Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

САЙРАМ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Сайрам ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушысы Ш.Убайдуллаевтың 2022 жылғы 24 қарашадағы өкімімен Сайрам аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы лауазымына Нұрлыбаев Мәди Абайұлы тағайындалды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Осыған байланысты, аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев жаңа басшыны аталған бөлімнің ұжымына таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Айта кетелік, Мади Нурлыбаев бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Түркістан облысының Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылында 1990 жылы туған.
Білімі — жоғары. 2012 жылы Алматы қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығын оқып бітірген.
Алғашқы еңбек жолын 2012 жылы Қазығұрт ауданындағы Қызылқия ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-мал дәрігерінен (арнайы тексеруден өткенге дейін еңбек шарты негізінде) бастаған. Осы жылы аталған ауылдық әкімі аппаратында жетекші маман-мал дәрігері болып жалғастырды.
2012-2013 жылдары Сайрам ауданының Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман салық-жер инспекторы статисті болып, еңбек етті.
2013-2015 жылдары аудан әкімінің көмекшісі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы болды.
2015-2017 жылдары Қарасу ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2017-2021 жылдары аралығында аудан әкімі аппаратының әкімшілік және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерін басқарды.
2021 жылдың 29 наурызынан бастап ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы қызметін атқарып келген.

Пікір жазу