Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті – туризм саласындағы еліміздегі алғашқы бейінді мемлекеттік оқу орны. Оқу орнының ерекшелігі – дуалды оқыту жүйесі қолға алынған. Яғни студент оқып жүріп, білім ордасы келісімшартқа тұрған нысандарда ақылы түрде жұмыс істей алады. 2023-2024 оқу жылында 3,4-курстардың 170 студенті дуалды оқыту бағдарламалары бойынша оқыған. Оның ішінде 18 студент «Rixos Dubai» қонақ үйінде тәжірибеден өткен. ...
Толығырақ »Ауыл жаңалықтары
8 МЫҢНАН АСТАМ ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛМАҚ
Түркістан қаласы әкімдігі жанында «Халықтық кеңсе» мен «1310» Бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеуде. Сонымен қатар қала аумағында 6 сектор құрылып, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста өзекті мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуда. Бұл туралы бүгін өткен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының түркістандықтармен кездесуінде мәлімденді. 2024 жылдың алғашқы 4 айдың қорытындысы мен алдағы жоспарларды қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков баяндады. Халықтық кеңсе арқылы ...
Толығырақ »БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ СУ ЖИНАУ ҒИМАРАТЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖҰМЫСТАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Түркістанда инфрақұрылым саласы жақсарып келеді. Қаланы 100% таза ауыз сумен қамту үшін 2 нысанның құрылысы жүргізілуде. Ауыз су құбырларын қайта жаңғырту және су жинау ғимаратын қайта құру жұмыстары жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Бұл туралы бүгін өткен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының түркістандықтармен кездесуінде айтылды. Қалада орталықтандырылған кәріз жүйесімен 36,5% немесе 16 336 абонент қамтылған. Жыл қорытындысымен 55,8%-ға жеткізу ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАННЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТА ТҮСТІ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кестеге сай Түркістан қаласы тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді. Кездесуде Түркістан қаласын дамыту жолдары қаралып, тұрғындардың өтініштері, ұсыныстары, сұрақтары тыңдалды. Өңір басшысы облыс орталығында атқарылған жұмыстарға тоқталып, кемшіліктерді жою жөнінде де ой қозғады. – Түркістан қаласының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталсақ, өсім байқалады. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 38 пайызға өсіп, 2023 жылы ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНҒА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 300 МЫҢНАН АСТАМ ТУРИСТ КЕЛДІ
Түркістан облыс орталығы ретінде жаңа серпінмен дамып, өркендеудің алғашқы кезеңін өткерді. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындарымен кездесіп, қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің 2024 жылдың алғашқы 4 айдың қорытындысы және алдағы жоспарлар бойынша баяндамасын тыңдады. Түркістанның жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 230,2 мыңға жетті. Жыл басынан бері Түркістан қаласына келуші зияратшылар ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІКТЕР ҚҰЛПЫНАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА
Төлеби ауданына қарасты Тасарық ауылдық округі Оңтүстік елді мекенінің тұрғыны Шонов Қалмахан өзінің үй іргелік 0,80 га жеріне тамшылатып суару жүйесін енгізе отырып, құлпынай өсіруде. Дәмімен ғана емес, денсаулыққа тигізер пайдасымен үлкеннің де кішінің де сүйікті жидегіне айналған құлпынайға деген сұраныс төмендеген емес. Құлпынай көшеттерінің «Виктория», «Черный принц», «Клер» сортын арнайы жабынды астында егіп, құрғашылықтан сақтау үшін тұрақты түрде суарылып ...
Толығырақ »ТӨЛЕБИ: АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ЕКІ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ
Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласы бойынша индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Раимбеков баяндады. Төлеби ауданы бойынша өнеркәсіп саласында негізгі өнім беретін кәсіпорындар: “КазахБитум” ЖШС, “Балмұздақ” ЖШС, “Компания ФудМастер-Шымкент” ЖШС, “Ақмаржан” ЖШС, “Баракат ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ «КӘСІБІМ МЕНІҢ ЖЕМІСІМ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күнгі Қазақстан халқына «Әділетті мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің маңыздылығы жайында өте өзекті мәселелерді көтерді. Осы тұрғыдан келгенде Жолдау ерекше деп топшылауға болады. Мемлекет басшысы өз жолдауында жастар саясатына қатысты бірқатар маңызды мәселелерге де тоқталып өтті. Осы орайда, Төлеби ауданында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық ...
Толығырақ »Түркістан: қала бюджетінің атқарылуы тұрақты комиссия отырсында қаралды
Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының тұрақты комиссияның біріккен отырысы болып өтті. Жиынды қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы ашып, жүргізіп отырды. Комиссия отырысына қала әкімінің орынбасары Төлегенов Талғат, Оразбеков Байдулла және қалалық мәслихат депутаттары офлайн , ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн байланыста болды. Сонымен бірге, жиынға қала әкімдігінің «Экономика және қаржы» бөлімінің басшысы Булегенов Олжас Пердебаевич, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Әметов ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ӘНҰРАН ШЫРҚАЛЫП, ТУ КӨТЕРІЛДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің барлық өңірінде ту көтеру рәсімі өтіп келеді. Бүгін Түркістан қаласындағы «Рәміздер алаңында» 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Мерекелік шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, мәслихат депутаттары, ардагерлер, мемлекеттік орган басшылары, зиялы қауым, белгілі спортшылар, қоғамдық пікір көшбасшылары, жастар, қала тұрғындары қатысты. – 1992 жылыТәуелсіз Қазақ елінің ...
Толығырақ »МЕРЕКЕЛІК ЖИЫН – РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛДЫ
Бүгін, Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы «Төлеби баба» саябағында Мемлекеттік рәміздер күніне орай, салтанатты жиын өтті. Жиын барысында аудан әкімі Төлеген Телғараев аудан халқын, тұрғындарды мерекемен құттықтап, ел игілігі жолындағы еңбегімен дараланған түрлі сала мамандарына «Алғыс хат» табыс етті. Ашық аспан аясында өткен мерекелік басқосуда тәуелсіз мемлекетіміздің көк байрағы биікке көтеріп, Әнұран шырқалды. Аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері патриоттық әндер шырқап, – ...
Толығырақ »ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ
Төлеби ауданында “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы сәтті жүзеге асуда. Төлеби ауданы әкімінің ай сайынғы азаматтарды жеке қабылдауларында және елоді мекендерді аралау барысында тұғындардың тарапынан түскен өтініш-тілектері ескерусіз қалмайды. Бүгінде азаматтардың ұсыныс пікіріне қатысты тиісті жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді. Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Екі сағаттан астам уақытқа созылған ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАННЫҢ ҚАЙТАЛАНБАС КЕЛБЕТІ АЖАРЛАНА ТҮСПЕК
Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласының сәулетін жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Шаһардың келбетін одан әрі көркейтуге тұрғындар да өз үлесін қосады. Осыған қатысты қоғамдық талқылау өтеді. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. Облыс әкімі жауапты сала басшыларымен жоба барысын талқылады. Өңір басшысының төрағалығымен облыс аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан және енді жүзеге асатын жобалардың сәулетіне қатысты ...
Толығырақ »Қала әкімі тиісті жұмыстарды жүйелеу қажеттігін де ескертті
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Күн тәртібіне сәйкес, алғашқы болып қала әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков жетекшілік ететін салалары бойынша хаттамалық тапсырмалардың орындалуын, қала әкімінің жеке қабылдауларында және тұрғындармен кездесу барысында берілген тапсырмалардың атқарылуын баяндады. Мәдениет үйінің құрылысын өндірістік кестеден кешіктірген мердігерге бірнеше рет ескерту хат жолданып, заң аясында айыппұл салынған. «Отырар» шағын ауданында көппәтерлі 5 ...
Толығырақ »ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ АРНАЛДЫ
Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысының Түркістан қаласына ерекше мәртәбе беру туралы ұсынысы бойынша арнайы заң жобасы әзірленіп, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді. Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен алқалы мәжіліс аталған заң жобасында көзделген ерекшеліктерге арналды. Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Мұхтар Төлепов Заң жобасы шеңберінде көзделген өзгерістер бойынша баяндама жасады. Басқосуға арнайы қатысқан облыстық, қалалық мәслихат ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық өңірлерінде бір ай бойы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау жұмыстары жүйелі түрде жоспарға сай жүргізілді. Дегенмен, туристтер, демалушылар арасында тазалыққа жауапкершілікпен қарамайтын азаматтар әлі де жол бойына қоқыс тастап, өздері демалған орынды ластап кетуде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданы тұрғындармен кездесуде тазалық ...
Толығырақ »Кәсіпкерлер палатасы — бизнес пен билікті байланыстырушы көпір
Тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет шағын және орта бизнестің дамуы үшін кәсіпкерлікті барынша қолдап келеді. Әр азаматтың жеке кәсібін ашып, нәсібін табуы тек жеке тұлға үшін емес, мемлекет үшін де маңызы зор. Осы арқылы халықтың жағдайы көтеріліп, мемлекеттің экономикалық қуаты артатыны заңды. Жергілікті кәсіпкерлер субсидия, жеңілдетілген несие алып, бизнесін кеңейтіп жатыр. Бүгінде Түлкібас ауданында 32 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Биыл ауданда шағын ...
Толығырақ »МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР 200-ГЕ ЖУЫҚ БАЛАҒА ҚУАНЫШ ҚОРЖЫНЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Облыс орталығында ерекше қажеттілігі бар 200-ге жуық балаға мерекелік қоржын табысталды. Қалалық Райымбек Сейтметов атындағы сазды-драма театрында өткен жиынға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Элмира Бейсенова және ерекше қажеттілігі бар балалар мен ата-аналары қатысты. Шарада алғы сөз алған қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы: Бала жүрегі ана деп,ана жүрегі бала деп соғады. Қазақ ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНДЕ 500 ОҚУШЫ БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ТАРТТЫ
Бүгін Түркістанда 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті. «Бақытты балалық шақ» мерекелік іс-шарасына облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, балалармен бірге көрме мен концерттік бағдарламаны тамашалады. – Балаларға қамқорлық пен толыққанды тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау – мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі және басым бағыттарының бірі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында балаларға жағдай жасау, олардың сапалы білім алуына қолдау ...
Толығырақ »ТӨЛЕБИДЕ ТАБИҒИ ШЫРЫН ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Төлеби ауданында алма шырыны шығарылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданына арнайы іссапармен барды. Облыс басшысы ауылшаруашылығы саласындағы шаруалардың жай-күйімен танысып, жүзеге асып жатқан жобалармен танысты. Кемеқалған ауылдық округі «Қазығұрт бақтары» өндірістік кооперативінің қарқынды алма бауында болды. Тамшылатып суару жүйесі арқылы қарқынды алма бауын өсіру ісін қолға алған кәсіпкер иелігіндегі 138 гектар аумақтың 110 гектарына 300 мыңға жуық көшет ...
Толығырақ »ТӨЛЕБИДЕ АРДАГЕРЛЕР МЕН ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ленгір қаласындағы «Жарқын өмір және тең қоғам» мекемесінің ашылу рәсіміне қатысып, ардагерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орталықтың жұмысымен танысты. Орталықта мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп, психолохиялық қолдау бағытында кеңес беріледі. Массаж, його орталығы, емдік спорттық дене шынықтыру, көңіл сергіту шаралары қарастырылған. Бұған қоса, зейнеткерлердің тынығып, демалып, рухани-танымдық шаралар ұйымдастырылып, тыныс жолдарын ашу ...
Толығырақ »ОБЛЫС ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТӨЛЕБИ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысының әрбір аудан, қаласында Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, өңір басшысы Дархан Сатыбалды халықпен ашық кездесулер өткізіп келеді. Кезекті кездесу Төлеби ауданында жалғасты. Облыс әкімі осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстарды баяндады. Алдағы жоспарларды пысықтап, ауданның дамыту жұмыстарына тоқталды. – Бүгін өздеріңізбен маңызды мәселелерді талқылау үшін жүздесіп отырмыз. Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын» іске асыру мақсатында сіздердің ой-пікірлеріңізді естіп, ...
Толығырақ »ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП, КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қосағаш елді мекеніндегі 300 орындық жайлы мектебінің құрылысымен танысты. Облыс басшысы мердігермен кездесіп, жұмыс барысын пысықтады. Ұлттық жобаны іске асырудағы проблемаларды талқылады. Құрылыс материалдарымен қамтуға қатысты мәселені талқылады. Құрылысқа жергілікті тұрғындар тартылған. Құрылыс алаңдарына бейнекамералар орнатылып, жұмыс процессі тиісті бақылауға алынған. Бірыңғай стандарт бойынша салынып жатқан жайлы мектептер заманауи технологиялық және инженерлік жабдықтармен, ыңғайлы оқу ...
Толығырақ »ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ҚОРТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР ПЫСЫҚТАЛДЫ, ЖҰМЫС БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тұрғындармен кезекті кездесуінен соң арнайы мәжіліс өтіп, барлық өтініштер сараланды. Нақтыланған 119 тапсырманың орындалу мерзімі белгіленіп жоспар түзілді. Жиналыс барысында шаһар басшысы сектор жетекшілеріне ескерту жасады: — Әр мәжілісте «Қандай мәселе бар?» деп сұраймын. Үнсіз кетесіздер. Көпшіліктің талап-тілектері орынды. Алайда, айтылған мәселелердің барлығын бүгінге дейін мен сіздерден естуім керек болатын. Секторды құрудағы негізгі мақсатымыз да ...
Толығырақ »ӨТІНІШТЕРДІҢ САНЫ АЗАЙЫП, СИПАТЫ ӨЗГЕРІП КЕЛЕДІ
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің “Бекзат” секторында тұрғындармен өткен бүгінгі кездесуі барысында өз ризашылығын білдіргендер де, көкейлеріндегі ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтқандар да, кей мәселелерге қатысты шағымын жеткізгендер де болды. Азаматтардың талап-тілегін тыңдаған шаһар басшысы өтініштердің бірде-бірі назардан тыс қалмайтынын баса айтты. Әкімнің екі жыл бұрын бұл аумақта өткізген алғашқы кездесуімен салыстырғанда өтініштердің саны да азайып, азаматтардың арыздарында көтерілетін мәселелердің сипаты ...
Толығырақ »