Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары (страница 55)

ОҚО жаңалықтары

ШАРДАРАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ФЕСТИВАЛЬ ӨТЕДІ

Өңіріміз жоғары туристік потенциалға ие. Сол мүмкіндікті пайдалана алмай келеміз. Осы саланы көтеру мақсатында тиісті нақты шараларды қолға алуымыз керек. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев туризм саласының өкілдерімен өткен жиында мәлімдеді. Басқосуға облыстық басқарма басшылары, туристік агенттік пен тарихи, мәдени орталық жетекшілері және қолөнер шеберлері қатысып, аталған саланы дамыту жайында ұсыныс пікірлерін білдірді. Жиынға төрағалық еткен аймақ ...

Толығырақ »

Түркиядан қос бірдей ақжолтай жаңалық!

Түркістан облысынан Түркия Республикасына аттанған өнерпаздардан қос бірдей қуанышты хабар жетті. Таяуда Түркия Республикасының Бурса қаласында өткен XXXII «Алтын Қаракөз» Халықаралық би фестивалінде 23 мемлекеттің ішінен еліміздің намысын қорғап барған Түркістан облысының «Фараб» би ансамблі топ жарды. «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымының арнайы жүлдесіне ие болған бишілер тобы жоғары дәрежеде өнер көрсеткені үшін фестиваль лауреаты атанып, Түркияның Инегел қаласында өткен Мәдениет және ...

Толығырақ »

ҚҰТТЫБЕКТІҢ ҚҰТТЫ ҚАДАМДАРЫ

Түркістан облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Құттыбек Жамашевтың мәлімдеуінше, Түркістан облысында «7-20-25» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жеке салушылар арқылы 360 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның жалпы аумағы — 18,6 мың шаршы метрді құрайды. Аталған үйлер 2019  жылы пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар, 2018 жылы облыстық құрылыс және аудан, қала әкімдіктері тапсырысы бойынша 172 инвестициялық жобаның іске асырылуына 30,6 ...

Толығырақ »

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Жаңадан қайта құрылған Жетісай ауданының әкімі тағайындалды.  ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен бұл қызметті Жамантай Қанайұлы Бейсенбаев атқаратын болды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ж.Қ.Бейсенбаев 1958 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі ғалым агроном, заңгер. Еңбек жолын 1982 жылы Алматы облысы Қаскелен ауданы «Пригородный» кеңшарының аға агрономы ретінде ...

Толығырақ »

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Жаңадан қайта құрылған Мақтаарал ауданының әкімі тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен, сонымен бірге меритократия қағидаты аясында Мақтааралдың әкімі қызметін Бахыт Нәсірханұлы Асанов өз міндетіне алды.  Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жиында бірінші басшыны аудан активіне таныстырған аймақ басшысы мақталы өлкеде алдағы уақытта атқарылар істің көптігіне тоқталып, шекаралық аудандағы ...

Толығырақ »

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР: КЕЛЕС АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгін Түркістан облысының Келес ауданына жаңа әкім тағайындалды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен бұл қызметке Ақментай Есбаев кірісті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жаңа әкімді жаңадан құрылған аудан активіне арнайы таныстырған аймақ басшысы оның алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, қызмет барысында Мемлекет басшысы бекіткен бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру қажеттігін ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ХУБЭЙ ПРОВИНЦИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қытай Халық Республикасының Хубэй провинциясынан келген делегациямен кездесті. Хубэй провинциясының Халық өкілдері жиналысы жанындағы тұрақты комитеті директорының орынбасары Ван Лингпен болған жүздесуде аймақ басшысы Қазақстан мен Қытай мемлекеттерінің достық қарым-қатынасы жайлы, оның ішінде Түркістан облысымен арадағы сауда-экономикалық байланыстардың жоғары деңгейде дамып келе жатқанына тоқталды. «Өздеріңізге белгілі, 2017 жыл «ҚР-дағы ҚХР-дің туризм жылы» болып жарияланды. Осы ...

Толығырақ »

ТҰРБЕКОВТІҢ ТІРЛІГІ ТУРА

2018 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 146,4 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,4 миллиард теңгеге артты. Бұл туралы Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков баяндап берді. Серік Ордабекұлының айтуынша, ауыл шаруашылығы негізгі капиталына тартылған инвестициялардың көлемі 4686,4 миллион теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 34%-ды құрады.  Облыс бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының ...

Толығырақ »

Ордабасы ауданының шаруалары сазан балығын өсіре бастады

Түркістан облысына қарасты Ордабасыда сазан балығын өсіру қолға алынды. Ондағы Бөржар ауылдық округі, Жамбыл ауылында жеке кәсіпкер «Сайып ата» шаруа қожалығының төрағасы Амантай Мәулен 6 гектар жерге су айдынын жасап, 2 мың дана сазан балығын суға жіберген. Өз қаржысы арқылы кәсібін бастап отырған азамат болашақта бұл мекеннің үлкен демалыс аймағына айналатынын айтады. Шаруасы жайменен ілгері басып келе жатқан қожалықта бес ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 2 МИЛЛИОННАН АСТАМ ТҰРҒЫННЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ ЖАСАҚТАЛДЫ

Түркістан облысындағы 69 медициналық ұйым бүгінгі күні 100 пайыз медициналық ақпараттық жүйемен қамтылған. Ал осы аталған медициналық ұйымның жартысы ішінара қағазсыз құжат айналымына ауыстырылған. Жыл соңына дейін қалған 10 медициналық мекеме ақпараттық жүйемен толықтай қамтылатын болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында облыс әкімі Ж.Түймебаев мәлім етті. Облыс басшысының айтуынша, интернет желісімен аудан деңгейіне дейінгі елді мекендер 100 пайыз қамтылған болса, ...

Толығырақ »

ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Республикадағы салынған жылыжайлардың 77 пайызы, тамшылатып суғару әдісінің 73 пайызы Түркістан облысына  тиесілі. Өңірде жылыжай көлемін арттыру үшін қосымша  86,7 гектар жылыжай салынып, облыстағы жалпы көлемі 1287,7 гектарға жетті. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті. Сонымен қатар, тамшылатып суғару әдісі жаңадан 6 223 гектар аумаққа ендіріліп, жалпы көлемі ...

Толығырақ »

БИЫЛ ОТЫРАРДЫҢ 54 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫНЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Биыл Отырар ауданындағы 22 елді мекенге көгілдір отын тартылады. Нәтижесінде 2 мың отбасы, яғни аудан халқының шамамен 80 пайызы табиғи газбен қамтылатын болады. Келесі жылы тағы 7 ауыл от жағып, күл шығарудан арылады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ауданға жасаған сапары кезінде мәлімдеді. Аудан тұрғындарымен кездескен аймақ басшысы газдандыру мәселесіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндап өтті. Қазіргі ...

Толығырақ »

Тарихы терең Отырар

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Отырар ауданында жұмыс сапарымен болып, «Отырар төбе» қалашығында арнайы мамандармен бас қосты. Түркістан қаласының дамуы бойынша келген сәулетшілер мен археолог, тарихшылар сынды өз саласының білгірлері жиналған Отырар қалашығындағы басқосуда аймақ басшысы кезінде көне шаһардың агломерациясы мықты болғанын айтты. «Отырар қалашығына келе жатқанда бірнеше төбелер бар. Олардың бәріне зерттеу жүргізілуі керек. Кезінде Отырар үлкен қала болса, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІНЕ XV ҒАСЫРДА САЛЫНҒАН КАРТА КӨШІРМЕСІ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

Түркістан қаласын дамыту жөніндегі алқалы жиында ерекше оқиға болды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханкелді Әбжанов Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа Ұлы Жібек Жолының картасын салтанатты түрде тапсырды. Бұл құжат XV ғасырда салынған. Картаның тарихы туралы Х.Әбжанов «Осыдан 4-5 жыл бұрын Алматыдағы ғылым академиясында тарихқа қатысты үлкен жиын өтті. Оған Қытайдағы Бейжің университетінің профессоры Линь Мэйцунь де қатысты. Біздің тарихымызды тыңдап,  ...

Толығырақ »

ОРНЫ БӨЛЕК ОТЫРАР

  Түркістан облысының Отырар ауданында Астана қаласының 20 жылдығына орай 3 әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді. Онда 140 орындық «Алпамыс» бөбекжай балабақшасы мен мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында салынған 100 орындық «Біләл ата» бөбекжай және заманауи үлгіде бой көтерген мәдениет ошағы тапсырылды. Аталған нысандардың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев бұл игі істер Елбасы саясатының арқасында жүзеге асып отырғанын атап өтті. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласындағы облыстық Тарихи-мәдени этнографиялық орталықта архитекторлар мен археологтар, тарихшылар мен суретшілер бас қосты. Өз салаларында елімізге белгілі 40-қа жуық азамат қатысқан дөңгелек үстел барысында Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, професор Байтанаев Бауыржан, Интеллект-эксперт» әлеуметтік-экономикалық зерттеулер орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, професор, академик Мажитов Саттар, Түркістан облысының «Сәулеттік бюросы» мемлекеттік мекемесінің директоры, архитектор Бақытжан ...

Толығырақ »

Түркістандық әнші Молдовадағы халықаралық байқауда үшінші орын иеленді

Молдова Республикасының Гагаузия автономиясында «Аймақ даусы-2018» («Bucak sesleri-2018»)Халықаралық этникалық -эстрадалық ән байқауында Қазақстан Республикасының атынан қатысқан Түркістан облысының дәстүрлі әншісі Наркенже Серікбаева үшінші орын иегері атанды. Биыл алтынша рет шымылдығын түрген ән додасына Қазақстан және Украина елдері тұңғыш рет қатысты. Екі кезеңнен тұратын байқаудың бірінші шартында әр әнші өз тілінде ән шырқаса, екінші сынақ – өзге тілде достық әндерін орындау ...

Толығырақ »

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҰЛЫ ДАЛА РУХЫ» ФЕСТИВАЛІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН БАСТАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 4 шілде күні Астана қаласында шымылдығы түрілген «Ұлы дала рухы» фестивалінің негізгі мақсаты — жастар арасында ұлттық спорт түрлерінің дамуына тың серпін беру. Төрт аймақты қамтитын жобаға еліміздің барлық өңірлерінен спортшылар қатысады. Сайыпқырандар көкпар, бәйге, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық атудан сынға түсетін болады. Аталған жобаның идея авторы ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы. ...

Толығырақ »

«ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ СУПЕР ЖЕЛІСІ» ЖОБАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Түркістан обысының әкімі Ж.Түймебаевтың Нобель сыйлығының Лауреаты Рае Квон Чунг мырза және Оңтүстік Кореялық ғалым Ю Дже Чеон мырзамен кездесуі барысында Түркістан қаласының дамуына және қаланың қалдықтарын қайта өңдеу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруға баса назар аудару ұсынылған болатын. Қазіргі таңда «Оңтүстік» АИО алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін «жасыл экономикаға» көшу аясында көшбасшы елдердің тәжірибесі бойынша зерттеулер жүргізіп, өңірдің ...

Толығырақ »

«САМҒАУ-2018» КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысының «Жастар ресурстық орталығы» өңіріміздегі жас режиссерларға қолдау көрсету мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде «САМҒАУ-2018» қысқаметражды бейнефильмдер байқауын ұйымдастырып келеді. Байқауға аймақтың кез-келген 14 пен 29 жас арлығындағы тұрғыны еркін тақырыпта 5 минуттан — 15 минут аралығында бейнефильм түсіріп, қатыса алады. Биылғы байқау Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналды. Байқауға қатысу үшін 40-тан астам фильм ұсынылып, оның ішінен 20 ...

Толығырақ »

Түркістан қаласында тұрғын үйлер Яссауи кесенесінің биіктігінен аспайтын болады

Бұл туралы облыс әкімі Ж.Түймебаев Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту бойынша өткен жиында айтты, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі. Басқосуда сөз бастаған аймақ басшысы 1500 жылдан астам тарихы бар Түркістанның өткенінен аз-кем сыр шертті. Қазақ хандығының астанасы болған бұл мекен бүкіл түркі әлемінің де  рухани-мәдени астанасы бола білгенін жеткізді. Сонымен қатар, аталған тарихи шаһарды Елбасының ...

Толығырақ »

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ ОТЫРАР АУДАНЫН АРАЛАДЫ

Отырар ауданына барған мәжіліс депутаты Елбасымыздың сындарлы саясатына қолдау білдіріп, орталықтарға ғана емес, шалғай ауылдардың да дамуына үлесін қосып жүрген азаматтарға шынайы алғысын білдірді. Отырарлық тұрғындары жаңалықтарының бірі — аудан орталығында салынып жатқан көпқабатты қызметтік үйлер, тұңғыш рет газ құбырларын тарту жұмыстары болатын. Ауданға білікті мамандарды тарту, сыртта жүрген тәжірибелі де, жас мамандарды шақыру мақсатында тұрғын үймен қамтамасыз ету басты ...

Толығырақ »

Түркістандық әнші Наркенже Серікбаева Молдава Республикасындағы халықаралық байқауға қатысуда

Молдава Республикасының Гагаузия автономиясында «Аймақ даусы-2018» («Bucak sesleri-2018»)Халықаралық этникалық -эстрадалық ән байқауы өтуде. Биыл алтынша рет шымылдығын түрген ән додасына Қазақстан және Украина елдері тұңғыш рет қатысты. Екі кезеңнен тұратын байқаудың бірінші шартында әр әнші өз тілінде ән шырқаса, екінші сынақ – өзге тілде достық әндерін орындау. Осы орайда, Қазақстан Республикасының атынан қатысқан Түркістан облысының дәстүрлі әншісі Наркенже Серікбаева Мұқағали ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР ӨЛКЕ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСЫП ЖҮР

Түркістан облыстық  білім басқармасының ұйымдастыруымен  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектеп оқушылары үшін «Туған жерге тағзым» керуен-шеруі бастау алған-ды. Маусымның 25-нен басталған шараның мақсаты — жас өскіннің туған жердің табиғатын аралап, киелі мекендерін көріп, өздеріне рухани азық алу болатын. Қатарынан екінші жыл өткізіліп келе жатқан шерудің мақсат-мұраты орындалғандай. Облыс бойынша қамтылуға тиіс көп балалы отбасынан шыққан 500 оқушының жартысынан ...

Толығырақ »

Биыл проактивті қызметтер саны артады

Биыл жыл соңына дейін 12 өмірлік жағдай бойынша 19 мемлекеттік қызмет SMS арқылы ұсынылып, проактивті қызметтер саны арта түседі.  Бұл туралы бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелерді көтерді. Халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткен «Қазақстанда «Электрондық үкімет» пен мемлекеттік қызметтердің дамуы» атты дөңгелек үстел барысында А. Оспанов цифрландыру аясында ...

Толығырақ »