Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » ТҮРКІСТАН: КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҚР Президентінің 2021 жылғы 5 ақпандағы №504 Жарлығы бойынша Түркістан қаласында жалпы саны 55 ана, яғни 7 ана Алтын алқамен, 48 ана Күміс алқамен марапатталды.
Жалпы, 6 баласы бар аналар Күміс, ал 7 баласы бар аналар Алтын алқаға ие болады.
Алтын,күміс алқа алу үшін:
— Ананың жеке куәлік көшірмесі -2 дана
-Әкенің жеке куәлік көшірмесі – 2 дана
— Неке қию немесе неке бұзу туралы куәлік көшірмесі немесе әкетану – 2 дана
— Күміс алқа құжатының көшірмесі – 2 дана
— Балаларының құжат көшірмесі 2 данадан; Олар: жеке куәлік көшірмесі, туу туралы куәлік көшірмесі, ЖСН көшірмесі.
— Егер қызы тұрмысқа шығып, тегін ауыстырса неке қию туралы куәлік көшірмесі – 2 дана;
— Балалардың оқу орнынан немесе жұмыс орнынан анықтама (түпнұсқа);
— Салық комитетіне балаларын тіркету.
Айта кетерлігі, ана мен кәмелетке толмаған балалары бір мекенжайда болуы керек және мәлімет барлығы бір мекен жайда тіркелген деген түп нұсқа құжаты қажет. Сонымен қатар, анасы немесе баласына іс қозғалған жағдайда, соттың шығарған шешімінің көшірмесі – 2 дана керек.
Алтын алқаға тапсыруға да осы құжаттармен қатар, Күміс алқа көшірмесі сұралады. Және де барлық балалары тірі болуы және соңғы баласы бір жасқа толған болу қажет. Егер де, төтенше жағдай кезінде бір баласы белгілі бір азаматты құтқару мақсатында қайтыс болса, Төтенше жағдайлар департаменті немесе басқармасынан дәлелдейтін анықтама сұралады.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу