Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 501)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

МЕЙІРЛІ ЖАНДАРДЫҢ МЕРЕКЕСІ 

Шымкент қаласындағы облыстық Опера және балет театрында халықаралық мейірбикелер күніне арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара барысында сала үздіктері облыс әкімінің, облыстық мәслихат пен «Нұр Отан» партиясының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Бұдан бөлек, 11 медицина саласының қызметкеріне «Ең үздік медбике» номинациясы беріліп, бағалы сыйлықтар табысталды. Бұл күні елуге жуық азамат айрықша құрметке ие болды. Жиынға қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі ...

Толығырақ »

БОЛАТБЕК ДҮЙСЕНБЕКҰЛЫ МӘЛІМДЕЙДІ

Шардара су қоймасы жағалауындағы туризм саласын дамыту бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта 255 гектар аумақта 60 нысан құрылысы жүргізіледі. Атап айтқанда, қонақ үйлер, яхт клуб, ресторандар, аңшылар және балықшылар үйі, аквапарк сынды ғимараттар бой көтереді. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауов мәлім етті. Аудан басшысының айтуынша, туристік аумаққа тартылатын инвестиция көлемі ...

Толығырақ »

ОТЫРАРДА «ОТЫРАР ТАЛАНТТАРЫ-2018» ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын насихаттау және Астана қаласының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған дәстүрлі «Отырар таланттары -2018» VІІ халық өнер фестивалінің екінші іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Аудандық өнер додасының мақсаты- жергілікті мәдениет мекемелерінің жұмыстарын насихаттау, келешек ұрпақты салауатты өмір салтына бейімдеу, ел ішіндегі талант иелерін анықтап, олардың шығармашылығына қолдау көрсету , жастар арасында халқымыздың ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАРАЗДЫҢ ҚҰЙМА КЕРАМИКАСЫ» АТТЫ КӨРМЕ АШЫЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ортағасырлық Тараздың құйма керамикасы» атты жылжымалы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрменің мақсаты — өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту және мұражайлар ісін дәріптеу, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы құнды жәдігерлерді насихаттау. Аталған шараға Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ...

Толығырақ »

Түркістанда «Ауыл – рухани жаңғырудың қайнар бұлағы» фестивалі өтуде

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын кеңінен насихаттау аясында Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ауыл – рухани жаңғырудың қайнар бұлағы» атты ауыл өнерпаздарының өнер фестивалі өтуде. Аталған өнер додасы Жаңа Иқан ауылдық мәдениет үйінде жалғасын тауып, ақсақалды қариядан ең жас дарынына дейін салт-дәстүрлерді дәріптеп, түрлі жанрдағы өнерлерді ортаға салды. Сонымен қатар, халық өнегесін үйрету мақсатында қолөнер шеберлері ...

Толығырақ »

ОРМАН, ДАЛА ӨРТТЕРІНЕ ҚАРСЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен орман, дала өрттерін сөндіру бойынша орман шаруашылығы мекемелерінің өзара іс-қимылын пысықтау мақсатында тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Е.Тасжүреков және төтенше жағдай қызметі мен қоршаған ортаны қорғау мекемесінің өкілдері қатысты. Алдын ала әзірленген бағдарлама бойынша Ордабасы ауданында тұтанған өртті сөндіруге арналған жедел әрекет жасалды. Атап айтқанда, ...

Толығырақ »

Абай ауданының «Мәдениет-ұлттық рухымыз» атты Кентау қаласындағы күндері өткізілді

Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында және ел ордасы Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай Шымкент қаласы Абай ауданының «Мәдениет-ұлттық рухымыз» атты Кентау қаласындағы күндері өткізілді. Іс-шара барысында Кентау қаласының тұрғындарына арналған концерттік бағдарламалар қойылып, ауданымыздағы қолөнер шеберлері бұйымдарының көрмесі, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Кентаулықтарды Шымкенттен келген қолөнершілердің туындылары ерекше қызықтыруда. Мұнда ...

Толығырақ »

ТОҚЫМА ӨНЕРКӘСІБІНЕ АРНАЛҒАН ӨЗБЕКСТАНМЕН БІРЛЕСКЕН КӨРМЕ ӨТУДЕ

Бүгін Шымкент қаласында «Оңтүстік Қазақстан-Өзбекстан» тоқыма өнеркәсібі өнімдерінің көрмесі басталды. Көрмеге тоқыма, киім және теріден жасалған өнімдер, фармацевтика, жиһаз, сувенирлер, спорттық тауарлар мен ойыншықтар өндіретін оңтүстікқазақстандық және өзбекстандық 60-қа жуық кәсіпорындар қатысуда. Бауырлас халық арасында ұйымдастырылған көрме жұмысымен облыс әкімі Ж.Түймебаев танысып, екі елдің өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының және сауда — экономикалық байланысының бұдан әрі дами түсетініне сенім білдірді. Екі күнге ...

Толығырақ »

ОҚО ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ТЕАТРДЫҢ ӨНЕРІН ТАМАШАЛАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының театрларында Өзбекстан елінің өнер майталмандары өз өнерлерін паш етті. Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының жылына орай Өзбек ұлттық академиялық драма театрының әртістері өңіріміздің тұрғындары үшін 10-14 мамыр күндері аралығында түрлі жанрдағы қойылымдарды ұсынбақ. Оңтүстік Қазақстандағы мәдени күндерінің шымылдығын өзбекстандық өнер ұжымы Эркин Хушвақтовтың «Көңіл» комедиясын сахналаумен бастады. Қос елдің мәдени байланысын нығайтуға арналған шараның ашылу салтанатында сөз алған Оңтүстік ...

Толығырақ »

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаменті, «ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ОҚО бойынша филиалы І тоқсанда атқарылған жұмыстар бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг берді. Брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің ...

Толығырақ »

ЖЕҢІС КҮНІ СОЗАҚТЫҚ 6 СОҒЫС АРДАГЕРІНЕ АВТӨКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында Жеңістің 73 жылдығына орай 6 майдангерге автокөлік табысталды. Жаңа нива автокөліктердің  кілтін Жеңіс күні мерекесіне арналған шарада аудан әкімі Салыхан Полатов салтанатты түрде тапсырды. Аудан орталығы Шолаққорғанда өткен мереке жалпыхалықтық шерумен бастау алып, жиылған жұртшылық «Белгісіз сарбаз» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып соғыс сарбаздарының рухына тағзым етті. Осыдан 73 жыл бұрын адамзат тарихында ең ауыр және ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИДЕ ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ӨНДІРІЛЕТІН БОЛАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының 120 мыңға жуық халқы бар Төле би ауданында алдағы 5 жылда өздерінде өндірілген электр қуатымен толық қамтылатын болады. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Осы мақсатта ауданда жеті ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Сайрамсу мен Қасқасу өзенінің бойында алты шағын су электр станциясы бой көтереді.  Ал осы жылдың қыркүйек айында қуаттылығы 5 МВт, ...

Толығырақ »

ОҚО-НЫҢ ТАРИХИ ОРЫНДАРЫН ТҮГЕНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНАДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Д.Қыдырәлі бастаған ғалымдар тобымен кездесті. Академия президентінің кеңесшісі Е.Исақұлов, профессор Қ.Қонқабаевпен, ғалым А.Тойшанұлымен болған басқосуда Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттерді іске асыру жайы талқыланды. Жиын барсында өңір басшысы ғалымдарды облыс аумағындағы маңызды тарихи нысандар туралы мағлұмат жинастырып, арнайы сериямен кітап шығаруға атсалысуға шақырды. «Өздеріңіз білесіздер, оңтүстік өңірі тарихқа ...

Толығырақ »

«ҚАЗАҚ ЕЛІ» КИНОТУЫНДЫСЫНЫҢ ІІ-МАУСЫМЫ

«Қазақ елі» кинотуындысының ІІ-маусымы, яғни «Алтын тақ» бөлімі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Иірсу ауылындағы, Тақиятөбе елді мекенінде басталды. Сондай-ақ, түсірілім ағымдағы жылдың маусым айына дейін Төле би ауданы мен Арыс, Ақсу өзендерінің бойында және Түркістан қаласында жалғасады. Фильмді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәңгілік ел» бағдарламасына сәйкес ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» АҚ таспалауда.  Қазір Түлкібас ауданы, ...

Толығырақ »

САУАТСЫЗДЫҚТЫ ЖЕҢЕ АЛМАЙ КЕЛЕ ЖАТҚАН ШЫМКЕНТІМ-АЙ!..

Шымқала тұрғындары да бүкіл еліміз сияқты Ұлы Жеңіс күнін мерекелеп, аталар ерлігіне тағзым етті. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында «Шымкенттіктер Ұлы Жеңіс күні мерекесін атап өтті» деген ақпарат та жарияланды. Әттеген-айы сол, шала сауатты жазылған сөйлемдердің астарында ерлікті де, тағзым етушілерді де қасақана мазақ етіп отырған базбіреудің шикі әрекеті есіп тұрғандай. Мәселен, «Әр қазақстандықтың үйінде сонау сұрапыл соғыстың ...

Толығырақ »

АНКАРАДА «ЯСАУИ МҰРАЛАРЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Түркия Республикасының астанасы- Анкара қаласындағы Йылдырым Баязит атындағы Халықаралық университетінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің «Ясауи мұралары және Түркістан» көрмесі ашылды.  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы: «Жа­һан­дағы заманауи қазақстандық мәде­ниет» жобасын іске асыруға бағытталған тарихи шараға Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің өкілдері мен ТҮРКСОЙ Халықаралық Ұйымы бас хатшысының орынбасары Фырат Пурташ, Йылдырым Баязит атындағы Халықаралық университетінің басшылары мен ...

Толығырақ »

Созақ ауданы, Құмкент ауылында екі бірдей спорт нысаны ашылды

9 мамыр Жеңіс мерекесі күні Құмкент ауылында екі бірдей спорт нысаны ашылды. Қазақ француз біріккен «Катко» кәсіпорнының демеушілігімен балалар ойын алаңы мен шағын футбол алаңы ашылды. Нысанның ашылу салтанатынаСозақ ауданынныі әкімі Салыхан Сабырұлы Полатов, «Катко» кәсіпорнының бас инженері Николя Дюбек қатысты. Құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Салыхан Сабырұлы: «Елбасы Н. Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында айтылған бұқаралық спорт және дене шынықтыруды дамыту мәселесі ...

Толығырақ »

КҮРКІРЕП КҮНДЕЙ ӨТТІ ҒОЙ СОҒЫС…

Күндей күркіреп өткен соғыстың аяқталғанына да 73 жыл. Мерекеге жиналған көпшілік «Мәңгілік ел есінде» ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты. Аудан әкімі Ерлан Айтаханов пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаевтар азалы әуеннің сазымен жеңіс жолында шейіт кеткен жерлестерімізге арнап гүл шоқтарын қойған соң, боздақтарға арналып құран оқылды.  Осы мерекелік шараға орай мәдениет сарайының фойесінде әскери тақырыптағы көрме қойылыпты. Келушілер соғыс жайында ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Қадірлі оңтүстікқазақстандықтар! Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратын танытқанайтулы мереке. Бейбіт өмір мен ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегі жадымыздан ешқашан ...

Толығырақ »

ҰЛТ ҰЛДАРЫН ҰЛЫҚТАУ!

Шымкент қаласында Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған «Ер есімі – ел есінде» атты ауқымды іс-шара барысында екі мың адам қатысқан «Қаһарман Ұлт» шеруімен мерекелік салтанат басталды. Биылғы жылдың ерекшелігі – «Қаһарман Ұлт» шеруіне тұңғыш рет Оңтүстік Қазақстан облысы мен Шымкент қаласының басшылары, облыс пен қала атқамінерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев, майдангерлер, ...

Толығырақ »

ОҚО әкімі 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтайды

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Қадірлі оңтүстікқазақстандықтар! Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратын танытқанайтулы мереке. Бейбіт өмір мен ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегі жадымыздан ешқашан ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде ҚР Үкімет басшысының орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен алқалы жиын өтті. Мәжілісте өңірдегі ауыл шаруашылығы жерлерін суару және шегіртке зиянкестерінен қорғау мәселелері қаралды. Басқосуға облыс әкімі Ж.Түймебаев, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Г.Исаева және министрліктің комитет төрағалары мен Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумақтық инспекция басшылары, жергілікті шаруа қожалық иелері қатысты. ...

Толығырақ »

ОҚО ӘКІМІ ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Құрметті Отан қорғаушылар! Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Әрбір Тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау. Сондықтан да бұл күн – Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, айбынды әскеріміздің атағын асқақтатқан, мемлекетіміздің қуатын айғақтайтын күн. Бүгінде Елбасы, Қазақстан Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық көрегендігінің нәтижесінде Қазақстан армиясының жаңа ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Шымкент қаласының əкімі Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы ҰОС ардагерлері Бекназар Айтжан Тассейітұлы мен Қазыбаев Абылай Қазыбайұлының шаңырақтарында болып, Жеңіс мерекесімен құттықтап, қарт жауынгерлерге зор денсаулық, отбасыларына молшылық тіледі, сый-сияпат табыс етті. Шымкент қаласында жалпы зейнеткерлер саны 73087-ге  жуық болса, оның ішінде ҰОС ардагерлері мен мүгедектері – 74, тыл ардагерлері – 4775 адам болып отыр. Аталған санаттағы ардагерлер мен зейнеткерлер Шымкент қалалық маслихатының ...

Толығырақ »

ЖЕР ТЕЛІМІН МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРҒАН…

Шымкент қаласының әкімдігі Қошқар ата өзені бойын абаттандыруға үлес қосқан 28 азаматқа алғыс білдіреді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ғабит Мәуленқұлов мәлімдеді. – Қошқар ата өзенінің бойын абаттандыру жұмысының бірінші кезеңі бойынша өзеннің екі жағалауынан 10 метр жерді абаттандыру жоспарланған болатын. Дегенмен, бұл жұмысқа өзен бойындағы 96 жер учаскесі кедергі келтірді. Оның 20-сы – үй, 14 – жеңіл құрылыс нысаны, 33 ...

Толығырақ »