Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » Қазығұрт: жылыжай шаруашылығын дамыту мақсатында жиын өтті

Қазығұрт: жылыжай шаруашылығын дамыту мақсатында жиын өтті

Жылыжай шаруашылығын субсидиялауға қойылатын талаптар мен жылыжайларды стандарттау бағытында жергілікті шаруашылық иелеріне түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда.
Биыл, жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында жылыжай шаруашылығын субсидиялауды қолға алып отыр.
Бұл жөнінде жылыжай шаруашылығымен айналысатын шаруаларға үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп келеді. 2023 жылдың тамыз айында Қазығұрт ауылының орталық «Мәдениет үйінде» аталған тақырыпта аудан шаруаларымен үлкен жиналыс болып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын.
2023 жылдың 13 қазан күні және жылыжай шаруашылығы дамыған Тұрбат ауылының «Мәдениет үйінде», аталған тақырыпта шаруалармен түсіндірме жиналысы өткізілді.
Жиналысты жүргізген аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрбай Қалдыкөзов пен «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» Оңтүстік филиалының бөлім басшысының орынбасары Сакен Тулеев «Жылыжай шаруашылығын субсидиялауға қойылатын талаптар мен жылыжайларды стандарттау» ережесін толыққанды түсіндіріп өтті.
Аталған тақырыпқа байланысты шаруалар түрлі түйткілді сұрақтарын қойып, қойылған сұрақтардың жауаптарын алды.

Пікір жазу