазақстан Республикасының Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің 2016 жылдағы «Балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлықтарының алдын алу бойынша 2019 жылға дейінгі жол картасын» жүзеге асыру бағытында бүгінгі күні Шымкент қаласында үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап «Жасөспірімдер арасында денсаулық және өмірлік дағдыларды қалыптастыру және суицидтің алдын алу» бағдарламасы өз жұмысын бастаған болатын. ...

Толығырақ »