Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары (страница 52)

ОҚО жаңалықтары

Ұлы композитор ауылы жаңаша кейіпке енеді

Аты алты алашқа әйгілі, қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған ұлы композитор, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, осы заманның қазақ эстрадасының негізін қалаушы, Қазақстанның халық әртісі, Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының Құрметті азаматының дүниеге келген күні қарсаңында өз есімімен аталатын Шәмші Қалдаяқов ауылында қызу жұмыстар басталып кетті. Мемлекеттік гимн авторы, қазақ вальсінің королі -Шәмші Қалдаяқов ауылындағы Мәдениет үйі жанынан жаңа саябақ бой көтеруде. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН 52 СПОРТШЫ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА БАРАДЫ

18 тамыз – 2 қыркүйек аралығында Индонезияда XVIII жазғы Азия ойындары өтеді. Дүбірлі бәсекеге Қазақстаннан 400-ден астам спортшы қатысады. Ал, Түркістан облысынан 52 спортшы құрлықтың басты бәсекесінде бақ сынайды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Жалпы, Азия ойындарынан Түркістан облысы мен Шымкент қаласының спортшылары алтын медальсіз қайтқан емес. Тиісінше, ортақ жеңіске қомақты үлес ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бүгін ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысы әкімінің өкімімен Қайрат Нүкенов Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары  қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңа орынбасардың жұмысына сәттілік тілеп, актив алдында таныстырды. Өз кезегінде Қайрат Нүкенов жауапты қызметті сеніп тапсырған өңір басшысына алғысын білдіріп, өз міндетін барынша адал атқаратынын ...

Толығырақ »

«Бұл – біздің таулар!» атты тау фестивалі қорытындыланды

Түркістан облысындағы «Сайрам-Өгем» МҰТП аумағында «Бұл – біздің таулар!» атты тау фестивалі қорытындыланып, 3 шыңға төле би, қазыбек би және әйтеке бидің есімдері берілді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz  ақпараттық агенттігі. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өткен фестивальді облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен Түркістан облыстық альпинистер федерациясы ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – ішкі, спорттық-экологиялық туризмді ...

Толығырақ »

ҚҰРЫШ ҚОЛДЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Әр мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны мен мәртебесі бар. Сондай мәртебелі мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы екендігі баршамызға аян. Құрыш қолды құрылысшылар күніне орай Түркістан облысы, Отырар ауанында кәсіп иелеріне құрмет көрсетіліп, ақ дастархан жайылды. Құрмет көрсету шарасына Отырар ауданының әкімі арнайы қатысып, кәсіби мереке иелерін шын жүректен құттықтады. Құттықтау сөзінде «Құрылыс индустриясы — экономиканың негiзгi iргетасы. Кез келген елдiң экономикалық ...

Толығырақ »

Жетісайлық диқандардың жаңалығы -2

Биыл Түркістан облысы, Жетісай ауданында 15019 гектар жерге бақша өнімдері егіліпті. Әзірдің өзінде алынған өнім көлемі 405046,2 тоннаға жуықтаған. Оның ішінде 8621 гектарға қауын егілсе, гектарына 269,3 центнерден өнім жиналуда. Қазірдің өзінде диқандар қауыннан 232184 тонна өнім жинап үлгерген. Бұл көлем күннен күнге артпаса, кемімейді. Өйткені қауын жинау науқаны әлі де жалғасуда. Бүкiл республикаға «ақ алтын» өсiрумен танылған іріленген Мақтаарал ...

Толығырақ »

Жетісайлық диқандардың жетістігі көп -1

Жазғы маусымда Жетісай ауданы диқандарының жағымды жаңалықтары көп болып отыр. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Биыл Жетісай ауданында 77 мың 274,6 гектарға егіс егілген. Оның 3312,3 гектары ескі жоңышқалық саналады. Шаруалар жоңышқалықтан гектарына орта есеппен 164,8 центнерден өнім алуда. Қазірдің өзінде жалпы алынған өнім көлемі 54576,0 тоннаны құрады. Жоңышқалықтың кемінде 5 рет өнім беретінін ескерсек, бұл көлем ...

Толығырақ »

Төлеби ауданында туризм саласының кәсіпкерлерімен кездесу өтті

Түркістан облысы, Төлеби ауданында алғаш рет аудан басшысының бастамасымен туризм саласы бойынша дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді. Бұл туралы Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Іс-шараға облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Олжас Шынтаев, туристік-ақпараттық орталық мамандары, архитектор Бақытжан Әшірбаев және Төлеби ауданы туризм саласының 20-дан астам кәсіпкерлері қатысты. Кездесу барысында ауданның туристік әлеуетін дамыту жолдарын анықтау ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1,5 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ

Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 18 118,0 шақырымды құрайды. 2018 жылы жолдардың құрылыс жұмыстарына бюджеттен 26 332,5 млн. теңге қаралып, 437 нысан немесе 1 421,4 шақырым жолдар мен көшелер, 10 көпір құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылуда. Биыл оның 417 нысаны немесе 994,7 шақырым пайдалануға берілетін болады. Бұл туралы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт ...

Толығырақ »

ҚҰЛБЕК АЙТҚАН ЖАҚҚА ДУЛАТ БАРМАЙДЫ!

«Не шықса да, Шымкенттен шығады» деген сөздің жаңа нұсқасын бүгін Ордабасы ауданындағы Жаңатұрмыс ауылында естіп қайттық. Онда қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және халықаралық ПЕН клуб, Платиналы «Тарлан» сыйлықтарының иегері, жазушы-драматург Дулат Исабеков кітапханасының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты жиынды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков ашып, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың «сәлемдемесі» мен аманатын жеткізіп болған соң, жерлес ағамызды іле ...

Толығырақ »

ХАЛЫҚ АҚЫНЫ ТӨСБЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Қазақстанның халық ақыны Қалыбекова Әселхан Әлішеріқызы Елордасы-Астананың 20 жылдығына арналған «Астанаға — 20 жыл» төсбелгісімен марапатталды. Айтыс өнерінің ақтаңгері атанған Әселхан Әлішеріқызының еліміздің дамуы жолында қосқан елеулі үлесі үшін берілген тарихи марапатты Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы бір топ зиялы қауым өкілдерімен бірге ақын шаңырағына барып, арнайы табыс етті. «Қазақтың төл өнері айтысты дамытуға қосқан үлесіңіз өте зор. ...

Толығырақ »

«БҰЛ — БІЗДІҢ ТАУЛАР!» ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістан облысында «Бұл — біздің таулар!» фестивалі басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Үш күнге созылатын іс-шара «Сайрам-Өгем» МҰТП аумағында өтеді. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған фестивальге Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан 30-ға жуық альпинист арнайы келген. Биік шыңдарды бағындыруға бет алған альпинистерге Түркістан облысының ақсақалдары батасын беріп, салтанатты түрде шығарып салды. Бұл іс-шараның ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан облысының прокуроры болып 1969 жылғы Нұрғалым Әбдіров тағайындалды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ол бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры қызметін атқарып келген. Мемлекет басшысының келісімімен Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың ағымдағы жылғы                  9 шілдедегі бұйрығы негізінде Түркістан облысының прокуроры болып Н.М.Әбдіров тағайындалды. Н.М. Әбдіров 1967 жылы туған. Прокуратура органдарында 1991 жылдан ...

Толығырақ »

Түркістан облысы Жетісай ауданында жеке кәсіпкерлер қатары артып келеді

Жетісай ауданында жеке кәсіпкерлер қатары артып келеді. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жетісай ауданында кәсіпкерлікпен айналысатын 5596 заңды тұлға тіркелген. Оның 835-і ірі, ал 4761-і жеке кәсіпкер саналады. Соңғы жылдары жеке кәсіпкерлік саласында даму байқалады. Аудандық кірістер басқармасының мәліметіне сүйенсек, бұрынғы іріленген Мақтарал ауданында 16 базар, 3 ірі сауда орталығы, 17 тойхана және 10 мейрамхана мен 36 ...

Толығырақ »

«NEONOMAD» ІСКЕРЛІК ОЙЫНЫ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы The ballroom «Saukele» салтанат сарайында Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ет өндірісінің зәкірлі кооператив қатысушыларына арналған «NeoNomad» тақырыбында іскерлік ойын өтті. Оқыту семинарына бордақылау алаңдарының басшылары, серіктес фермерлер, облыстық және аудандық әкімдіктердің және қаржы институттары филиалдарының басшылары қатысты. Ойын қатысушыларына Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі А.Евниев етті мал шаруашылығын дамытудың бағдарламасын таныстырды. Іс-шараның міндеті агробизнесті заманауи бизнес-процестерге тарту ...

Толығырақ »

АБАЙ МҰРАСЫ – ХАЛЫҚ ҰЛАҒАТЫ

«Абай мұрасы – халық ұлағаты» көрмесі ашылды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпаратттық агенттігі Түркістан облысы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде қазақ халқының ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты фото-кітап көрмесі ашылды. Көрмеге данышпан ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бірнеше кітаптар жинақталған. Көрмеге Абай ...

Толығырақ »

МАҢҒЫСТАУДА «КИЕЛІ ОТЫРАРДЫҢ МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

Маңғыстау облысы тарихи-өлкетану музейінде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Киелі Отырардың мәдени мұралары» тақырыптық жылжымалы көрмесі ашылды. Құнды жәдігерлерді кеңінен насихаттауға арналған шараны Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі, өлкетанушы Отыншы Көшбайұлы және Маңғыстау облысы тарихи-өлкетану музейінің директоры Тамара Қалмырзақызы құттықтау сөзбен ашып, көрменің маңыздылығын жеткізді. ...

Толығырақ »

Қоғамдық кеңесте қабылданған Үндеу

«Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желінің қоғамды біріктірудегі рөлі» атты облыстық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында ҚР Журналистер одағы облыстық филиалының төрайымы А.Қапбарова  БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын ел ішіне іріткі салудан аулақ болып, халықты біріктіруге бастайтын төменде беріліп отырған үндеу жариялаған болатын. ҮНДЕУ ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры. Бүгінде журналистика саласы – оқиғалар мен жаңалықтарды таратушы ғана емес, тұтастай ...

Толығырақ »

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

Қаламгерлердің ынтымағы жарасымды болса, қоғамдық пікір де дұрыс бағытта қалыптасып, дамиды. Демек, ауызбіршілік пен елдік мүдде журналистер мен әлеуметтік желі қолданушыларының басты қағидатына айналуы керек. Бұл туралы «Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желінің қоғамды біріктірудегі рөлі» атты облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков мәлімдеді. Жиынға Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен әлеуметтік ...

Толығырақ »

Облыстық ән байқауының ақтық кезеңіне 21 өнерпаз іріктелді

Түркістан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, Астананың 20 жылдығына арналған Ш.Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауының іріктеу кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты- композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын дәріптеу, халық арасында ән өнерін дамыту, қазақ әндерін орындаушылар арасынан жас талант иелерін анықтап ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ТЕМІРЖОЛ БАҒЫТТАРЫ АШЫЛАДЫ

Жыл соңына дейін «Түркістан-Бадам» және «Түркістан-Сарыағаш» жаңа теміржол бағыттары іске қосылады. Бұл шаруалар Шымкент қаласы республикалық статус алуына және Түркістан облысының құрылуына байланысты атқарылып отыр. Бұл туралы бүгін Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұрлан Байғұт Өңірлік коммуникациялар қазметінде өткен баспасөз жиында мәлімдеді. Оның сөзінше, жалпы облыста 2018 жылдың 6 айында 577,6 млн. жолаушы тасымалданған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА АҒЫН СУ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Жетісай ауданында ағын су тапшылығының алдын алу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Соңғы бір аптада Жетісай ауданында ағын су тапшылығы сезіле бастады. Қазіргі таңда көршілес Өзбекстан Республикасынан «Достық» каналына секундына небәрі 51,45 текше метр су жіберілуде. Бұдан бөлек, «МАШ» каналға Сырдария өзенінен машиналық насостық станция көмегімен секундына 27,50 текше метр ағын су тартылуда. Бұл көлем мақташылардың ...

Толығырақ »

Жетісай ауданында «Қауын Fest» шарасына дайындық жұмыстары талқыланды

«Қауын фест» фетивалінің басталуына санаулы ғана күндер қалды. Осыған орай бүгін Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев «Қауын фест» фестивалінің дайындық жұмыстарымен танысып, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі Аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Сансызбай Сейдалиев өңір басшысына орталық саябақтағы фестиваль өтетін орынның сәулеттік эскиздерімен таныстырды. Оның айтуынша, шара өтетін аумақ 10 ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ШАРУАЛАРДЫҢ 90 ПАЙЫЗЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕ АРҚЫЛЫ ЖЕҢІЛДІКТЕРГЕ ИЕ БОЛДЫ

Бәйдібек ауданында егіншілікпен айналысатын кооперативтердің 90 пайызы электронды картаға енгізіліп, мемлекеттік жеңілдіктерді алып жатыр, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Күмісбек Ахметовтың айтуынша, бұл бастама «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған. Биыл Бәйдібек ауданында қой саны 600 мыңға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 7 пайызға ұлғайған. Ірі қара саны 60 мыңға, жылқы 200 мыңға жетті. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАННАН АСТАНАҒА 400 ТОННА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІ ЖӨНЕЛТІЛДІ

Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай, Түркістан облысы тауарөндірушілерінің ауыл шаруашылығы өнімдері бас қала — Астанаға жөнелтілді. Тамыз айының 11-12 күндері ұйымдастырылатын жәрмеңкеде 35-тен астам ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 411 тонна. Тарқатып айтсақ, 400 тоннадан астам өнімнің ішінде 66 тоннасы ет және ет өнімдері, 137 тоннасы көкөніс, 27 тоннасы сүт өнімдері, 39 тонна жеміс-жидек, 20 тонна картоп, 5 мың дана, ...

Толығырақ »