Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мәжіліс өтті. Жиынға екінші деңгейлі банк өкілдері, «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы», «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры өкілдері қатысты.
Кездесу аясында Рашид Абатұлы өз сөзінде кәсіпкерлердің кіріс-шығыс есебін беруге арналған арнайы үлгі болу қажеттігін айтып, банк басшылығынан бланк жасау үшін өз ұсыныстарын айтуды сұрады. Яғни, көптеген құжаттар тізімі емес, арнайы бланкада көрсетілген ақпарат бойынша мағлұмат беру арқылы ыңғайлы жағдай қалыптасады.
Жоба арқылы өңдеу өнеркәсібі, ауылшаруашылығы мен туризм саласы т.б салаларға екінші деңгейлі банктерде 6% жеңілдікпен несие беріледі. «Бизнесті қолдау және туризм бөлімі» басшысы Гүлжамал Даханованың сөзінше, жоба іске қосылғалы бірқатар жұмыстар жүзеге асқан. Атап айтқанда, жобалық кеңсеге Түркістан қаласынан 21 жоба ұсынылған. Оның 8-і туризм, 6-ы тамақ өндіру, 3-і жеңіл өнеркәсіп, 2-сі білім саласы жобасы, 1 жоба медицина саласы бойынша. Қазіргі таңда бір жоба мақұлданып тағы 3 жобаның құжаттары екінші деңгейлі банктердің қарауында тұр. Және 9 жобаның банкке құжаттары ұсынылса, 4 жобаның бизнес жоспары әзірлену үстінде.
@DIDARBEK.KZ

Пікір жазу