Түркістан облысы, Бәйдібек ауданына жаңа әкім тағайындалды. Бұдан алдын Сайрам ауданы әкімінің орынбасары қызметін абыроймен алып жүрген Ержігіт Шәріпбеков бұрынғы Алғабасты алға бастырып жүретін болды. Сәттілік тілейміз!..
Толығырақ »Қала тынысы
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Түркістан облысы, Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаевтың кенеттен қайтыс болуына байланысты қатты қайғырып көңіл айтамыз…
Толығырақ »ЕШҚАНДАЙ КЕДЕРГІ ЖОҚ
Жүк көліктерінің Шымкент қаласына кіріп-шығуына кедергі жоқ. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті. Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жүк көліктерінің қалаға кіріп-шығудың арнайы ережесі бар. Қала кіреберістеріндегі барлық бекеттерде «Жасыл дәліз» ұйымдастырылған. Ол жерден тіршілікті қамтамасыз ететін көліктер, азық-түлік тасымалдаушы машиналар мен транзиттік жүк көліктері, сондай-ақ, ...
Толығырақ »МИЛЛИОН БЕТПЕРДЕ КЕЛІП ЖЕТТІ
Шымкент қаласына коронавирусқа байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорынан 1 миллион бетперде келіп жетті. Игі шараны жүзеге асыру үшін аталған қордың Қамқоршылық кеңесі «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлсіз топтарына медициналық бетпердені тегін тарату үшін 5 миллион маска сатып алу туралы шартқа қол қойған болатын. Медициналық бетперделер халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға беріледі. Әр отбасыға 50 данадан үлестірілетін ...
Толығырақ »1900-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Елбасы, «Nur Оtan» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Үндеуіне орай елімізде бастау алған «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Шымкентте жәрдемге аса мұқтаж 1900-ден астам отбасыға санитарлық қорғану жиынтықтары және бірінші кезекте қажетті өнімдер мен азық-түлік тапсырылды. Игі іске «Nur Оtan» партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері мен еріктілер атсалысты. Акция аясында «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, «Ордабасы» индустриалды аймақтың директоры Рысбек ...
Толығырақ »ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛУДЕ
Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға «Magnum» сауда желісі арқылы кепілдендірілген әлеуметтік көмек таратылуда. Атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрғындар жердемақыдан бөлек мемлекет тарапынан азық-түліктер мен гигиеналық заттар жиынтығын тегін алуда. Аудан әкімі Ғалымжан Ильясовтың айтуынша, 301 мың тұрғыны бар Еңбекші ауданында 62 мыңнан астам отбасы 20 шағынаудан мен 16 тұрғын алабында тұрады. – Осылардың арасынан 2368 отбасы кепілдендірілген ...
Толығырақ »ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ
Төтенше жағдай Шымкенттегі жол жөндеу жұмыстарына қолбайлау болмауы керек. Көшедегі көлік қозғалысының аздығы мен жұрттың жаппай үйде отырған сәтін тиімді пайдаланған жөн. Бүгін қала аумағында жүріп жатқан жол құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай, деді. – Қаланың орталығында тұрсақ та талайдан бері топырақ кешіп жүр едік. Енді міне көшемізге асфальт жол төселіп, су ағар арықтар орнатылып жатыр. ...
Толығырақ »БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛА БАСТАДЫ
Елімізде коронавирус індетінің алдын алу, тұрғындарды қолдау мақсатында Елбасы, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» республикалық қоғамдық қоры құрылғаны белгілі. Осы игі шараны жүзеге асыру үшін аталған қордың Қамқоршылық кеңесі «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлсіз топтарына медициналық бетперделерді тегін тарату үшін 5 миллион бетперде сатып алу туралы шартқа қол қойған болатын. Қаламызға күні кеше ...
Толығырақ »ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
Шымкент қаласында 2020 жылы барлық қаржы көздері есебінен 13 636 пәтерлі 252 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Олардың жалпы ауданы 1 миллион шаршы метрді құрайды. Оның ішінде, 78 тұрғын үй бюджет, 48 үй «Shymkent» ӘКК» АҚ және 126 үй жеке салушылар есебінен жүргізіліп жатыр. Жауапты мамандардың мәлімдеуінше, төтенше жағдай кезінде Шымкенттегі құрылыс жұмыстары тоқтамайды. Мәселен, мемлекеттік инвестициялар есебінен биыл қалада ...
Толығырақ »МАУСЫМ АЙЫНДА ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛЕДІ
Биыл тамыз айында «Shymkent City» қалашығында 1048 пәтерлі 16 кредиттік тұрғын үй мен 2 инженерлік инфрақұрылым нысаны пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, ағымдағы жылы қалашықта 4,3 млрд теңгеге жалпы ұзындығы 13,8 шақырымды құрайтын 7 көшенің құрылысы аяқталмақ. Таяуда Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов жаңа қалашықтағы салынып жатқан тұрғын үйлерді аралап көрген болатын. Шаһар басшысы өз сөзінде қажетті құрылыс материалдарын тасымалдаушы көліктерге ...
Толығырақ »ҚАНША АДАМ ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ АЛДЫ?
Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 382 669 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 202 857 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 144 850-інің өтініштері тағайындалуға жатпайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Аталған әлеуметтік төлем тағайындалған 202 857 адамның ішінде 190 336 өтініштер бойынша, 12 521-і проактивті түрде тағайындалып (атаулы әлеуметтік алушылар және бірыңғай жиынтық төлем жасаған ...
Толығырақ »42500 ТЕҢГЕНІ КІМДЕР АЛА АЛАДЫ?
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың түсіндіруі бойынша аталған 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді ЖҰМЫС ІСТЕП жүріп (ресми, бейресми), төтенше жағдай салдарынан сол ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН адамдар ала алады. « – Әуелі өздеріңіз үшін – менің жағдайым осыған жата ма жатпай ма дегенді шешіп алыңыздар! Оны, өтініш бергенде төмендегі жазба есіңізге тағы да бір салып қояды. Соған сенімді ...
Толығырақ »БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ – ҚАЗЫБЕК ҚҰТТЫБАЕВ
16 наурызда ел аумағында төтенше жағдай жарияланып, бірқатар құрылымдар күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Осыған орай, соңғы бір айдан бері тұрғындардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау жолында еңбектеніп жүрген шымкенттік батырлар туралы баяндауды жөн санап отырмыз. Бүгін Шымкент қалалық полиция департаменті патрульдік полиция полкі 8-ротасының аға инспекторы Қазыбек Құттыбаев туралы баяндайтын боламыз. 1992 жылы дүниеге келген Қ.Жаңабайұлы 2015 жылдан ішкі ...
Толығырақ »АВТОМАТТЫ ГАЗ-РЕТТЕГІШ СТАНСАСЫ САЛЫНУДА
Көгілдір отынды қабылдап алып, қажеттіне қарай бөліп таратып отыратын орталық биылғы күзде пайдалануға берілмек. Ол сағатына 250 мың текше метр газ таратуға қауқарлы. Соңғы үлгідегі заманауи қондырғы миллионды қала тұрғындарын толықтай газандандыруға күші жетеді.Шымкент қаласындағы №3 автоматты газ-реттегіш стансасының құрылыс жұмысымен танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов мердігерлермен жұмыс барысын пысықтап, сапаға мән беруді жүктеді. Шымкенттегі №3 автоматты газ-реттегіш стансасы жоспар ...
Толығырақ »ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ
Бүгінгі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептерді жоюға бағытталған жүйелі шараларды қабылдауда. Осы ретте, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала әкімі аппараты мен «Shymkent» ӘКК ұжымымен онлайн форматта кездесу өткізді. Онлайн шараға Департамент басшысы А.Жұмағали, басшының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қала әкімінің орынбасары М.Исахов ...
Толығырақ »БАСШЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы болып Албаев Рустам Қуанышбекұлы тағайындалды. Бүгін жаңа басқарма басшысының м.а. таныстырған қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр біліктілігі жоғары және медицина ғылымдарының кандидаты Рустам Қуанышбекұлының алдағы жұмысына сәттілік тілеп, денсаулық сақтау саласының дамуы бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Рустам Қуанышбекұлы 1978 жылы Көкшетау облысы, Зеренді ауданында туған. Нұр-Сұлтан қаласындағы ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ КӨЛІКТЕР МЕН АЗАМАТТАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫН ТІРКЕЙТІН ПОРТАЛ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов айтты. Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, төтенше жағдайға байланысты Шымкентте көліктер мен азаматтардың қозғалысына рұқсат беру рәсімін автоматтандыру бойынша арнайы веб-сайт іске қосылған. — Бекітілген қаулыға сәйкес, қалада жаяу жүргіншілерге және көлік құралдарына анықтама арқылы ғана жүруге рұқсат етілген болатын. Алайда аталған жағдай бойынша, қалада жалған анықтама арқылы жүргендер көбейген, ...
Толығырақ »ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
Түркістан облысында «Біз біргеміз» акциясы жалғасын тапты. Қазіргі таңда еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қиын-қыстау сәтте кәсіподақтар халықпен бірге екендіктерін көрсетуде. «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Түркістан облыстық кәсіподақ филиалына қарасты Шардара аудандық комитеттің төрайымы Бақытгүл Биманова, өз қолымен дайындап, Жетісай – Шардара, Шардара – Келес блокбекетіне және карантинде күн-түн демей, отбасына жете алмай, қызмет ...
Толығырақ »МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚОЛДАУ
Республикалық #БізБіргеміз акциясы аясында SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Шымкент филиалының құрамындағы 34 мекеменің 130 қызметкеріне 5000 теңгелік купон берілді. Купондарды салалық кәсіподақ төрағасы Ерқозы Батырбеков өзі барып жеке-жеке тапсырды. Бұл купондарға медицина қызметкерлері «METRO» сауда орталығынан өздеріне қажет азық-түлік ала алады. Қиын сәтте адам жанына араша түсіп жатқан ақ халатты абзал жандардың еңбегін ескеріп, қолдау білдірген кәсіподаққа өз ...
Толығырақ »ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ІЗЕТТІ ІС
«Түркістан облысы, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Біз біргеміз!» республикалық акциясы аясында Шымкент қаласында 50 отбасыға азық-түлік пен бетперде үлестірді. Акция аясында көп балалы отбасылардың, жалғыз ілікті аналардың тізімі жасақталып, мұқтаж жандарға бірінші кезекте қажетті өнімдер, атап айтсақ, 5 кг күріш, 4 кг макарон, 4 литр май, 2 кг ұн, 1 кг қант, шай, таратылды. Бұған дейін ...
Толығырақ »ҚОҒАМДЫҚ МОНИТОРИНГТІҢ ҚҰРАЛЫ
«ANTIKOR.LIVE» жобасы аясындағы онлайн брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бірінші орынбасары Талғар Серікбаев «Ашық бюджеттердің интерактивті картасын»енгізу туралы айтып берді. Т.Серікбаевтың айтуынша осы ресурс арқылы азаматтар бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауға тікелей қатысу мүмкіндігін алады. «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» алғаш рет халық үшін қолжетімді және түсінікті бюджет шығындары туралы маңызды мәліметтерді және қоғамдық бақылаудың тиімді ...
Толығырақ »ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ӘР АЙНАЛЫМ САЙЫН ЖАСАЛУДА
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлығы аясында «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов салалық кәсіподақтар басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Осы орайда, «YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласының жұмыскерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Бауыржан Әлтеев кәсіподақ құрамындағы «Shymkent Bus» ...
Толығырақ »ТАРИХТЫ ТҮГЕНДЕГЕН ЭКСПЕДИЦИЯ
«Түркістан облысы және Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі жанынан құрылған «Келешек» жастар кеңесі қалалық Жастар ресурстық орталығы Аутрич және NEET бөлімімен бірлесе Шымкент қаласы – ТМД елдерінің мәдени астанасы жылына орай қала жастарына Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейге шеру өткізді. Шара барысында Музейдің сыртқы келбетінің ерекшелігіне және ондағы залдарға қойылған экспонаттарға талдау жасалды. Сондай-ақ, музей ортасына қойылған «Репрессия» ...
Толығырақ »БАНКТІҢ ЖАҢА КЕҢЕС ОРТАЛЫҒЫ
Еліміздің үшінші мегаполисі – шырайлы Шымкентте Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа кеңес беру орталығы ашылды. Ендігі жерде депозит ашып, кеңес алғысы келген қала тұрғыны өзіне ыңғайлы орталыққа бару мүмкіндігіне ие болды.Жаңа заманауи форматта жабдықталған Халыққа кеңес беру орталығы Қонаев гүлзары мен Рысқұлов көшесі қиылысындағы «Автомир» сауда орталығында орналасқан. Осылайша, жеке кеңесшілер желісі бар Қазақстандағы жалғыз банктің қаламыздағы кеңес беру ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ: «Жастар ресурстық орталығына» басшы тағайындалды
Шымкент «Жастар ресурстық орталығына» басшы тағайындалды. Бүгінге дейін «Jol entertainment» ЖШС директоры қызметін атқарған. Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жаңа басшысы болып Молдабеков Бауыржан Қамбарбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды ernur.kz порталына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бауыржан Қамбарбекұлы 1990 жылы 10 қаңтарда Шымкент қаласында туған. Еңбек жолы 2012 жылы Шымкент қалалық Шымкент жастары орталығының әкімшілік және шаруашылық бөлімінің басшысы; 2013 ...
Толығырақ »