Жаңа оқу жылына дайындық алдында Шымкент қаласы ТЖД Қаратау ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері аз қамтылған және көп балалы отбасыларына, сондай-ақ басқа әлеуметтік қорғалмаған халық топтарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында жалдамалы үйде тұратын Бүркітбаевтар отбасына барды. Отбасыға Бөлім қызметкерлері 2 баласына мектеп формасын алуға көмектесті, балаларға рюкзак, күнделік, қаламсап және басқа керек-заттар табыстады. Сондай-ақ осы отбасындағы қалған қатысушыларға төтенше жағдай және ...
Толығырақ »Қала тынысы
«Пискун күні» көрмесінде көгершіндердің сатылымы өтті
Жуырда ғана қайа жөндеуден өткен Шымкент зоологиялық паркі бүгінде қала тұрғындары ғана емес, шырайлы қаланың кішкентай қонақтары жиі келетін демалыс орнына айналған. Зоологиялық парк іші тап-тұйнақтай, аумағы да кең, нағыз отбасылық серуенге таптырмайтын орынға айналған. Мұнда келушілер тек паркті аралап қана қоймай, түрлі шараларды тамашалауларына да болады. Бүгін «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағында» «Гүлсар» клубының ұйымдастыруымен «Пискун күні» көрмесінде көгершіндердің сатылымы ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ «ПРЕМЬЕРА» ТҰРҒЫНҮЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Шымкенттегі «Премьера» тұрғынүй кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. «Нұртас» шағынауданынан бой көтеріп жатқан бизнес санаттағы үйлерде сіздің қауіпсіздігіңіз толық қамтамасыз етіледі. Баспана нарығында 18 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан компания өз тұтынушыларын тағы да қуантпақ. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Р. Бақытжанқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Тапсырыс беруші «Dostyq Invest Group» және мердігер «Оңтүстік құрылыс сервис» компаниясының еліміздің ...
Толығырақ »СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласы мәслихат депутаттарымен кездесті. Кездесуде сенаторлар осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары және қабылданған заңдардың маңыздылығы туралы мәлімет берді. Оның ішінде Шымкент қаласының республикалық маңызы бар қалалардың санатына енуіне байланысты жоғарғы палатадағы қабылданған ҚР әкімшілік аумақтық құрылымы, республикалық бюджетке өзгерістер енгізу және азаматтарды әлеуметтік қолдауға бағытталған заңдар туралы сенатор Н.Бекназаров толық ...
Толығырақ »Шымкент: Басты міндет кәсіпкер құқығын қорғау
Бүгін «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаментінің басшысы А.Жұмағали инвесторлармен кездесті. Іс-шара «галстуксыз» форматта өтіп, онда аймақтағы бизнесті жүргізудің өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, кездесуге «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басшысы С.Абдуллаев, Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Н.Кабиштаев, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев және кәсіпкерлер қатысты. «Бизнес пен инвесторларды ...
Толығырақ »ЕРЛАН АЙТАХАНОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шымкент қаласы әкімдігінің актив мәжілісінде қаланың жаңа әкімі тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Шымкент қаласы активіне жаңа әкімді таныстыруға ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев арнайы келді. Қырымбек Елеуұлы Президент тапсырмасымен кадрлық тағайындау жасауға арнайы келгенін, Шымкент қаласының жаңа әкімі лауазымына Ерлан Қуанышұлы Айтаханов лайық деп атап өтті. – Мемлекет басшысының кадрлық ...
Толығырақ »СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕГІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қаладағы құрылыс нысандары мен әлеуметтік мекемелерде болып, жұмыс барысымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Сенаторлар алдымен «Shymkent city» қалашығын аралап, ондағы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандардың құрылыс барысымен танысып, жұмыстың сапасы, қаржы мәселелері, сондай-ақ көп ...
Толығырақ »Шымкенттік бүлдіршіндердің жазғы демалысы қалай өтуде?
Міне, бала біткеннің базарына айналған жаз маусымының соңғы айына қадам бастық. Балалардың биылғы жазғы демалысына Шымкент қаласының бюджетінен 220 млн. теңге бөлінген. Ол, ата-ананың қамқорынсыз қалған, тұрмысы төмен, көпбалалы отбасы балаларын қала сыртындағы лагерлермен қамтуға қаралған қаржы. Ендеше, балалар бұл маусымды қалай өткізіп жатқандығы туралы, туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ұ.Нұрмаханның материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Балалар арманын асқақтатар «Арман» ...
Толығырақ »АРЫС: ШЫМКЕНТКЕ ҚАРАСТЫ 10 СЕКТОРДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Арыс қаласына арнайы келіп, өңір штабының жұмысымен танысты. Онда штаб басшысы, Шымкент қаласы əкімінің орынбасары Б.Мамыталиев қалпына келтіру шараларының барысын баяндады. Сонымен қатар, әкім Шымкент қаласына тиесілі 10 сектордағы құрылыс жұмыстарын аралап көріп, арыстықтармен кездесті. Олардың құрылысқа қатысты айтқан пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, штаб мүшелері мен жұмысшыларға жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы атқару керектігін ...
Толығырақ »Менің басты мақсатым — шалғайда орналасқан елдімекендердің тұрғындарына қолайлы жағдай жасау
Ерлан Қуанышұлы алғашқы жұмыс сапарын қаланың шет жағында орналасқан шағынаудандардың тұрғындарымен кездесуден бастады. Қаратау ауданының Исфиджаб тұрғын алабына келіп, ауызсу және электр қуатымен қамту мәселесін тұрғындармен бірге талқылаған қала әкімі ауызсу мәселесін жүйелі түрде шешу бойынша тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар берді. Е.Айтаханов, сонымен қатар, Сайрам тұрғын алабына барып, ондағы инфрақұрылым жүйесімен танысты.Осы сапар барысында қала әкімі жергілікті халықпен кездесіп, екі сағаттан ...
Толығырақ »Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов алғашқы жиналысын өткізді
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов 31 шілде күні өз орынбасарларын, аудан әкімдерін, салалық басқарма басшыларын жинап, алғашқы жиналысын өткізді. Мегаполис әкімі мәжілістің басында аудандардың және басқармалардың жұмыс бағыттарымен танысты. Ерлан Қуанышұлы ең өзекті мәселелердің бірі ретінде қаланың шалғай елдімекендерін дамыту қажеттігін басып айтты. Қажет инфрақұрылымның, атап айтқанда, сапалы ауызсу, газбен жабдықтау, электр қуаты, жол, кәріз жүйелерінің жеткіліксіздігі мәселесін жүйелі түрде шешуді талап етті. ...
Толығырақ »Үшінші мегаполисте 2 жоба мақұлданды
Шымкентте «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 2 жоба мақұлданды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жумин мәлім етті, деп хабарлайды «didarbek.kz». — Бүгін бір топ қала кәсіпкерлерімен бірге банкке бардым. Өздеріңізге белгілі қазіргі таңда елімізде қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы іске асырылуда. Оның аясында тоқыма, жиhаз, құрылыс материалдары, тамақ өнімдері және ауылшаруашылық өндірістеріне қолдау көрсетіледі. Нақты айтқанда 6% несиелер және 50%-ға дейн ...
Толығырақ »ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаментінің басшысы А.Жұмағали инвесторлармен кездесті. Іс-шара «галстуксыз» форматта өтіп, онда аймақтағы бизнесті жүргізудің өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «didarbek.kz». Сонымен қатар, кездесуге «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басшысы С.Абдуллаев, Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қалалық кәсіпкерлер ...
Толығырақ »Шымкентте 147 адам қажылыққа аттанды
Шымкент қаласынан 147 адам қажылыққа аттанды. Әуежайындағы қажылық сапарға шығарып салу жиынында алдымен қасиетті Құран Кәрім оқумен басталды. Бұдан кейін Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің құттықтау сәлемін жеткізді. «Қасиетті қажылық парызының жауапкершілігі мен марапаты шексіз құлшылық. Мүмкіндігі жеткен әр мұсылман баласына қажылық ғибадаты парыз болғандықтан, оны ...
Толығырақ »Шымкент: Сенат депутаттары Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті
Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысына ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қатысты, деп хабарлайды «didarbek.kz»тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Мегаполиске жұмыс сапарымен келген сенаторлар кеңес мүшелерімен пікір алмасып, қоғамдық институттың жұмысын жетілдіру, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау мәселелері бойынша ой бөлісті. Жиында Нұрлан Құдиярұлы Қоғамдық Кеңес 3 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқанын, әлі де ...
Толығырақ »Шымкенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жаңа басшы келді
Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған «didarbek.kz». Агенттік төрағасы Алик Шпекбаевтың бұйрығымен бұл қызметті Асхат Жұмағали атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Айта кетейік, Асхат Жұмағалидің құқық қорғау жүйесінде тәжірибесі мол, прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында жұмыс істеген. Еңбек жолын прокуратураның қатардағы маманынан бастап, өңірлік департамент басшысына дейін барлық ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ АВТОКӨЛІК ИЕЛЕРІНЕ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Автокөліктердегі өрттерді азайту және алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің, жол-патрульдік полиция қызметкерлері, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы жастарымен бірлесіп, Ташкент тас жолы бойында рейд жүргізілді, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпарат агенттігі. Рейд мақсаты жүргізушілерді мүмкіндігінше көбірек қамтып, оларға автокөліктегі өрттің қауіптілігін жеткізу. Өрттердің негізігі себептері – автокөлік құралдарындағы электр сымдарының қысқаша тұйықталуы және ...
Толығырақ »СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР VI шақырылымдағы депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласының жастарымен кездесті. Еркін пікір алмасу форматында өткен жиында сенаторлар көпшілікке өздерінің жұмыс барысы туралы ашық ақпараттармен бөлісті. Сенаттың VI шақырылымдағы құрамы шілде айында демалысқа шығып, аймақтағы жергіліктегі халықпен кездесу жоспарланған. Шымкенттен сайланған депутаттар Сенатта қаралып, қабылданып жатқан заңнамаларды сөз етті. ҚР Сенатының ішінде 6 комитет бар болса, Нұрлан Құдиярұлы ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ «БЕЛСЕНДІ ӨМІР СҮРУ» ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ
ҚР Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала жастарымен кездесуден соң «Белсенді өмір сүру» орталығына барып, ондағы қариялармен жүздесті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпарат агенттігі. – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың отандастарымыздың өмір сүру жасын ұзарту мен бұқаралық спортты дамыту бойынша тапсырмасы аясында ашылған орталықта қарияларға барлық мүмкіндік жасалған. Арнайы келіп, демалуға сенсорлық бөлмеден бастап, тренажор, тенниске дейін ұйымдастырылыпты. Бірақ, миллион тұрғыны ...
Толығырақ »«Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылды
Шымкентте «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылды, деп жазады «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz». Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған бағдарлама Ел тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету мәселесі – биліктің назарында. Осы ретте еліміздегі республикалық маңызы бар қала – Шымкентте баспана құрылысы қарқын алған. Нақтырақ айтсақ, үшінші мегаполисте биыл 26 үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бұл үйлерді «7-20-25» бағдарламасы ...
Толығырақ »Шымкенттің ассамблея мүшелері жаңа көшіп келген жас отбасыға ерулік берді
Шымкентте Ассамблея мүшелері жаңа көшіп келген жас отбасыға ерулік берді, деп хабарлайды «didarbek.kz» тілшісі. Руслан Габдуллин мен Элвира Мұханова Түркістан облысы, Қазығұрт ауданынан Шымкентке жақында көшіп келген. Үш перзенттері бар. Қала өміріне әлі үйренісе алмай жатқан жас отбасыға бүгін қалалық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің мүшелері арнайы дастархан жайып, қазақтың салтымен «Ерулік беру» дәстүрін өткізді. — Ерулік беру – жаңадан көшіп келгендерге асын асып, ...
Толығырақ »131 ЖҰМЫС БЕРУШІ ЗАҢ БҰЗҒАН
Ағымдағы жылы Шымкент қаласында 131 жұмыс беруші орында заң бұзушылық дерегі анықталған. Еңбек заңнамасын бұзғандар заң аясында 5,5 миллион теңге көлемінде өтемақы төлемдерін жүргізген. Одан бөлек 110 жұмыскердің жалақы қарыздары өндірілді. Бұл туралы бүгін еңбек инспекциясы және көші қон басқармасының мамандары баспасөз мәжілісінде жария етті. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Н.Мұхамеджанұлының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Статистика департаментінің мәліметінше ...
Толығырақ »«АТАМЕКЕН» ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Шымкентте жұмыспен қамтудың мобильдік орталығы ашылды. «Атамекен» қолдау орталығы халық көп шоғырланған жерлерде құрылады. Пилоттық режимде ашылған блок-модуль осыған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында іске қосылған. Мұнда менеджер- кеңесшілер өтініш берушінің алған білімі мен кәсіби деңгейіне қарай жұмыс табуға көмектеседі. Бұл туралы облыстық «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі П.Биназарқызының материалына сілтеме жасаған «didarbek.kz» хабарлайды. Қалалық жұмыспен қамту орталығы мен кәсіпкерлер палатасы бірлесе қолға ...
Толығырақ »«Бақытты отбасы» бағдарламасының талаптары қандай?
«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысуға бір ғана талап бар. Ол – табыс көлемі отбасы мүшелеріне шаққанда адам басына 42 мың 500 теңгеден асып кетпеуі керек. 42 мың 500 теңгеге тоқталсақ, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өтініштерді қабылдап, кейін қажет болса бұл соманы ұлғайтуы не кемітуі мүмкін. Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі жазады. Айта кетерлігі, Тұрғын үй ...
Толығырақ »«Бақытты отбасы» бағдарламасына қалай қатысады?
Баспанаға қол жеткізсем деп армандап жүрген шымкенттіктер үшін тағы бір қуанышты жаңалық бар. Таяуда Шымкентте «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. «Бақытты отбасы» бұған дейінгі бағдарламалардан өзгерек. Бұл туралы «Шымкент келбеті» газетіне сілтеме жасаған «didarbek.kz» ақпараттық агенттігі жазады. Несие шарты да тиімді, жылдық мөлшері – 2 пайыз. Оған көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен кәмелет ...
Толығырақ »