Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан (страница 9)

Түркістан

ТАУДАЙ ТАЛАП ТАНЫТҚАН ТҮЛКІБАС ТАҢҒАЛДЫРУЫН ТОҚТАТПАДЫ

Қызанақтан басталған сапарымыз қызыл алмадан бірақ шықты. Арасында көптеген кәсіпкердің қып-қызыл еңбегін көріп, тәнті болдық. Мәселен, 2013 жылдан бері қарқынды бау өсірумен айналысып келе жатқан Шақпақ ауыл округіндегі «Кентау» серіктестігінде 200-ге жуық адам жұмыс істейді екен. Олар алманың Голден Делишес пен Рояль Гала секілді сорттарын өсіреді. Тағы бір түлкібастық кәсіпкер – Азаттық ауылының тұрғыны Икрамов Аброржан 505 мың теңге мемлекеттік ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ҚАЛДАЯҚОВ МУЗЕЙІ АШЫЛДЫ

Түркістан облысының Отырар ауданында туып-өсіп, «қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа туған жерінде музей ашылды. Аталған шара Ұлы композитордың 90 жылдық мерейтойына арналды. Қазақ руханияты үшін елеулі мерекеге облыс басшысы арнайы келіп, музеймен танысты. «Бүгін айтулы мереке. Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толып отыр. Алайда, осы облысқа келгелі Шәмшінің кіндік қаны тамған жерде Шәмшіге арналған музейдің жоқ екенін білдім. Тіпті ...

Толығырақ »

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ТҮРКІСТАН БИЫЛ ТОЛЫҒЫМЕН ГАЗБЕН ЖЫЛЫТУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ

«Түркістан қаласындағы барлық жылыту қазандықтары газбен жылыту жүйесіне көшеді. Аталған жұмыстар биылғы жылыту маусымына дейін аяқталуы тиіс. Орталық жылу қазандықтарын қатты отыннан табиғи газға ауыстыру арқылы қаламыздың басты мәселесіне айналып отырған экологиялық проблеманы шешуге мүмкіндік туады», — деді облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласын аралау барысында. Облыс басшысы қаладағы мәдени-рухани орталық аумағын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Мұнда инженерлік инфрақұрылым құрылысы, яғни, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: НАУҚАСТАР САНЫ 90 ПАЙЫЗҒА АЗАЙҒАН

Шардара аудандық орталық ауруханасында науқастарға арналған орталық бүгінде бос тұр. Яғни, ауыр індет пен пневмония дертіне шалдыққан науқастар емделіп шыққан. Орталықта инфекциялық 10, привозорлық 20 науқасқа арналған төсек-орын бар. Бүгінде науқастардың 90 пайызы емделіп шыққан. Денсаулық жағдайы тұрақталған соңғы 8 науқас терапия бөліміне ауыстырылып, дәрігерлердің қатаң бақылауымен емделуде. Барлық науқастарға тиісті ем шаралары қолданылып, үйге шыққан жандар да ақ халаттылардың назарынан ...

Толығырақ »

ӨЗБЕКСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТҮРКІСТАНҒА ТАРТУЫ

Былтыр іргетасы қаланған еңселі мешіт – көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев қалаға кіреберісте бой көтерген әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған мешіт құрылысының басында болды. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізілмек. Бірегей жобаға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетіп отыр. Түркі әлемінің рухани темірқазығы, қасиетті Түркістан қаласында салынып жатқан ауқымы 5 мың ...

Толығырақ »