Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Жақсылар, дастан айтайын…

Жақсылар, дастан айтайын…

«Жақсылар, дастан айтайын…». Осындай айдармен өткен ІІ аймақтық жас жыршылар байқауы өз мәресіне жетті. Мектеп оқушылары арасында өткен сайыс Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік Унивеситетінің –мәдениет орталығында ұйымдастырылды. Үміткерлер қазақ тарихындағы батырлар жырын жатқа айтып, іріктелді. Бұл туралы On’tu’stik телеарнасына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Оңтүстік Қазақстан»  газеті ұйымдастырып отырған бұл жоба  республика көлемінде кеңінен қолдау тауып, өзге өңірлерде де дәстүрге айналған. Жобаның мақсаты — рухы мықты, намысты, қайсар ұрпақ  тәрбиелеу. Өскелең ұрпақты қазақ халқының рухани құндылықтарына сусындатып, отансүйгіш етіп өсіру. Жасөспірімдер былтыр «Қамбар батыр» жырын жатқа айтудан жарысса, биыл «Алпамыс батыр жырын» жаттады.

Байқауда бас жүлде алған шәкіртке 200 мың теңге көлемінде сыйақы табысталды. Қалған жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен олардың ұстаздарына да бағалы сыйлықтар тапсырылады.

Пікір жазу