Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары (страница 52)

Облыс жаңалықтары

5 БӨЛМЕЛІ ТҰРҒЫН ҮЙ КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Бүгін Бәйдібек ауданы, Шақпақ елді мекенінің тұрғыны төрт баланың әкесі Бақытжан Ынтыбаевқа ауданның жомарт жандарының бірі «Ерсұлтан-Агро» ЖШС-нің төрағасы Ерболат Мырзабеков өз қаржысы есебінен сатып алынған 5 бөлмелі тұрғын үйді тарту етті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қатысып, қоныстой иесі Бақытжан Ынтыбаевқа шаңырақтың шаттығын тілеп, естелік сыйлық тарту етсе, Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді «Ел үлесі пәтерге» жобасы бойынша ...

Толығырақ »

БІРЛІГІ БЕКЕМ ЕЛ — БЕРЕКЕЛІ ЕЛ

Арыс қаласы, Дермене ауылдық округ тұрғындары Мақтаарал ауданындағы тасқын судан жапа шеккен елді-мекен тұрғындарының жағдайын ести сала еріктілер, кәсіпкерлер мен ауыл халқы бірлесе отырып, көмек қолын созуға асықты. Ауыл халқы бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірауыздан Мақтаарал халқына азық-түлік пен киім-кешек, гигиеналық заттар, көрпе-төсек және күнделікті тұтынатын қажетті заттар алып, тарқатты. Ауыл әкімі өз атынан 500 нан жіберді. ...

Толығырақ »

ЕСКЕКТІ ҚАЙЫҚТАН АЯҚ-КИІМГЕ ДЕЙІН

Көршілес Өзбекстанда су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданының елдімекендерін су басып, 30 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланғаны белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтік комиссияға тез арада тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Төтенше жағдай орын алған алғашқы күннен бастап Арыс қаласы тұрғындары бұдан сырт қалмады. Қала әкімдігі мен қала тұрғындары зардап ...

Толығырақ »

САЙРАМДА АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысы Сайрам ауданы бойынша 21195 азамат Ұлы Отан соғысына аттанып, 8115-і еліміздің бостандығы мен жеңіске жету жолында сұрапыл соғыста қаза тапты. Бүгінгі таңда ауданымызда 4 Ұлы Отан соғысының ардагері, 1-уі теңестірілген, 838- тыл еңбеккерлері және 15 ҰОС ардагерлерінің жесірлері бар. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, аудан басшылары Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйлеріне барып құттықтады. Құттықтау барысында Қазақстан Республикасы Президентінің ...

Толығырақ »

ӘР ТҰРҒЫНҒА 100 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН ТӨЛЕНЕДІ

Мақтаарал ауданындағы жағдаймен танысуға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр келіп, облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге су басқан Нұрлыжол, Өргебас, Фирдоуси ауылдарын аралап, елдімекен тұрғындарымен кездесті. Ақсақалдармен сөйлесіп, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдаған мемлекеттік комиссия мүшелері Мырзакент елдімекенінде жиналыс өткізді. Түркістан облысы әкімінің ұсынысы бойынша Мемлекеттік комиссия шешімімен Мақтаарал ауданындағы қызыл су басқан ауылдардың әр тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы төленеді. Мырзакент елдімекенінің ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

«Ордабасы» футбол клубы Мақтаарал ауданының тұрғындарына қолдау көрсетті, деп жазады «Ордабасы» футбол клубының ресми парақшасына сілетеме жасаған DIDARBEK.kz ақпарттық агенттігі. «Ордабасы» футбол клубының ұжымы су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал тұрғындарына көмек көрсетті. Клубтың қызметкерлері апаттан зардап шеккен тұрғындарға азық — түлік және ең қажетті заттарды жеткізіп берді. «Ордабасы» ФК спорттық директоры Қайрат Әшірбеков: — Басшылық, бапкерлік штаб, футболшылар және клубымыздың әкімшілігі ...

Толығырақ »

200 ТОННАҒА ЖУЫҚ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖЕТКІЗІЛДІ

Мақтарал ауданына 200 тоннаға жуық азық – түлік көмегі жеткізілді, деп жазады облыс  әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Тасқын судан зардап шеккен мақтааралдықтарға жан-жақты көмек көрсетілуде. Жомарт жүректі азаматтар еліміздің түкпір-түкпірінен қаржылай және гуманитарлық көмек жолдауда. Қазірдің өзінде Атакенттегі арнайы дайындалған қоймаға 200 тоннаға жуық азық-түлік қоры жиналды. Ұн, күріш, май және киім-кешек пен күнделікті қолданысқа қажетті заттар Мақтаарал ...

Толығырақ »

КЕЛЕСТІК 12 ДӘРІГЕР МАҚТААРАЛДА

Мақтааралдағы төтенше жағдай басталған кезден бастап Келес ауданынан 70 қызметкер жұмылдырылған болса, бүгінде олардың саны 30-ды құрайды. Ал медицина қызметкерлерінен 12 дәрігер, 4 фельдшер және 2 жедел жәрдем көлігі Мақтаарал ауданындағы Келес ауданына жауапты етіп берілген Фирдауси және Жантақсай елді мекеніндегі эвакуцияланған тұрғындардың денсаулығына қарауда. Жалпы Келес ауданына қарасты 4 эвакуациялық пунктте медицина қызметкерлері күні-түні демей,  24 сағат бойы әр ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИДЕН КӨМЕК КЕРУЕНІ ЖІБЕРІЛДІ

Бүгін Төлеби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 10 тоннадай гуманитарлық көмек арқалаған керуен Мақтаарал ауданына жіберілді, деп жазады Төлеби  ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Керуенге жалпы құны 2 млн 633 мың теңгені құрайтын азық-түлік, су, 3750 кг ұн, 1500 кг макарон өнімдері, 1000 кг күріш, 1000 кг қант, 800 литр пісте маймен бірге, гигиеналық және күнделікті тұрмысқа қажетті заттар тиелген. ...

Толығырақ »

БІЗДІҢ БІРЛІГІМІЗ – ҚАЗІРГІ ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРУДІҢ КЕПІЛІ

Дүние жүзін дүрліктірген коронавирус әлемдік экономиканың ағзасына да айтарлықтай нұқсан келтіруде. Пандемияның салдарынан өндіріс орындары, фабрикалар, ауылшаруашылығы құрылымдарының жұмысы саябырлады, миллиардтаған шығынға батуда. Бұл әсіресе азық-түлік нарығында анық байқалып отыр. БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бас экономисі Максимо Каллен өз мақаласында «Ұзаққа созылған пандемия фермер, ауыл шаруашылық мекемесі, өңдеуші, жеткізуші, сатушы сияқты түрлі салаларды қамтитын азық-түлік тасымалына жылдам қиындық ...

Толығырақ »

РОМАН СКЛЯР МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр су басқан ауыл тұрғындарымен кездесіп, оларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін жеткізді. «Қазақстан Президенті Мақтаарал ауданының судан зардап шеккен бірде-бір тұрғыны көмексіз қалмайтынын айтты. Сол себепті, сіздерге тек түсініктік танытуды сұраймын. Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі. Президент Үкіметке Өзбекстандағы су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан су басқан ауылдардың тұрғындарына жан-жақты материалдық көмек көрсетуді тапсырды», — ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДЫҚТАР ЕЛГЕ АЛҒЫС АЙТУДА

Мақтаарал ауданындағы эвакуация орындарындағы 3 мыңнан астам адамның бүгінгі жай-күйі бірқалыпты. Олардың барлығы медициналық тексерістен өткізіліп, жатын орын менкөрпе-төсекпен тегіс қамтылған. Тұрғындарға күніне үш мезгіл тамақ үлестірілуде. Азық-түлік пен жеке бас гигиенасын сақтауға қажетті керек-жарақтың бәрі жеткізіліп берілуде. Барлық аудандарындан жеткізіліп жатқан көмек төтенше жағдайға байланысты жасақталған орталық қоймада сақталады. Эвакуация орындарда, яғни, мектептер мен колледж, мешіттерде орналасқан тұрғындар осындай ...

Толығырақ »

ӘКЕ ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН ҚОС БАУЫРДЫҢ ОҚИҒАСЫ…

«2017 жылдың көктемі болатын. Дәл осы күні аспаннан біреу суды шелектеп құйғанмен бірдей ерекше болып, жауын жерге сатырлап молынан төгілді де тұрды. Жұмыстағы шаруаларымды реттеп, үйіме әдеттегіден кештеу қайттым. Тергеуші болғаннан соң әрбір тапсырылған істің ақ қарасын ажыратамын деп кейде кабинетте қонып қалатын кездер де кездеседі. Таңертең таңғы 6.00-де тұрып, жұмысқа жиналдым. Күн ашылып, ауа райының тосын мінезі басылған. Дәл ...

Толығырақ »

Н.ТҰРАШБЕКОВ АУДАННЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІМЕН ТАНЫСТЫ

Ордабасы ауданының әкімі Н.Тұрашбеков ауданның тыныс — тіршілігімен танысуды бастады. Алғашқы кезекте Бадам ауыл округіндегі қазақ-түрік индустриалды аймағына ат басын бұрды. Мұнда осындағы «Казкиоти» трактор зауытының жағдайына назар аударды. Кәсіпорын өкілдерінің айтуынша бірқатар проблемалар бар. Зауытта газ, су мәселелелері шешілмеген. Аудан басшысы олардың мәлімдемелерін тыңдап болған соң, бір-бір жарым айдың көлемінде қандай шара қолданылатыны жөнінде айтатынын жеткізді. Осыдан кейін Нұрбол ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛ: ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН ОҚУ ЖҮЙЕСІН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекен оқушылары эвакуациялық пункттерде білімдерін жалғастыруда, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Аудандағы су басқан Жеңіс, Нұрлы жол, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарында жалпы саны 5 мектеп болса, ондағы оқушылар саны – 1638 құрайды. Мектепке дейінгі білім беру ұйым саны — 6 ондағы тәрбиеленушілер саны — 425. Эвакуация пункттерінде балаларға қашықтан оқу бойынша ...

Толығырақ »

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН – ЖҮК ЖЕҢІЛ!

Мақтаарал ауданында орын алған апат арыстықтардың ғана қайғысы емес, бүкіл халықтың қайғысы. Қиын сәтте барша халық Мақтарал тұрғындарымен бірге екендіктерін көрсетіп, қолдан келген жәрдемдерін беруде. Қазіргі уақытта барлық отандастарымыз бірлесіп қасиетті ораза айында мейірімділік танытып, қиын жағдайда қалған жерлестерімізге көмек көрсетуде. Кез-келген оқиғаға сабырмен қарап, байыппен шешетін қазақ елі осындай қиын-қыстау кезеңде де халқымыз ұйымшылдығы мен ынтымақтастығын көрсетуде. Алла елшісінің, ...

Толығырақ »

БЕС МОБИЛЬДІ ХҚО КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның тапсырмасымен Мақтаарал ауданындағы тасқын судың зардабынан эвакуцияланған тұрғындарға құжаттарын қалпына келтіруде көмек көрсету үшін жасақталған 5 мобильді топ апат аймағына жіберілді. Мемлекеттік корпорацияның барлық қажетті құралдармен жабдықталған мобильді ХҚО-лары аудан бойынша орналасқан 24 эвакуациялау пунктерін кезекпен аралайды. Мамандар зардап шеккен жергілікті тұрғындарға мемлекеттік қызметтер бойынша құқықтық кеңес беріп, құжаттарын қалпына келтіру ...

Толығырақ »

МАҚТААРАЛ: АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОСЫМША КҮШ ТАРТЫЛДЫ

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдаймен күреске қосымша күш тартылуда, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Түркістан облысынан 55 қызметкер 21 мотопомпа, 6 техника, Жамбыл облысынан 50 маман, 8 техника, 3 қайық, 15 мотопомпа келсе, Шымкент қаласынан 40 адам, 8 техника, 10 мотопомпа, 2 қайық, Қызылорда облысынан 45 қызметкер, 6 техника, 4 қайық, 10 мотопомпа келді. ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: НАРБАЕВ АБЫЛАЙ

1939 жылдың 1 қыркүйегінде фашистік Германия Польшаға шабуыл жасады. Кейін Англия жəне Франция бұл мемлекетке қарсы соғыс жариялаған соң, екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Оған әлемнің 72 мемлекеті қатысып, 62 миллион адам ажал құшты. Ал 1941 жылдың 22 маусымында Үшінші Рейх әскерлері Кеңес Одағына соғыс ашты. Тарих жылнамаларына Ұлы Отан соғысы деп жазылған соғысқа, кеңес әскері қатарына 1 миллион 200 мың ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: ҚАСЫМБЕК КЕНЖЕБЕКОВ

Ұлы Отан соғысы жылдары Арыс қаласынан 10503 жауынгер аттанды. Сұрапыл соғыс жылдары Арыс қаласынан Кеңес Одағының 6 батыры шыққан. Олар Нағи Ильясов, Бейсен Онтаев, Иван Журба, Берген Исаханов, Ережепбай Молдабаев, Садық Исмаилов. Зұлмат соғысқа қатысқан азаматтардың есімдері қала орталығындағы «Жеңіс» аллеясындағы ескерткішке қашап жазылған.  Бүгінде қан майданнан елге оралған жауынгерлердің екеуі ғана арамызда. КЕНЖЕБЕКОВ ҚАСЫМБЕК Кенжебеков Қасымбек 1922 жылдың 4 ...

Толығырақ »

ҰОС АРДАГЕРІ: ТӨРЕБАЕВ БАДАН

1945-1945 жылдары қан майданға біздің өңірден де жерлестеріміз аттанып, елге оралмағаны қаншама… Бүгінде елге оралғандарының өзі саусақпен санарлықтай қалған. Ұлы Отан соғысының ардагері Төребаев Бадан – 1926 жылы дүниеге келген. 1944 жылы 15 қазанда әскер қатарына шақырылды. 4 ай әскери дайындықтан өткен соң, Беларусь майданында жорық жолы басталып, ауыр шайқаста ерекше ерлігімен көзге түсті. Сондағы жанқиярлығы ескеріліп, «Ерлігі үшін» медалімен ...

Толығырақ »

ТАМШЫДАЙ БОЛСА ДА КӨМЕГІМ ТИСЕ ЕКЕН

Апаттың айтып келмейтіні ақиқат. Сондықтан осы қиындықта біз, барша қазақстандықтар, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» отырып, бірлікті ту еткен ел екенімізді дәлелдеуге тиіспіз. Тамшыдай болса да көмегім тисе екен деген арыстық, М. Әуезов мектебінің 4 «ә» сынып оқушысы Орынбасар Кәусәр тиын жинағыш аққуға жинаған ақшасын Мақтарал ауданында зардап шеккен тұрғындарға берді. Ел басына күн туған қысылтаяң шақта бірлігі ...

Толығырақ »

БІЗ БІРГЕМІЗ, СӨГІЛМЕСІН ІРГЕМІЗ!

Биылғы жылы бүткіл әлемді дүрліктірген пандемия, қазақ елін де айналып өтпеді. Бұл індеттен арылудың жолында мемлекет басшысы тиісті сала мамандарына тапсырма беріп, алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізуде. Апат айтып келмейді. Жығылғанға жұдырық дегендей айдың  -күннің аманында, Мақтааралдықтардың басына тағы да қиын сәт туды. Қазақ елінің бірлігі мен ынтымағының арқасында, бұл қиындықты да еңсереміз. Арыс қаласының жанашырлары мақтаралдықтарға азық-түлік, киім — ...

Толығырақ »

15 МЫҢ ТЕҢГЕНІ АЛУ ЖОЛДАРЫ…

Мемлекет ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айлары үшін коммуналдық қызметтерге ақы төлейді. Барлық өтініштер мамыр айының соңына дейін https://t.me/SmartTurkistanBot арқылы қабылданады. Өтініш беру үшін аудан орталығымен ауылдық округ әкімшіліктеріне барудың қажеті жоқ, барлығы үйде отырып телефон арқылы жасалынады. Төлемді кімдер алады? 1, 2, 3 топ мүгедектері; • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар; • көпбалалы отбасылар; • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы Отан ...

Толығырақ »

БІЗ БІРГЕМІЗ, СӨГІЛМЕСІН ІРГЕМІЗ!

Бүгін Түркістан облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттарының ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты гуманитарлық көмек керуені жолға шықты. Аталған кереуен ішінде Арыс қалалық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппараты ұжымының атынан көрпе-төсек, 2500 тоннадай азық-түлік пен бақша өнімдері бар. Алдағы кезеңде Мемлекет басшысы тікелей бақылауда ұстап, тұтас Қазақ елі жұмыла көмектесіп жатқан бұл мекен қысқа уақытта қалпына келіп, жаңарған, ...

Толығырақ »