Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 22.05.2020

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ТЕГІН ТАСЫМАЛ ЖАСАЙДЫ

Түркістандағы қоғамдық көліктер Ораза айттың алғашқы күнінде жолаушыларды діттеген жеріне тегін жеткізбек. Қалалық әкімдік қолдауымен «Жолаушы» ЖШС жасағалы отырған қайырымдылық іс карантин режиміне байланысты таңертең және кешкі уақыттарда көрсетіледі. Яғни, таңғы 7.30-9.30 және кешкі 18.00-20.00 аралығында 125 қоғамдық көлік қатынас жасайды. Жалпы, мұндай қайырымдылық шара мекеме тарапынан алғаш рет қолға алынып отыр. Басшылық елдегі жағдайды ескере отыра, халыққа демеу ретінде, ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРС ЖАРИЯЛАНДЫ

Республикалық маңызы бар қала ретінде Шымкент қаласының бас жоспары тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі халықаралық конкурсқа қатысуға ниет білдірушілерден өтінім қабылдау басталды Басты мақсат — Республикалық маңызы бар қала мәртебесіне сәйкес Шымкент қаласының бас жоспары тұжырымдамасының тұжырымдамалық қала құрылысы, сәулет шешімдері мен идеяларын қалыптастыру болып табылады, нәтижесінде 2050 жылға дейін қаланың аумақтық дамуы бойынша сапалы шешімдер қабылдауға алып келеді. Конкурсты өткізу мерзімі ...

Толығырақ »

БАЗАРЛАР САНИТАРЛЫҚ ТАЛАБЫН САҚТАЙ МА?

Базарларда қалың халық, қызу сауда жүргізуде. Бірақ, санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Бұл өз кезегінде аты жаман індеттің таралуына тосқауыл болады. Шымкент қаласына қарасты Абай аудандық әкімдігі мониторинг жүргізіп, жалпыға ортақ міндеттің орындалу барысын бағамдап қайтты. Халық арасында «Крытый рынк» аталған «Жабық базарда» бүгінде жұмыс қызу жүріп жатыр. Сатып алушысын тапқан орталықта халықтың нөпірі үзілмегендіктен санитарлық талапта сәйкесінше сақталуы тиіс. ...

Толығырақ »

БҰРЫШТАРДЫ ӨЗЕКТЕНДІРУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы А.Шілмановтың модераторлығымен Түркістан облысында орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсететін бұрыштарды» өзектендіру бойынша жиналыс өтті. Жиынның мақсаты — мемлекеттік қызмет жүйесін электрондық форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету. Карантин талабына сәйкес, маскалық режімде өткен басқосуға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Е. Жеңісбеков, Облыстық цифрландыру, мемлекеттік ...

Толығырақ »

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ – ӘРБІР МЕКЕМЕНІҢ МІНДЕТІ

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше қажеттілігі бар адамдарға тең мүмкіндіктер жасау туралы тапсырмасының орындалуы бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен бейне байланыс арқылы мәжіліс өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта құру мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар жайын баяндаған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Қасымбек Сайлауов осы жылы қалада 37 014 мүгедек жан есепте тіркелгенін айтып ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА 14 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛГЕН

Түркістан облысы аумағында 2020 жылдың 5 айында жергілікті Орман шаруашылығы жерлерінде 14 өрт оқиғасы тіркелді. Орман шаруашылығына келтірілген материалдық шығынның жалпы соммасы – 802,2 мың теңге шамасында. Орман өртінің көлемі – 2347,8 га орманды алқабы – 287 га, ормансыз алқабы – 2060,8 га. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығының орынбасары Асанғали Төлепбергенов ...

Толығырақ »

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 31 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 31 адам тіркелді (21.05.2020 жылғы мәлімет бойынша). ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 31 Шымкент қаласы тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды: 14-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым — қатынаста болған, 5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, 12-і скрининг нәтіжесінде анықталған. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БҰРЫШТАРЫ АШЫЛДЫ

Шымкенттегі мемлекеттік органдар мен оқу орындарыны ғимараттарында egov.kz электрондық үкімет порталының бұрыштары пайда болды. Енді тұрғындар қаладағы 315 өзіне-өзі қызмет көрсету аймағынан электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алады. Әр сектор қажетті құралдармен жабдықталған, келушілер электрондық үкімет порталы мен басқа да мемлекеттік ресурстарға кіре алады. Мекенжайыңызға жақын орналасқан секторларды 2gis бағдарламасы арқылы табуға болады. Бұл қызмет түрі «Азаматтарға арналған үкіметтің» ...

Толығырақ »

ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы балабақша, монша мен апатты жағдайдағы жатақханада тұрған 28 отбасына жаңа ықшам ауданнан баспана салынатын болды. Бұл туралы Үкімет Басшысы Асқар Мамин бүгін су алған ауылдарға келген жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі. Бос тұрған ғимараттарды еш құжатсыз пана қылып келген жандар енді жаңа баспанаға ие болады. ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМГЕ ӨТІНІМ БІЛДІРГЕНДЕР САНЫ 30 МЫҢНАН АСТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын. – Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында communal-komek.kz сайты іске қосылған. Онда әрбір азамат өзінің ЖСН, әлеуметтік мәртебесін және жеке шоттарын енгізе отырып, өтінім бере алады. Жалпы 21 сәуірден бастап бүгінгі таңға дейін 30 ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 7 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҮЛЕК ҰБТ ТАПСЫРУҒА ОНЛАЙН ӨТІНІШ БЕРГЕН

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы бойынша онлайн режимде жиын болып өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. ҰБТ тапсыру кезінде мектеп түлектерінің денсаулығы басты назарда екенін айтқан қала басшысы тестілеу өткізу кезінде санитарлық талаптар мен санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейтуге айрықша назар аударуды тапсырды. Жиында Ұлттық бірыңғай тестілеудің дайындық барысы туралы баяндаған білім басқармасының басшысы ...

Толығырақ »

КАРАНТИН РЕЖИМІН САҚТАМАҒАНДАРҒА ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

Карантин режимін бақылау үшін Абай ауданы бойынша жергілікті полиция қызметі, әкімдік мамандары, көрсетілетін қызметтер мен тауарлардың сапасын бақылау басқармасы мамандары, Шымкент әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы қызметкерлерімен бірге жұмысшы топ құрылған. Бүгінгі таңда аудан аумағындағы жұмыс істеп тұрған 132 кәсіпкерлік нысанды жауапты мамандар аралап, олардың 37-не ескерту беріліп, түсініктемелері алынды. Құрылған жұмысшы топ 4 кіші топқа бөлінген, ауданның төрт бағытында жұмыс атқаруда. ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ЧЕЛЛЕНДЖ ЖОЛДАДЫ

4 маусым – ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы «Көк тудың желбірегені» атты видео-challenge жолдады. Аталған орталық бұл челлендж арқылы ел тұрғындарының Отанымызға деген махаббатын көрсетіп, рәміздер мәртебесін тағы бір арттыруын қалайды. Челленджге қатысушылар қазақ эстрадасының әншісі Ибрагим Ескендірдің орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнін орындап, #көктудыңжелбірегені2020 хэштегі мен @resurstyq_ortalyq деп белгілеп, әлеуметтік желіге видео жүктеуі қажет. ...

Толығырақ »

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында түсіндірме жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Әл-Фараби ауданында орналасқан коммерциялық нысандарының иелерімен және халық арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігердің 2020 жылғы 17 мамырдағы №17 қаулысына сәйкес індеттің таралуына жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстары қарқынды түрде жүруде. Аталған мониторингтік топ (аудан әкімі аппараты, аудандық полиция және тауарлар ...

Толығырақ »

ТҮЛЕКТЕР ЖАРАДЫ

Түлкібас ауданының орталығындағы Абай атындағы мектеп-лицейінің 2000 жылы мектеп бітірген түлектері көпбалалы мұқтаж отбасыға аудан орталығынан 5 бөлмелі үйді сыйға тартты, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Баспаналы болған Хажібековтер отбасы көп жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүргенін айтып, қасиетті Рамазан айында 20 жылдығын өткізген түлектердің сыйына алғысы шексіз екенін жеткізді. Бүгінгі күнге дейін аудан ...

Толығырақ »

МАМИН МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Мақтаарал ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысын, сондай-ақ Түркістан қаласында инфрақұрылымның салынуын тексерді, деп жазады Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мақтаарал ауданында Үкімет басшысы тұрғындармен кездесулер өткізіп, Нұрлыжол және Өргебас ауылдарындағы қираған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстарының барысымен, сондай-ақ Мырзакент ауылында су тасқыны салдарынан зардап шеккен Жеңіс, Жаңатұрмыс, Достық ...

Толығырақ »

«БАДАМ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫН АРАЛАДЫ

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында орналасқан «Бадам» қазақ-түрік индустриалды аймақтың құрылысы 2012 жылы басталған болатын. Бүгін онда жалпы инвестиция қаражаты 4,6 млрд. теңгені құрайтын 4 өндіріс орны жұмыс істеуде. Сонымен қатар, іргелес жерде аталмыш индустриалды аймақтың инфрақұрылымын пайдаланатын 4 кәсіпорын орналасқан. Олардың инвестиция соммасы 20,7 млрд. теңгені құрайды. Алайда, қазіргі уақытта қолданыстағы инфрақұрылым қуаттылығы жұмыс істеп тұрған зауыттардың сұранысын жабу үшін ...

Толығырақ »

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 87 ПАЙЫЗЫ САҚТАНДЫРЫЛҒАН

Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі қаралды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қала әкімі М.Әйтеновке денсаулық сақтау басқармасының орынбасары А.Бекбауова баяндады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта Шымкент қаласындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне бекітілген халықтың саны 900 мыңнан асады. Яғни, жалпы тұрғындардың 87 ...

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентіндегі құрылыс алаңы дезинфекцияланды. Бұл шаралар әртүрлі инфекциялық аурулардың ел ішінде таралуын болдырмау және далалы жерде кездесетін қан сорғыш жәндіктерді жоюға бағытталған. Бұл туралы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Гаухар Сәулебекова мәлімдеді. «Қазіргі таңда Мырзакент кентінде жаңадан елдімекен бой көтеріп, онда 500-ден астам үй салынып жатқаны баршаға белгілі. ...

Толығырақ »

ИГІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ

Өңірімізде мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіп ашатын шаруалар қатары көбеюде. Мәселен, «Игілік» бағдарламасымен несие алып, мал өсірумен айналысатын тұрғындар саны артуда. Соның бірі, Түлкібас ауданына қарасты Қараағашты ауылының тұрғыны Талғат Айдарқұлов. Жылқы өсірумен айналысатын кәсіпкер «Игілік» бағдарламасы аясында кәсібін кеңейткен. Мемлекеттік қаржы ұйымдарының қамқорлығының арқасында ауылда  мал айдаған қазақтың қарасы көбейді. Мал бордақыланып, елде ет өндіру әлеуеті артты. Ауданда несие берудің ...

Толығырақ »

СТАТИСТИКА ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  Шымкент қаласы Статистика Департаменті басшысының орынбасары және әдеп жөніндегі уәкілі Жабаева Меруерт Болатқызы онлайн сұхбат берді Сұхбат барысында әр жылдың соңында Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика Министрінің бұйрығымен келесі есептік жылға статистикалық жұмыс жоспары бекітілетініні жайында мағлұмат берді. 2020 жылдың арнайы статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес, Шымкент қаласының статистика департаменті бойынша статистикалық нысананың жалпы саны 143-ті ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ЖАҒДАЙЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Бүгін, «ADAL KOMEK»  жобасы аясында Түркістан облысы, Ордабасы ауданы әкімі Тұрашбеков Нұрбол Әбдісаттарұлы «Әлеуметтік көмек және мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілетін жеңілдіктер бойынша» тақырыбында тікелей эфир арқылы сұхбат берді. Жалпы Ордабасы ауданы бойынша 2020 жылдың 21 мамырына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 735 отбасының 4031 адамына 97 473,7 мың теңге тағайындалып, толығымен төленді ал, 2020 жылдың ІІ тоқсанына барлығы 744 ...

Толығырақ »

АҚЖАУЛЫҚТЫ АНА АЛҒЫСЫН АЙТТЫ

Түркістан облысы полицейлеріне ақжаулықты ана алғысын айтты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мамыр айының 2-сі күні алаңсыз үйінде шәй ішіп отырған Мақтаарал ауданы Жеңіс ауылының тұрғыны Айсұлу Молдабековаға екі бірдей ұлы қайта-қайта келіп, ауылды су басайын деп жатқанын ескертіп, алып кетуге тырысады. Алайда, анасы балаларының сөзіне сенбей, үйінде қалып қояды. Осы кезде жергілікті Мақтаарал аудандық полицейлері ...

Толығырақ »

CALL-ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Түркістан облысында Армениядан әкелінген көлік құралдарын тіркеуге арналған сұрақтар үшін Call-орталық ашылды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысының Полиция департаментінде Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу шарттары туралы барлық қажетті ақпаратты алу үшін Колл-орталық құрылғанын хабарлаймыз. Байланыс телефоны: 8-725-33-58637 және 8-775-582-17-13. Жұмыс кестесі күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін. Облыс аумағында орналасқан МХҚКО-ның мекен-жайлары: 1. Түркістан МХҚКО ...

Толығырақ »

ЖИЫРМАҒА ЖУЫҚ ҚАРУ АЛЫНДЫ

Түркістан облысында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде тұрғындардан 20-ға жуық қару алынды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің бұйрығы негізінде облыс аумағында 20-22 мамыр аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған алдын алу іс-шарасының 2 күнінде тәртіп сақшыларымен 18 дана қару, оның ішінде 17 аңшы қару мен 1 травматикалық тапанша ...

Толығырақ »