Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет (страница 61)

Әлеумет

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІ АРТТЫРУ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев өңірдегі қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесіп, алқалы жиын өткізді. Жиынға облыс, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқарма, бизнес-құрылым және коммерциялық ұйымдар басшылары, аудан, қалалардағы үкіметтік емес ұйым басшылары мен облыстық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Жиынды Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев жүргізіп отырды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков облыстағы қоғамдық бірлестіктердің қызметі туралы баяндама жасады. ...

Толығырақ »

ЖАҢҒЫРУ ТҮРКІСТАННАН БАСТАЛУ ҚАЖЕТ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Түркістан қаласына жасаған сапары барысында Елбасы айтқан ұлттық сананың жаңғыруы осы рухани қаладан басталу қажеттігін айтты. Жұмыс сапары аясында Ұласбек Сәдібекұлы бастаған арнайы топ ең алдымен №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының жаңартылған білім беру мазмұны бойынша апробациядан өтуін пысықтады. Мұнан соң, Түркістан гуманитарлық-техникалық колледжінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жаңа спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты. ...

Толығырақ »

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті жерлестер! Сіздерді Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев – барлық Қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет тілеймін! Тәуелсіз еліміздің қалыптасуынан бастап Мемлекет ретінде дамудың ...

Толығырақ »

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Қадірлі отандастар! Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1991 жылы 1 желтоқсанда тарихымызда тұңғыш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда қазақстандықтар өз Президентін сайлап, дамудың жаңа жолын таңдаған болатын. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы басшылығымен халқымыз Тәуелсіздік Туын биікке көтеріп, дамудың даңғыл жолына бет түзеді. Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны бөлек. Себебі ...

Толығырақ »

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді, 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Жыл санап жоғары қарқында дамып келе жатқан еңселі еліміздің асқақ мəртебесінің артуына сарабдал саясатты көшбасшысыздың еңбегі орасан. Қазақ халқының алтын əріппен қашалған мəңгілік тарих қойнауының төл беттерінде Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақыл, парасатпен, келешекке із салар айрықша саясатпен ...

Толығырақ »

ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті жерлестер! Баршаңызды Тұңғыш Президент күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін шардаралықтар барлық қазақстандықтармен бірге ерекше мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз. Бұл мереке жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша еңбегіне құрмет ретінде белгіленді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан басшылығына қиын кезеңде келді. Алайда, Мемлекет басшысының кемеңгерлігі мен саяси ерік-жігері қиындықтарды еңсеріп қана қоймастан, бүгінгі ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті аудан тұрғындары! 1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Осыған орай, Сіздерді еліміздің айтулы мерекелерінің бірегейі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз! 1-желтоқсан – қазақстандықтардың өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы таңдау жасаған мемлекеттің мерейлі күні.  Қазақстанның егемендігін алып, өз алдына жеке мемлекет болуы Мемлекет басшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Ұлт көшбасшысы сындарлы шақта ...

Толығырақ »

АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті арыстықтар! Сіздерді 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын ықыласпен қызу құттықтаймын! Республика жұртшылығы бұл мерекені биыл алтыншы рет тойлауда. Айқындап атап өтетін болсам: Бұл мереке алғашқы күннен-ақ халқымыз қадірлейтін, жақсы көретін мейрамға айналды. Біз Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы дамуы мен өркендеуі кезеңін қалай алып қарасақта, тарихтың осы бір айтулы кезеңінің парақтарын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті шымкенттіктер және қала қонақтары! Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқан ширек ғасырдан астам уақыт ішінде еліміз күллі әлем танып, мойындаған еңселі мемлекетке айналды. Еліміздің бұл жеткен жетістігі мен шыққан биігі сөз жоқ егемендігіміздің, бірлігіміз бен тұтастығымыздың беріктігін айғақтайтын айқын дәлел. Сондықтан бұл мереке –Тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп келе жатқан мемлекетіміз ...

Толығырақ »

ОҚО ӘКІМІ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті жерлестер! Баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1 желтоқсан – Қазақстанның тәуелсіздік алуына, ел еңсесінің көтерілуіне, халық арманының орындалуы мен мемлекетіміздің қарқынды дамуына іргетас болып қаланған күн. Бүгінгі мереке еліміздің тарихи таңдау жасап, тағдырлы шешім қабылдаған – Қазақстан Республикасының Президентін алғаш рет сайлаған күні. Осындай тағылымды мейрам қарсаңында облыс аумағында көптеген игі ...

Толығырақ »

ҚАРИЯҒА «КОЗЕЛ» ДЕГЕН ӘДЕПСІЗГЕ!

Әдептен неге сонша тайқып жүрсің – Қарт адамға «козел» деп айтып жүрсің?.. Бойыңды әдепсіздік билеп алған, Бет-моншағың төгілмей қайтып жүрсің?   Бар шығар ойнап өскен көшең сенің? Бар шығар әкең менен шешең сенің? Әкеңнің әкесіндей ақсақалға «Козел» дейтін кетті ме есең сенің?   Бір күні самайыңды ақ басады, Қалың бетті әжім мен қақ басады. Сенен асқан әдепсіз қыздар өсіп, Өзіңді ...

Толығырақ »

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ

Оңтүстік Қазақстан облысында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – қайырлы іс» форумы өтті. Облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен игі шараға облыстық мәслихаттың депутаттары, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері және өңір тұрғындары қатысты. Қайырымды жандардың басын қосқан шараның басты мақсаты көпшіліктің демеуімен науқас ...

Толығырақ »

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен аймақтағы білім саласының басшыларымен кездесті. Басқосу мақсаты – аталған оқу орнының озық педагогикалық тәжірибелерін өзге мектептерге тарату, аймақтағы инновациялық білім берудің сапасын арттыру. Кездесу барысында өңір басшысы бүгінгі таңда елімізде білім беру жүйесінің жаңа бағытқа бет бұрғандығын айтты. «Елбасымыз «Білім – ғылым – инновация» атты үштік ...

Толығырақ »

ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУДЫҢ БАРЫСЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ОҚО Ішкі істер департаментінің базасында болып, ондағы өтіп жатқан республикалық штабтық оқу-жаттығудың барысымен танысты. Облыс әкіміне Ішкі істер органының дайындығы мен қабілеттілік деңгейі және материалдық-техникалық базасы көрсетілді. Құқық қорғау саласының қызметкерлерімен тілдескен аймақ басшысы ішкі істер органының жұмысы заманауи техникамен қамтамасыз етілгенінде емес, мамандардың кәсібилігімен анықталатынын атап өтті. Айта кетейік, оқу-жаттығу шеңберінде дағдарыс жағдайы ...

Толығырақ »

7 МЛН. ҚЫЗМЕТ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылдың 10 айында 16 млн 400 мыңнан астам қызмет көрсетілсе, соның 7 миллионы электронды түрде ұсынылыпты. Бұл туралы әкімдіктің селекторлық отырысында облыс әкімінің аппарат басшысының орынбасары Қанат Төлендиев мәлім етті. Қазіргі таңда облыстық жергілікті атқарушы органдар тарапынан 192 қызмет түрі көрсетіледі. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 7 027 180 қызмет электронды түрде көрсетіліпті. Бұл жалпы ...

Толығырақ »

ЖАҢА АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАР

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Шымкент қаласындағы «Ескі қалашық» аумағында жүрзіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстармен танысты. Қалашықтағы қазба жұмыстарын «Археологиялық сараптама» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Қазір мұнда археологиялық қазба жұмыстарының бірінші кезеңі басталған. Аумағы 1000 шаршы метр болатын жерасты қаласын қазған археолог-ғалымдар көптеген тарихи жәдігер тапты. Осындағы жұмыстарды аралап көрген аймақ басшысы ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ

Биыл білім ордасы – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына – 80 жыл толып отыр. Аталған ұжымның мерейлі мерекелік шарасына ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, ҚР Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары мен ҚР Ұлттық ғылым Академиясының академиктері, облыстық маслихат депутаттары және жоғары оқу орындарының реткорлары мен проректорлары қатысты. Жоғарғы оқу орнын сексен жылдық меройтойымен құттықтаған ...

Толығырақ »

ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Оңтүстік Қазақстан облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында өзімізде өндірілетін және шеттен тасымалданатын азық-түлік тауар түрлеріне сараптама жұмыстары жүргізілуі тиіс. Ол үшін арнайы жоспар құрып, мониторинг жасалуы қажет. Екіншіден, өзімізде өндірілген тауарларды сақтау мәселесіне мән беруіміз қажет. Бүгін бұл туралы селекторлық жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Күн тәртібінде бірінші боп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жанар-жағар май бағасын ...

Толығырақ »

ТАРИХИ ОРЫНДАР ҚАЙТА ЖАҢҒЫРМАҚ

Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан, қалалардың дамуы бүкіл облыс бойынша бір концепция арқылы даму керек. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы – республикадағы орта ғасырлық қалалардың болуы жағынан, көлемі жағынан, жалғыз аймақ болып табылады. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысы қала құрылысы кеңесінің отырысында айтты. Алдағы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының тарихы қайта жаңғырмақ. Руxани жаңғыру бағытына сәйкес туризмді дамыту және ...

Толығырақ »

ЕЛБАСЫ – ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, болашаққа бағыт-бағдар беруде Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ерекше. Өткенді еске алып, тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА БАСТАУ АЛҒАН «RIC ON KO’RME» ЖӘРМЕҢКЕСІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Алғаш рет Оңтүстік Қазақстан облысында бастау алған «RIC ON KO’RME» атты жәрмеңке жалғасын табуда. Ерекшелігі – жәрмеңкеде тек қана «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы қаржыландырылған тауар өндірушілері өз өнімдерін нарықтан төмен бағада сатуға шығарады. Олар үшін орындар тегін беріліп, сатушыға да сатып алушыға да компания барлық жағдайды жасап беруде. Мақсат: ауылшаруашылығы тауарларын халыққа өндіруші бағасымен тікелей ...

Толығырақ »

«ӨРЛЕУ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәжіліс залында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың қатысуымен жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша тиісті мекемелердің дайындық барысы талқыланды. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр ашып жүргізіп отырды. Басқосуда сөз алған облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев 2018 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 300 мыңға жуық адамға ...

Толығырақ »

КУӘЛІК ТАБЫС ЕТІЛДІ

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданған 11920 адамның 3991 оқуды аяқтап, 1000 маман жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ, облыс әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес аудан, қала әкімдіктерінде әр бір ауыл округіне қажетті 30 түрлі мамандық бойынша 8676 азамат оқуға жолданған болатын. Бүгінде жолданған 8676 адамның 723-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Бүгін Сайрам ауданында өткен «Алтын күз» мерекесінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ...

Толығырақ »

328 МЫҢ ТОННА ШИТТІ МАҚТА

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары 328 мың тонна шитті мақта жинады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 41 мың тоннаға артық. Орташа түсімділігі гектарына 24,5 центнерден жиналған ақ алтынның 196,6 мың тоннасы немесе 60 пайызы машинамен терілді. Яғни, мақта алқаптарында 500 ден астам комбайн теру жұмыстарын жүргізді. Бүгінде жиын-терім науқаны толығымен аяқталды. Еліміз бойынша ақ алтынның 100 пайызы Оңтүстікте өндіріледі. Ал, мақта дақылын ...

Толығырақ »

52 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында 52 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Ал егістік көлемі 49 мың гектарға жетіп, тамшылатып суару әдісі 624 гектарда қолданылуда. Бұл жетістіктерді алдағы жылда да арттыра түсу үшін, ауданың потенциалын барлық салада тиімді пайдалуымыз қажет. Бүгін бұл туралы Сайрам ауданында өткен «Алтын күз» мерекесіне қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Өңір басшысы ауданға ...

Толығырақ »