Басты бет » Қала тынысы » КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 31 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 31 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 31 адам тіркелді (21.05.2020 жылғы мәлімет бойынша).

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 31 Шымкент қаласы тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды: 14-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым — қатынаста болған, 5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, 12-і скрининг нәтіжесінде анықталған. Тиісінше барлығы инфекциялық стационарға жатқызылған.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым  -қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

21.05.2020 жылы қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 539 адам анықталды.

Жалпы, медицина мамандарының айтуынша карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады. Айтап айтқанда қолды жиі сабындап жуу, медициналық маска тағып, оны екі сағат сайын ауыстырып отыру, адам көп жиналған жерлерге бармау, жуылмаған жеміс-жидектерді, шикі сүт өнімдерін, шала піскен ет тағамдарын жемеу.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*