Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан (страница 2)

Түркістан

Полиция балаларға арнап «ашық есік» күнін өткізді

Сайрам ауданының Полиция басқармасында мектептердің жоғары сынып оқушылары мен студенттеріне арналған «ашық есік» күні өтті. Іс-шараға полициямен қатар Төтенше жағдай қызметі де ат салысты. Мақсат- жастарға кәсіптік бағдар беру, өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеру, ішкі істер органдары қызметкерлері жайлы оң көзқарас қалыптастыру, олардың күнделікті қызметімен таныстыру. Сондай-ақ жас достарға тапсырмаларды орындауда қандай арнайы құралдарды пайдаланатыны көрсетілді. Полицияның “102” жедел желісіне ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Республикамызда 1 айға жоспарланған нашақорлыққа қарсы іс-шаралар науқаны басталған болатын. Осыған орай, Түркістан облысы полиция департаментінің мәжіліс залында Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың мәжілісі өтті. Мәжілісті Түркістан облысы әкімінің орынбасары, штаб төрағасы Бейсенбай Тәжібаев жүргізді. Аталған шараға Түркістан облысы полиция департаментінің орынбасары, полиция полковнигі Қ.Сахов, өңірлік ведомствоаралық штаб отырысының мүшелері, тиісті сала ...

Толығырақ »

ЖАСТАР АРАСЫНДА «АДАЛ АДАМ, АДАЛ ЕҢБЕК, АДАЛ ТАБЫС» АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ ӨТТІ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Сарыағаш ауданында жас ұрпақты ізгілікке бағыттайтын мақсатты шара өтті. «Адал адам, Адал еңбек, Адал табыс» тақырыбы аясында өрбіген шараның негізгі мақсаты — ел ертеңінің іргетасын қалайтын жастарды адал, парасатты тұлға болуға тәрбиелеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Жастар қауымын рухани кемелдендіруге бастайтын шарада ұйымдастырушылар жастарды ...

Толығырақ »

АШЫҚ АЛАҢДА АШЫҚ ӘҢГІМЕ

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков “Яссы” секторындағы О.Тілепов көшесінің тұрғындарымен кездесіп, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. — Мақсатым — атқарылған жұмыстар бойынша пікірлеріңізді тыңдау, кемшіліктер болса — өздеріңізден есіту. Біз таяу уақытта келесі жылдың жоспарын нақтылаймыз. Мәселелердің барлығын саралап, өзектілігіне сәйкес кезектілігін бекітуіміз керек. Айтылған барлық өтініштеріңіз назардан тыс қалмайды, ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ПІКІРІ МАҢЫЗДЫ

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков С.Қожанов көшесінде тұрғындармен кездесіп, ауланы абаттандыру жұмысына қатысты пікірлерін сұрады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қала басшысымен өткен кездесулердің бірінде көпқабатты үй ауласына асфальт төсеу жөнінде өтініш түскен болатын. Мәселені зерделей келе аулаға балалар алаңшасын және демалатын орындар орнату келісіліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Нұрбол Әбдісаттарұлы аяқталған істің басына барып, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН 11 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ

Полицейлер Түркістан облысы аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде, «ізін суытпай» 180-нен астам қылмысты ашты. Есірткі құралдарын тасымалдау мен сақтаудың 18 фактісінің жолын кесті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тәртіп сақшыларымен атқарылған жұмыс барысында 11026 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 950 құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Кәмелетке ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА МҰЗ АЙДЫНЫНДА ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚОЙЫЛЫМ ҚОЮ ЖОСПАРЛАНУДА

Түркістан бүгінде көптің арманына айналған қалаға айналып келеді. Жаңа ғимараттар бой көтеріп, мәдени-рухани бағыттан бөлек, халықтың спортпен тұрақты түрде айналысуына жол ашылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Соның ішінде «Мұз сарайының» орны ерекше. Енді мұнда театрландырылған думанды қойылым көрермен назарына ұсынылады. Бүгін осы бағытта Түркістан облысы мәдениет және туризм басқармасының Райымбек Сейтметов атындағы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ЗАҢСЫЗ ЖЕР ҚАЗУ ФАКТІЛЕРІ 30% АЗАЙҒАН

Түркістан облысы аумағында заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілері былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 30%-ға азайған. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Д.Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, құзырлы органдар мен аудан, қала әкімдіктері тарапынан қатаң бақылауға алынған. Қазіргі таңда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы тарапынан тұрақты түрде мониторинг жасалып, нәтижесінде, жыл басынан бері 12 заңсыз қазба нүктелері анықталды. Әрі қарай тиісті шара қолдану ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШІМДІКСІЗ АУЫЛ САНЫ 30-ҒА ЖЕТТІ

Түркістан облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде облыста 30-ға жуық ауыл ішімдіктен мүлдем бас тартқан. Осы қатарға биыл Сайрам ауданындағы Ханқорған ауылы еніп отыр. Игі бастама — ауыл ақсақалдары мен ел ағаларының бастамаларымен қолға алынған. Сайрам ауданы әкімінің орынбасары М.Әліпов Ханқорған ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауыл жастарының салауатты өмір салтына деген қызығушылығы артқанын айтты. Жалпы Сайрам ...

Толығырақ »

Құырлтайда қоғамға қауіпті бес кеселмен бүкіл ел болып күресу керектігін айтты

Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» деген өсиет сөзі қай заманда да мәні мен мағынасын жоғалтпайды. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақыратын тәрбиелік сөз жағымсыз қылық, жат әдеттен сақтандырады десек те, әр заманның өзіне тән кеселді қарекеттері болады. Күні кеше өткен үшінші ұлттық құрылтайда Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев бүгінгі қоғамға қауіпті бес кеселмен бүкіл ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН ЧИПТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

Бұл жайында қалалық Ветеринария қызмет филиалы басшысының м.у.а Бақтияр Иманов мәлімдеді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бақтияр Берікбайұлының мәлімдеуінше, шаһарда жыл басынан бері 1200 үй жануары чиптелген. Мекеме қызметкерлері 1310 жедел байланыс орталығына түскен өтініштер бойынша жедел әрекет етіп иесіз жүрген, агрессивті мінез танытқан 627 ит-мысықты жойды. Одан бөлек, үй жануарларын қараусыз қалдырған ...

Толығырақ »

КЕЛЕСТЕ КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫНА АРНАЛҒАН МҰРАЖАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Келестегі білім ордаларының бірінде Кеңес Одағының Батыры Лесбек Жолдасов атындағы мұражай жұмыс істейді. Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округінде орналасқан №39 Лесбек Жолдасов атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында 1995 жылы Ұлы Жеңістің 50 жылдығы қарсаңында сол кездегі мектеп директоры Жақсылық Молдабековтың басшылығымен арнайы мұражай ашылған. Батыр атындағы мұражайда Лесбек Жолдасовтың өмірінен сыр шертетін дүниелер жинақталған дейді мектеп директоры Ұлжамал Нысанбаева. ...

Толығырақ »

САЙРАМДА ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ ЖӨНІНДЕ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Кездесуде тиісті қызметкерлер азаматтарды әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту саласында, Қарабұлақ ауылдық округінде жер қатынастарын реттеу барысында, Мәдениет, дене шынықтыру және спорт салаларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстары туралы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ҚОРШАҒАН ОРТА ТАЗАЛЫҒЫНА НҰҚСАН КЕЛТІРГЕН 700-ДЕН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫНЫ АНЫҚТАДЫ

Бүгінде елімізде табиғатқа жанашырлық таныту, қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы қолға алынды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған жоба аясында Түркістан облысына қарасты аудан, қалалар мен елді мекендерде тазалық жұмыстары басталып кеткен. Сонымен қатар Түркістан облысының полицейлері қоршаған ортаның абаттандыру қағидаларын бұзу, ортақ пайдаланатын орындарды ластау, жасыл ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖӘНЕ ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістанда Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб мәжілісі өтті. Штаб төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қоғамның дертіне айналған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресті жандандыру қажет екенін айтып, жауапты мекеме басшыларына жұмысты ширатуды тапсырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. – Әр аудан мен қалаға жүйелі түрде ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ ЖӘНЕ БӘЙДІБЕК АУДАНДАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР АЙТЫЛДЫ

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Нұралы Әбішев бастаған топ Созақ және Бәйдібек аудандарының кәсіпкерлерімен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Алқалы жиындарға Түркістан облысы прокурорының орынбасары Саян Келдібеков, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Орынбасар Кабиштаев, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ...

Толығырақ »

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Мақтаарал ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Асанов Бахыт Насырханұлы төрағалық етіп, Мәжіліске Мақтаарал ауданының прокуратурасы, Мақтаарал ауданының полиция бөлімі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мақтаарал аудандық бөлімінің, «Мақтаарал аудандық ветеринариялық қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның филиалының, Түркістан облысы бойынша Ветеринариалық бақылау және қадағалау комитетінің басшысы, Мақтаарал аудандық инспекциясының басшысы, Мақтаарал ...

Толығырақ »

ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК ЖОБАСЫ — ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі облыстық және аудандық мәслихат депутаттарының, облыстық, жергілікті прокуратура, департамент, басқарма қызметкерлерінің, заңгерлер мен адвокаттардың қатысуымен тұрғындардың арыз-өтініштері бойынша Төлеби ауданы Бірінші Мамыр елді мекенінде «Құқықтық көмек» жобасы аясында мобильді көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қоғамдық қабылдауға аудан әкімі Төлеген Телғараев бастаған дербес ...

Толығырақ »

ТӨЛЕБИ: АППАРАТТЫҚ ЖИЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліс күн тәртібіне сәйкес, үш мәселе қаралып, орындалу барысы талқыланды, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Ауданда туризмді дамыту мәселелері мен перспективалары туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Асхат Раимбеков баяндады. Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, аудан аумағында 85 туристік ...

Толығырақ »

Бәйдібекте кәмелетке толмағандардың мәселесі талқыланды

Бәйдібек ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен білім мекемелерінде жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижелері мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытында кеңейтілген тәртіпте мекемеаралық мәжіліс өткізілді, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Іс-шара Мемлекет Басшысының, Бас прокуратура мен облыс прокуратураларының тапсырмасы негізінде жүзеге асырылды. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, аудандық орталық аурухана, ...

Толығырақ »

Түркістан облысында ерлікпен қаза тапқан полицейдің атына арналған кадет сыныбы ашылды

Отан қорғау ісінде ардагерлерімізді үлгі тұтып, намыс туын әрдайым жоғары ұстау міндетіміз. Осы бағытта Түркістан облысы Кентау қаласындағы Ә.Молдағулова атындағы №19 мектеп-лицейінде қызмет бабында қайтыс болған Рысбай Құдайбергенұлының есіміне «Кадет сыныбы» ашылды. Сыныптың ашылу рәсіміне Полиция Департаментінің Тәрбие және кадр саясаты басқармасының бастығы М.Асқаров, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ғ.Тулепов, полиция полковнигі С.Үсіпбеков, ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Танкибаев пен Рысбай Құдайбергенұлының жұбайы ...

Толығырақ »

ЖЕҢІС КҮНІ МЕН ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

Түркістан облысы Полиция департаменті Қазығұрт ауданы полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратында 9-мамыр Жеңіс күні және «Отан қорғаушылар» күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шарада Қазығұрт ауданындық полиция бөлімінің басшысы құттықтау тілегін білдіріп, еңбек ету жолында өздерін жақсы жағынан көрсетіп, құқықбұзушылықтың алдын алуда үлестерін қосып жүрген бірқатар қызметкерлер марапатталды. Ұлы Отан соғысы әр отбасы үшін де орны толмас қайғы-қасірет әкелді. Майдан даласынан ...

Толығырақ »

Полиция мектеп оқушыларымен түрлі бағытта кездесулер өткізді

Сарыағаш ауданы ювеналды полиция тобының инспекторлары жас буынмен маңызы зор, танымдық іс-шаралар өткізді, деп жазады Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Полицейлер алғашқы кездесуді №38 М.Мақатаев жалпы орта мектебінде ұйымдастырды. Жиында мектеп оқушылары арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, оған қоса кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың жол бермеу және құқықтық сауаттылығы ...

Толығырақ »

ПОЛИЦЕЙЛЕР ҚЫЛМЫССЫЗ АУЫЛ ҚАТАРЫНЫҢ КӨБЕЮІНЕ ҮЛЕС ҚОСУДА

Қазығұрт ауданында жыл басынан бері бірде-бір қылмыс орын алмаған және отбасы саласындағы зорлық-зомбылық бойынша шақыртулар түспеген ауыл бар. Ол Шарбұлақ ауылы. Аталған ауылда «Ізгілікке бет бұрған ауыл» тақырыбында жиын өтті. Оған Түркістан облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы А. Тастанбеков, аудан әкімі А.Исмаилов, полиция бастығы А.Серикбаев пен ақсақалдар кеңесінің төрағасы А. Омар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар қатысты, деп жазады Түркістан ...

Толығырақ »

КЕНТАУДА «БҰЗУШЫЛЫҚҚА ТОҚТАМ» АТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Кентау қаласы әкімдігінің мәжіліс залында облыс прокуратурасымен «Бұзушылыққа тоқтам» жобасы аясында жиналыс өткізілді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Іс-шараға Кентау қаласы әкімінің орынбасары А.Байболова, Түркістан облысы прокуратурасының Басқарма прокуроры Р.Айдарбеков және Кентау қаласы прокурорының орынбасары А.Әлі және мекеме қызметкерлері қатысты. Р.Айдарбеков ағымдағы жылдың өткен кезеңінде қылмыстылықтың жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижелерін баяндап, арнайы бейнероликтер көрсетті. ...

Толығырақ »