Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «КҮЗ – МЕРЕКЕМ, КҮЗ — БЕРЕКЕМ»

«КҮЗ – МЕРЕКЕМ, КҮЗ — БЕРЕКЕМ»

Түркістан төрінде өткен «ALTYN KÚZ — 2022» салтанатты мерекелік іс-шарасына қатыстым.
Іс-шарада облыс әкімі Дархан Сатыбалды тарапынан күзгі жиын-терімнің қорытындысы жасалып, ауылшаруашылығының негізгі жетістіктері аталып, ауыл еңбеккерлері мен басшыларды марапаттау рәсімі өтті.
Олардың ішінде Сайрам ауданы ауыл шаруашылығында өнім көлемі және сапасы жағынан ең жоғары көрсеткіштерге ие болып, үздіктер қатарынан көрінді.
Мен мемлекеттік қызметте салалардың ішінде ауыл шаруашылығы саласына жетекшілік етемін. Осы салада мемлекеттік қолдаулар көрсету, жаңа өзгерістер енгізу, инвестиция тарту, кәсіп ашу, екі өнім алу мақсатында өнімділікті арттыру бағытында жұмыс жүргізіледі.
Ауданның әлеуметтік-
экономикалық дамуына септігін тигізетін негізгі сала — ауыл шаруашылығы. Бүгінде түрленген, ілгері дамыған. Әсіресе, аудан ет өнімдерін экспорттаудан республика бойынша бірінші орынды алады деп айтқан артық айтқандық емес. Жылдан жылға үй іргесіндегі отбасылық шаруалардан бастап үлкен мал бордақылау алаңдары ашылып, олардың саны артуда.
Қысы-жазы шаруаларымыз, диханшыларымыз бен кәсіпкерлеріміз тыным таппай, жан салмай еңбек етеді. Бұл біздің еңбекқор жерлестеріміздің нағыз жетістігі деп білемін.
Олай болса, барша ауыл шаруашылығының жанқиярлық еңбектерінің арқасында аудан биыл екінші жыл қатарынан бірінші орынды иеленіп, марапатқа қол жеткізді. Сайрам халқы үшін қуанышты жағдай, табысты жыл болып отыр.
Тұрғындарды айтулы жетістіктермен құттықтай отырып, кәсіптеріңізге нәсіп берсін! Әруақытта мол өнімге қол жеткізе берейік! Ауданның игілігі үшін ауызбірлігімізді сақтап, еңбегімізді жалғастыра берейік!
Ш.Убайдуллаев, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары.

Пікір жазу