Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазығұрт » МОНИТОРИНГТІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

МОНИТОРИНГТІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев фермерлер қауымдастығымен бірге агроөнеркәсіп кешенін қолдаудың тәсілдерін қайта қарау керектігін айтқан болатын. Еліміздің қай өңірінде болсын күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік түрлерінің бағасы негізсіз өсетін болса, бұл жағдай тұрғындардың наразылығын туғызуы әбден мүмкін. Мұның алдын алу үшін Қазығұрт ауданында бірқатар кешенді шаралар белгіленді. Бұл іске ауданда құрылған жұмысшы топ мүшелері белсене қатысып жүргенін де айта кетелік.
Қазығұрт ауданы аумағындағы азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша құрылған жұмысшы топ құрамымен бірге, аудан орталығындағы «Ешанқұл ата» орталық базары мен сауда нүктелеріне мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңға, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы Мемлекет басшысының тікелей бақылауындағы маңызды мәселе.
Яғни, Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын шекті рұқсат етілген мөлшерінен асқан жағдайда, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және 2004 жылғы 12 сәуірдегі №544 «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңына сәйкес әр бір сауда нүктелерінің иелеріне Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына рұқсат етілген шекті бағаларының сақталуын қамтамасыз етуді және шекті мәнінен асқан жағдайда заң аясында айыппұл салынатындығы жөнінде толыққанды ақпарат жұмыстары түсіндірілді.

Пікір жазу