Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТЫҢ ҚАЙЫРЫМЫ МОЛ

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТЫҢ ҚАЙЫРЫМЫ МОЛ

Соңғы жылдары кәсіп ашып, нәсібін көрсем дейтін азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бағдарламаға атаулы әлеуметтік көмек алатын, «Бастау бизнес » жобасы бойынша оқу курсынан өткендер, қандастар және мүмкіндігі шектеулі жандар қатысқан. Оның басым көпшілігі тігін шеберханасын, кондитерлік өнімдер шығаруды қолға алған. Әрине, грант алуға өтініш білдіргендердің ішінде түрлі бағыттағы идеясын жүзеге асыруды ойластырғандар да көп. Солардың бірі Баймуратов Зухриддин Баймуратович қайтарымсыз гранттың қаражатына қажетті құрал-жабдықтарын алып, пластик есік-терезе жасау цехін ашқан.
— Әлеуметтік желіден Мансап орталығының хабарландыруын көріп, орталыққа бардым. «Enbek.kz» сайтында жұмыссыз ретінде тіркеліп, онлайн оқу оқып, сертификат алдым. Бизнес жоспарым комиссия отырысында оң шешімін тауып, грант жеңіп алдым,- дейді грант иегері.
Бұл, әрине, қайтарымсыз грант алып, кәсібін дөңгелетіп отырғандардың бірі ғана. Ал бағдарлама аясында жоспары жүйелі, мақсаты айқын азаматтар көп.

Пікір жазу