Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан (страница 4)

Түркістан

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ЕГІЛГЕН ГҮЛДЕР САНЫ 200 МЫҢҒА ЖЕТЕДІ

Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында ауқымды шара жалғасуда. Аталған шараға тұрғындар, мемлкеттік мекемелер мен кәсіпкерлік ұйымдар, белсенділер мен еріктілер қатысты. Акция аясында бекітілген аумақтарда тазалық және ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізіліп, ағаштар әктелініп, аяқ жолдар қоқыстан тазартылды. Саябақтар және скверлер, балалар және спорт алаңшалары ретке келтірілді. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам ...

Толығырақ »

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Созақ ауданының әкімі Тұрысбеков Мұхит Сексенбайұлының Созақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі 2024 жылғы 10 сәуір сағат 11:00-де ауылдық мәдениет үйінде өтеді. Созақ ауылдық округінің азаматтарын жеке қабылдау сағат 12:00-де болады. Сызған ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі 2024 жылғы 10 сәуір сағат 15:00-де ауылдық мәдениет ...

Толығырақ »

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ ЖАЛҒАСУДА

Арыс халқы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинауды әлі де жалғастыруда. Көмек жинау пункті Арыс қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар Ресурстық орталығы» ғимаратында жанынан құралған. Наурыз айынан бастап жұмыс істеп жатқан уақытша көмек орталығы осы уақытқа дейін 2 газель қажетті заттарды Батыс Қазақстанға жіберіп үлгерді. Гуманитарлық көмек қабылдау пункті жұмысын әлі де жалғастыруда. ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР: -Киім-кешек. -Балаларға ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ КРЕДИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕКТЕРІН ОҢТАЙЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында медициналық ұйымдардың кредиторлық берешектерін оңтайландыру мәселесі қаралды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы Нұрлан Қыдырбаев, Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев және аурухана басшылары қатысты. – Өңіріміздегі медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегін оңтайландыру арқылы қаржылық тұрақтылықты жақсартуға болады. Бұл бағытта біршама жұмыстар атқарып келеміз. 2022 жылы ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ БЕС ЖҮЗГЕ ЖУЫҚ АДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Жыл басынан бергі үш айда жұмыссыз жүрген аудан тұрғындарының 494-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Ал, уақытша жұмыс орындарына 734 адам жолданып отыр. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіштерді арттырып, тұрақты жұмыс орындарына кемінде 2400 адамды, уақытша жұмыс орындарымен 1665 астам адамды қамту жоспарлануда. Бұл туралы бүгінгі аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық жиында аудандық Мансап орталығының директоры Ерсұлтан Байбатчаев мәлімдеді. ...

Толығырақ »

АУДАН ӘКІМІ ИНВЕСТОРЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшының инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тапсырмасын орындау аясында Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев, аудан прокуроры Оразәлі Әбдіраманов инвестициялық жоба жетекшілермен кездесті. Табиғаты тамылжыған Төлеби ауданында кәсіп ашқысы келетін инвесторлар саны артып келеді. Аудан экономикасын дамыту үшін инвестиция тарту­дың маңызы зор. Себебі инвес­тиция – ел экономикасының темірқазығы, еліміздің жаhан­­дық деңгейдегі бәсекеге қабілет­ті­лігін арттырудың кілті болып табылады. Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» АЯСЫНДА САЛЫНАТЫН 63 МЕКТЕПТІҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАСАҚТАЛУДА

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асады. Ұлтық жоба аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары 63 жаңа мектеп бой көтереді. Мектептердің құрылыс жұмыстарына дайындық қалай? Нендей мәселелер бар? Осы және өзге де сұрақтар облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте кеңінен сөз болды. – «Жайлы мектеп» жобасы – өңірімізде мектеп тапшылығын шешуге берілген үлкен мүмкіндік. Енді ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ЕҢ ҮЗДІК ҮШ ӨНІМ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы өңір аумағында ҚР Үкіметінің «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы» аясында қаржылай емес қолдау шараларының бірі ретінде «Мен – кәсіпкер» құралын жүзеге асыруда. «Мен – кәсіпкер» құралының қызметтерінің бірі «Бір ауыл – бір өнім» жобасы. Жыл басынан бері жобаға қатысуға ниетті кәсіпкерлерден 60-тан астам өтініш түсті. Солардың ішінен жобаның мақсаты мен талаптарына сәйкес келетін ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 20 ӘЛЕУМЕТТІК ДҮКЕН АШЫЛАДЫ

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласында әлеуметтік дүкендер санын көбейтуді тапсырған болатын. Осыған орай «Түркістан» ӘКК» АҚ тарапынан көлемі 50 шаршы метрді құрайтын жаңа әлеуметтік дүкендерді салу, олардың санын 50-ге жеткізу бағытында жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күні бұрыннан жұмыс атқарып келген көлемі 24 шаршы метрлік 13 әлеуметтік дүкенге қосымша жаңадан әрқайсысының көлемі 50 шаршы метрді құрайтын 17 жаңа әлеуметтік дүкен салынып, ...

Толығырақ »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АРЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ІСКЕРЛІГІН ЖОҒАРЫ БАҒАЛАДЫ

Арыс қаласының бір топ кәсіпкері қытайлық компаниялармен бірлесіп, зауыт ашуға бел буып отыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қытайдан оралған арыстық кәсіпкерлерді қабылдады. Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова бастаған делегация құрамында болған азаматтар Қытай Халық Республикасындағы бірнеше зауыт-фабриканың жұмысымен танысқан. Осы сапардан кейін арыстықтар жергілікті кәсіпкерлер одағын құруды көздеп отыр. – Қытайда болдық. Көптеген кәсіпорындарды, зауыт-фабрикаларды көріп, таң қалдық. Содан кейін ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ БЕСІНШІ СЕССИЯСЫНДА ӨҢІРДІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

2023 жылғы 11 қыркүйекте сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті бесінші сессиясы өтті. Сессия жұмысының алдында мәслихат төрағасы облыстағы жаңа кадрлық тағайындауларды хабарлап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басты басымдықтарына тоқталды. Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті бесінші сессиясының жұмысына облыс әкімі Дархан Сатыбалды, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары, облыстың мемлекеттік ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін Түркістанда Өзбекәлі Жәнібеков атындағы «Тайқазан» халықаралық ұлттық және этникалық киімдер байқауы өтті. Халықаралық шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев қатысып, ашып берді. – Халықаралық шараның мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің есімімен аталуы бекер емес. Өйткені қазақ халқы үшін Өзбекәлі аға тайқазанның киелі шаһарға қайта оралуына, Наурыз мерекесінің қайта жандануына тікелей себепкер болды. Қазір Түркістанымыз да облыс орталығына ...

Толығырақ »

ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕР ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙ ТАҒАМЫН ҰНАТАДЫ?

Елімізге келген туристердің басым бөлігі қазақтың ұлттық тағамдарына таң қалып жатады. Отандық туроператорлар жүргізген сауалнамаға сәйкес, шетелдік қонақтар арасында ең танымал ұлттық тағам – қазақша ет екендігі анықталды. Қазақша ет еліміздің барлық қалалары мен демалыс орындарында беріледі. Туристердің талғамына сай жылқы, сиыр немесе қой етінен дайындалып, қонақтарға ұсынылады. Екінші орында – бауырсақ. Еліміздің әр өңірінде ұннан жасалатын өнімнің өзіндік рецепті ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА МӘДЕНИЕТ САЛАСЫН ДАМЫТАТЫН ЖАҢА МАМАНДАР ҚАБЫЛДАНЫП ЖАТЫР

Түркістан өңірінің рухани-мәдени саласын дамытуға оң қадамдар жасалуда. Бүгін «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде жаңа мамандарды қабылдау бойынша іріктеудің екінші кезеңі өтті. Өнерпаздардың арасынан вокалдық, классикалық, дәстүрлі оркестр жасақталып, би ұжымы іріктелді. Мамандарды Қазақстанның үздік өнер иелерінен құралған кәсіби комиссия бағалады. Бүгінгі күнге 40-тан астам үміткер өз өтінішін білдіріп, соның 21-і өтті. Ал бұған дейін 33 өнерпаз іріктеліп, жалпы 54 маман ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ КӘСІПКЕР ЖЫЛЫНА 5-6 МЫҢ КӨШЕТ ШЫҒАРАДЫ

Сарыағаш ауданына қарасты Жемісті елді мекенінің тұрғындары көшет өсіруді кәсіпке айналдырған. Жемісті ауылдық округінің тұрғыны С.Пернебеков 25 жылдан астам уақыт жеміс және көрнекілік ағаштарының көшеттерін өсірумен айналысып келеді. Көшет егудің қыр-сырын жетік меңгерген көпбалалы әке жылына 5-6 мың көшет шығарады. Сонымен қатар кәсіпкер жеміс көшеттерін 2 жыл бойы өсіріп, сонан соң саудаға қояды. Жалпы бүгінде аталған көшеттерге сұраныс жоғары, сондай-ақ ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЕС ЖЫЛДА 100 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРДІ

Бүгін Түркістан облысының құрылғанына тура 5 жыл толып отыр. Осыдан дәл 5 жыл бұрын, яғни 2018 жылдың 19 маусымында Президент жарлығымен жаңадан Түркістан облысы құрылған болатын. Бұл тарихи шешім өңірге жаңа серпін берді және жан-жақты даму мүмкіндіктеріне жол ашты. Мәселен, соңғы 5 жылда өңірде 100 мектеп салынды. Рухани шаһар облыс орталығына айналмас бұрын білім ордаларының саны 900-дің жобасында болса, қазір ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: «Baqyla” еріктілері сайлаудың әділ өтуін қадағалайды

Естеріңізде болса, ҚР Президент сайлауы қарсаңында елімізде «Baqyla» қоғамдық ұйымы құрылып, саяси процесстің әділ өтуіне атсалысқан болатын. Тиісінше, маңызы зор саяси додалардың барысын қадағалауды мақсат еткен ұйым еріктілері 19 наурыздағы ҚР Парламенті мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын дұрыс өткізуге де үлес қоспақ. Нақтырақ айтсақ, ұйым еріктілері сайлау күні Түркістан қаласы мен Кентау қаласы аумағындағы 96 сайлау учаскесінде болып, әрбір ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БЮДЖЕТ КӨЛЕМІ МЕН САЛЫҚ КІРІСТЕРІН АРТТЫРУ ЖҰМЫСЫ КҮШЕЙЕДІ

Түркістан облысында қосымша кіріс көздерін анықтау, салықтан жалтарудың алдын алу бағытында жұмыстар күшейеді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте осы мәселе талқыланып, алдағы жоспарлар сараланды. – Облыста салық пен бюджет түсімін арттыруға мүмкіндік бар. Полиция департаменті мен инвестицияға жауапты басқарма заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларды зерделеп, келісімшартты орындамағандары үшін тиісті шара қолдануы қажет. Бұл тараптан да салық толық түсуі қадағалансын. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА 25 ӘМБЕБАП ДҮКЕН ИЕСІМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында қала аумағындағы 25 сауда орнымен келіссөздер жүргізіліп, меморандум түзілді. Меморандум бойынша келісімге отырған дүкендер азық-түліктің бастапқы бағасына 15 пайыздан артық үстемақы қоймауы шарт. Бағаның өсуі анықталған жағдайда келісімге тұрған дүкен иесіне әкімшілік шара көріледі. Бұдан бөлек, азық-түлік бағасының тұрақтылығын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 460 МЫҢ ТОННА ЕРТЕ КӨКТЕМГІ ӨНІМ ЖИНАУ ЖОСПАРЛАНУДА

Түркістан облысында жалпы егіс алаңы артып, 860 мың гектарды құрады. Өңірде көктемгі дала жұмыстары белсенді жүруде. Егістікті әртараптандыруға сәйкес дәнді дақылдардың егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,3 мың гектарға артып, 318 мың гектарға жеткізілді. Сондай-ақ мал азықтық дақылдары, көкөніс, картоп, бақша дақылдары артты. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық кеңесте көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы баяндалды. Әлеуметтік маңызы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КЛИМАТЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨШЕТТЕРДІҢ ЖЕРСІНУІ 50 % -ДАН АСПАЙДЫ

Түркістан облысында 3,5 млн. 144 мың гектар орман қоры жері бар. Оның 50 %-ға жуығы орманмен көмкерілген. Өткен жылы орманды молайту шаралары бойынша 16 200 гектар жерге мәдени орман екпелерін жүргізу жоспарланып, толығымен орындалды. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында республика аумағында экологиялық ахуалды жақсарту үшін 2 млрд. ағаш көшеттерін отырғызу тапсырылған болатын. Осыған орай биыл Түркістан облысында 32, 6 млн. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ПАРА ДЗЮДОШЫЛАР ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДЫ ИЕЛЕНДІ

Пара дзюдодан ересектер арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Тартысқа толы турнирде облыстық мүгедектерге арналған «Сауран» спорт клубының спортшылары 1 алтын 2 күміс, 4 қола медаль еншіледі. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған Зәуре Әйтек +70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Балуандардың жаттықтырушылары елімізге белгілі тәжірибелі бапкерлер – Марат Нұрмаханов пен Шавкат Ешматов. Шымкент қаласында өткен жарыста спорт клубтың ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ЕҢ ЕРЕКШЕ ЖҰЛДЫЗ» БАЙҚАУЫ ӨТУДЕ

2022 жыл – Балалар жылына орай Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «М.Шоқай атындағы №24 жалпы орта мектеп» КММ-і базасында инклюзивті балалардың арасында «Ең ерекше жұлдыз» атты байқауы өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі. Байқауға Түркістан қаласындағы ерекше білімді қажет ететін 7-12 жас аралығындағы балалар қатысты. Инклюзивті білім беру – бұл барлық бала өздерінің физикалық, ақыл-ой, интеллектуалды және басқа ...

Толығырақ »

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ

Түркістан қалалық кітапханалар жүйесінің жылдық жоспарына сәйкес, «Рухани жаңғыру – ұлттың болашағы» топтамасы аясында қоғамдық маңызы бар бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Түркістан қалалық №5 кітапхана-филиалында жалпы оқырмандармен «Латын әліпбиі – болашақтың кілті» атты әңгіме «Жастар орталығында» өткізілді. Оқырмандар Бақкелді  Айжан, Пернебек Анар, Нарымбет Камила, Ерасыл Айзере, Әділбек Еркеназ қатысып, тіл туралы өлеңдерін, мақал-мәтелдер, өз ой пікірін айтты. Әңгіменің мақсаты латын ...

Толығырақ »

ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК ФОРУМ ӨТТІ

27 – 28 қыркүйекте Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің қабырғасында «Жас журналистер мектебі» республикалық әлеуметтік жобасы аясында өңірлік форум өтті. Форум жас журналистердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға ықпал етуге бағытталған. Шымкент қаласынан, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарынан 100 жас журналист теле, баспа және интернет-журналистика бойынша білім алуға мүмкіндік алды. Оқыту тренингтерінен басқа, қатысушылар өз білімдерін тәжірибеде тексерді. Спикерлер «Еуразия ...

Толығырақ »