Түркістан облысы Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері су тасқыны орын алған аймаққа гуманитарлық көмек әкелушілерге 600 тонна қырықабатты тегін таратуда, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Мақтаарал ауданында су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарды бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз ету үшін аудан аумағында бүгінгі күнге дейін 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинақталды. Оның басым бөлігі азық-түлік, гигиеналық, медициналық, ...
Толығырақ »Қазақстан жаңалықтары
ҚР ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
ҚР Парламенті сенатының депутаттары Әли Бектаев, Әлімжан Құртаев және мәжіліс депутаты Ержан Құдайберген Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулылары Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен ауылдарды аралап, жергілікті тұрғындардың қазіргі жағдайымен танысты, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Сенаторлар алдымен төтенше жағдайға байланысты облыстық штабтың орталықтандырылған қоймасына ат басын бұрды. Ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен ...
Толығырақ »БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Бүгін Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапары барысында топан судан зардап шеккен мақтааралдық тұрғындармен кездесіп, олардың қазіргі жай-күйіне қанықты. Қонақты күтіп алған «Nur Otan» партиясы облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев су алған ауылдар мен эвакуациялық бекеттерде жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырды, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне ...
Толығырақ »20 ТОННА БАЛЫҚ КЕЛДІ
Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына Атырау облысынан 12 млн.тг көлеміндегі 20 тонна балық пен гуманитарлық көмек келіп жетті. Ол Атырау облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Махамбет Досмұхамбетовтың қолдауымен жүзеге асырылды, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Атырау қалалық партия филиалына қарасты “Дамбы» бастауыш партия ұйымының «нұротандық» балықшылары жалпы жиналысында Мақтааралдың тұрғындарына балық жіберу ...
Толығырақ »ӨТЕМАҚЫ КАРТАЛАРЫ ТАРАТЫЛА БАСТАДЫ
Мақтаарал ауданында топан судан зардап шеккен 6128 тұрғынға үкімет резерві есебінен 100 мың теңге өтемақы төлеу үшін «Халық» банк карталары таратыла бастады. Осы мақсатта қазіргі таңда Мырзакенттегі «Гүлсара» тойханасы мен «Нұрбөбек» балабақшасында және А. Пушкин атындағы жалпы орта мектебінде сондай-ақ, Атакент кентіндегі және тағы да басқа эвакуациялық пунктерде мамандар карта үлестіру жұмыстарын бастап кетті. Ә. Усмановтың қорынан 5202 отбасыға бөлінетін ...
Толығырақ »БІРГЕМІЗ, МАҚТААРАЛ!
2020 жылы 2 мамырда төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округі, №36 жалпы орта мектеп базасында Түркістан облысы әкімдігі және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, жастар мен еріктілердің бастамасы негізінде «Біргеміз, Мақтаарал!» еріктілер штабы құрылды. Еріктілер штабына Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығы директоры Амалбек Өміртай жетекшілік етеді. Штаб комиссиясы құрамына Мақтарал ауданы жастар ресурстық орталығы басшысы Сүндет Кенжебаев,«Jas ...
Толығырақ »ОРАМЖАПЫРАҚ БЕЛОРУССИЯҒА ЖӨНЕЛТІЛЕДІ
Түркістан облысының шаруаларына өнімдерін экспортқа шығаруға кедергі жоқ. Күні кеше Хусейн Бабуров атты кәсіпкер жер емген дихандардан 500 тонна орамжапырақ сатып алуға келіскен. Ол алғашқы 200 т. орамжапырақты жүк көліктеріне тиеп, Белоруссияға аттандырды. Әр жүк көлігіне 20 тонна өнім сиятынын ескерсек, күніне 40-60 тонна экспортқа жіберілуде. Рефрижераторы бар жүк көліктеріне тиелген капуста араға 5 күн салып белорусь еліне жетеді. Ол ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАНДЫ ТҰТАС ТҮРЛЕНДІРЕТІН ТҰЛҒА
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев құрылысы аяқталған нысандардың жұмысын тексеріп шықты. Бой көтерген ғимараттардың ішкі әрлеу мен абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Аймақ басшысы барлық демалыс орындарына сапалы газон төсеуді тапсырды. Сондай- ақ, сабақтардағы демалатын жайларды жеңіл де қолайлы конструкциядан орнатуды жүктеді, деп жазады. Құрылысы аяқталған департаменттер мен басқармалар үйінде ішкі әрлеу жұмыстары жүруде. Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан ғимараттармен біркелкі дизайнда жасалған ...
Толығырақ »ТҮРКІСТАН: 130 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы аясында Жетісай, Мақтаарал аудандарындағы жолдарды жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Аудан әкімдіктері тарапынан жөндеуден өтіп жатқан аудандық маңызы бар жолдар мен елдімекен көшелерін қоспағанда жалпы ұзындығы 70 шақырым республикалық, 59,4 шақырым облыстық маңызы бар жолдар күрделі және орташа жөндеуден өтуде, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz . Оның ішінде, Жетісай ауданында ...
Толығырақ »«АDALDYQ ALANY» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және мемлекеттік басқару институтына ел сенімін арттыру мақсатында қолға алынған бастама жан-жақты қолдау тауып, кезекті «Аdaldyq alany» жобалық кеңсесі қалалық Әділет департаменті жанынан ашылды. Аталған іс-шараға республикалық «Аdaldyq alany» жобалық кеңсесінің басшысы Т.Байгулов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, Әділет департаменті басшысы О.Тастанов, «Shymkent- Adaldyq alany» жобалық ...
Толығырақ »АЛҒАШҚЫ МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК КЕЛІП ЖЕТТІ
Толассыз жауған нөсер жауын салдарынан Түркістан облысының таулы аумақтарында орналасқан Төлеби, Қазығұрт және Бәйдібек аудандарын су шайды. Алдын ала деректер бойынша үш ауданда жалпы 522 үй ауласына су кіріп, 4 үйді су басып, 258 адам эвакуцияланды. Қазір су тасқыны зардабын жоюға 600-ден астам маман мен 84 техника 47 мотопомпа жұмылдырылып, тиісті жұмыстар атқарылуда, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛДАҒЫ ЖАСТАР ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНА БАРДЫ
2020 жылғы 13 мамыр күні 19:30 сағат шамасында Өрт сөндіру бөлімінің байланыс торабына Алтынтөбе, Жігерген, С.Рақымов ауыл округтері тұрғындарынан үйдің ауласына жаңбыр суы жиналғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына Қазығұрт ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы мен аудан әкімдігі қызметкерлері дер кезінде шығып, Алтынтөбе ауыл округі, Қаржан елді мекенінде 2 үй, 1 емхана, 1 дәріхана, 2 қоражайдың аулаларына су кіргені, Жігерген ...
Толығырақ »МАҚТААРАЛДАҒЫ ЖАСТАР ТӨЛЕБИГЕ БАРДЫ
Қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округіндегі Қасқасу өзені суының деңгейі көтеріліп, арнасынан тасыды. Салдарынан 4 көпірді су алып, 8 ірі қара және уақ мал суға батқан. Екпінді ауылында 4 уйді және 15 үй ауласын су басты. Мақтааралда жүрген жастар бұл хабарды естіген бойда түнгі 04:00-де жедел алғашқы көмекті жеткізу мақсатында жолға шықты. Тұрақты жағдайды көрген жастар ...
Толығырақ »ҚАЗАҚСТАН ӨЗБЕКСТАНДА ТЕХНИКАЛЫҚ АУДИТ ЖАСАУҒА ҚАТЫСАДЫ
Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі басшысы Мағзұм Мырзағалиев Өзбекстан Республикасы Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраевпен кездесті. Қос мемлекет басшылары Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиеевтің жуырдағы келіссөздері кезінде қол жеткізілген уағдаластықты іске асыру үшін Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы су шаруашылығындағы кең ауқымды маңызды мəселелерді талқылады. Кездесудің басты тақырыбының бірі – Сардоба су қоймасының тағдыры. Қазақстанның Экология министрлігі ...
Толығырақ »СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ ТОЛЫҚ БАҚЫЛАУДА
Кеше қатты жауған жауынның салдарынан Бадам мен Сайрам су өзендері арнасынан асып, Шымкенттің бірқатар аумағын су басқан болатын. Қазіргі таңда нөсер жауынға тап болған Елтай және Қарабастау елдімекендерінде дер кезінде тиісті көмек көрсетіліп, қауіптің алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербісов мәлімдеді. — 13 мамырда сағат ...
Толығырақ »ӨТКІР ӨМІРЗАҚ немесе ШАРШАМАЙТЫН ШӨКЕЕВ
Биылғы тышқан жылы Түркістан облысына оңай тиіп жатқан жоқ. Әлемді дүрліктірген індет біраз діңкелетсе, артынша түстік өңірдің шаруалары қыруар тонна қырыққабатын саудалай алмай қиналды. Осы ретте облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Үкіметке дер кезінде мәселемен шығып, түйткілді түйіннің тез тарқатылуына барынша атсалысты. Осылайша бұл қиындықтарды енді еңсердік пе дегенде, Мақтааралдағы 5 ауылды топан су шайып кетті. Мұндайда «Бір айналдырғанды, шыр айналдырады» ...
Толығырақ »ЖҰМЫС ҚАРҚЫНЫ ҚАДАҒАЛАУДА
Апат салдарымен күресте жұмысшы топ қарқынды жұмыс атқаруда. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов бастаған мамандар Мақтаарал ауданындағы су басқан аймақтардағы залалсыздандыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын қатаң бақылауға алған. Фирдауси ауылындағы жалпы орта мектептің жертөлесі мен мектеп ауласын судан тазарту жұмыстарын тексерген топ ауылдардағы су басқан аулаларды тазарту жұмыстарына да қатысты. Сонымен қатар, жұмыс барысында Өргебас және Жеңіс ауылдарындағы егістік алқаптарды ...
Толығырақ »ҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ НАЗАРДА
Бүгін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзум Мырзағалиев Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавхат Хамраевпен кездесті. Кездесуде екі елдің үкімет мүшелері Мақтаарал ауданында болған су апатынан зақым келген жерлерді қалыпқа келтіру және су қоймаларынан келетін қауіптің алдын алу бойынша келіссөз жүргізуде, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. ҚР Табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың мәлімдеуінше, ...
Толығырақ »«МАҚТААРАЛ ТӘЖІРИБЕСІ» ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН БОЛДЫ
Нөсер жауыннан үйлері бүлінген азаматтардың шығыны арнайы сараптау комиссиясының шешімімен анықталады. Жарамсыз болған үйлер мен жөндеуді қажет ететін баспаналарды қайта қалпына келтіру жағы қарастырылуда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдай жөніндегі штаб отырысында мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. «Жергілікті деңгейдегі төтенше жағдайдың салдарын өз күшімізбен жоямыз. Оған тәжірибеміз жеткілікті. ...
Толығырақ »ҮШ АУДАНДА СЕЛ ТАСҚЫНЫ ОРЫН АЛДЫ
13 мамыр күні Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жауынның көп жаууы салдарынан сел тасқыны орын алды. Жалпы, Төлеби, Қазығұрт, Бәйдібек аудандарында жалпы 522 үй ауласы, 4 үйді су басып, 258 адам эвакуцияланды. 1077 м3 су шығарылды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өңірлік коммуникация қызметінің алаңында мәлімдеді. Түркістан облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметіне сәйкес, Төлеби ауданындағы Қасқасу өзенінде су ...
Толығырақ »ҚАСҚАСУ ӨЗЕНІ СУЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ КӨТЕРІЛДІ
13 мамыр күні қатты жауған нөсерлі жауын-шашын салдарынан Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округіндегі Қасқасу өзені суының деңгейі көтеріліп, арнасынан тасыды. Салдарынан 4 көпірді су алып, 8 ірі қара және уақ мал суға батқан. Екпінді ауылында 4 уйді және 15 үй ауласын су басты, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Барлығы 15 текше метр су сорылды. Департаментте ...
Толығырақ »ӘРУАҚ ТЕПКЕН ЖОҚ ПА ЕКЕН БІЗДІ ОСЫ?
Бұл тақырыпты қозғау – өте ауыр: түсінетін бар, түсінбей лағып кететін бар. Мәселен, Шымкенттегі балалар темір жолын бұзуға аса мүдделі екенін байқатқан қаланың бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовты әлеуметтік желі арқылы тоқтатпақ ниетте болып, «АСҚАРОВТЫҢ ӘРУАҒЫ ҰРЫП КЕТПЕСІН!» деп, талай дабыл қақтық. Сол кездегі қала әкіміне жағымпаздық жасағысы келді ме, әлде шынымен де халықтың мұң-мұқтажына қырын қарады ма – ол жағы ...
Толығырақ »ЕРІКТІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістан облысының Мақтаарал ауданына жасаған сапары барысында Атакент ауылында волонтерлармен кездесіп, жастарға осындай қиын кезеңде елмен бірге болып, өз еріктерімен жанкешті еңбек етіп жүргендері үшін алғысын білдірді, деп жазады «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Өткен жылы 700-ден астам жасотандық бірнеше ай бойы Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына белсене атсалысқан ...
Толығырақ »БАЙБЕК МАҚТААРАЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Мырзакент ауылында бой көтерген жаңа ықшам ауданның болашақ қоныс иелерімен кездесіп, Елбасының ақ тілегі мен сәлемін жеткізді, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. «Елбасының тапсырмасымен осында келіп отырмын. Ертең оны баяндайтын боламын. Қай күйде екендеріңізді жақсы түсінемін. Аяқ астынан болған жағдай, аз уақыттың ...
Толығырақ »БАУЫРЖАН БАЙБЕК МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА
Елбасы, партиямыздың лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістан облысының Мақтаарал ауданына арнайы келіп, апат ауқымын өз көзімен көріп шықты. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz хабарлайды. Сапар барысында ол көршілес Өзбекстандағы су бөгетінің жарылуы салдарынан су астында қалған Достық, Жеңіс, Фирдоуси, Жаңатұрмыс және Өргебас ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Мұнда ...
Толығырақ »