Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық (страница 26)

Құқық

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығы жайттарын ашты

Ақпан айының басында Ордабасы АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, түнгі сағат 03:00-тер шамасында белгісіз тұлғалар қорасынан 5 бас қойын жымқырып кеткенін айтқан. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 200 мың теңгені құрады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «мал ұрлығы» бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Мал ұрлығын ашу мақсатында тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, куәгерлермен сауалдар жүргізіп, қылмыстың барлық іздерін мұқият тексеріп шықты. ...

Толығырақ »

Түркістан қаласы студенттерімен кездесу өткізілді

Жуырда Түркістан қаласында студенттермен кездесу өткізілді. Түркістан жоғары медицина колледжінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және жастарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында Түркістан полицейлері мен жас мамандардың ұйымдастыруымен арнайы жиын өткізілді, деп жазады Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Кездесуге 150-ге жуық студенттер қатысты. Іс-шараға Облыстық жастар орталығының бірнеше қызметкерлері мен Түркістан қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция капитаны Керім Қапашов ...

Толығырақ »

«Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 17 миллион теңге өндірілді

Түркістан облысының полицейлері «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 17 миллион теңге өндірді, деп жазады Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысының аумағында 2020 жылдың 8-16 ақпан аралығында құқық бұзушылардан салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуды арттыруға бағытталған «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізуге 700-ден астам полиция және басқа да мүдделі органдар, ...

Толығырақ »

Түркістанда тарихи танымдық экскурсия ұйымдастырылды

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан қалалық полиция басқармасына жаңадан жұмысқа келген 35 бітірушіге басшылар тарапынан киелі қаланың тарихи орындарын таныстыруға байланысты бір күндік экскурсия ұйымдастырылды. Өңірдің полицейлері ҚР ІІМ Алматы және ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясынан келген курсанттарды көне қаланың тарихи орындарымен6 ескерткіштерімен таныстырды. Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Түркістан қалалық полиция басқармасына жедел уәкіл лауазымына ...

Толығырақ »

АТА-БАБА АМАНАТЫ — АДАЛДЫҚ ҚАҒИДАТЫ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрлыған облыстық үгіт-насихаттық Штаб өкілдерінің кезекті кездесуі Түркістан қалалық балалар ауруханасында өтті. Бұл туралы Департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Ақ халаттылармен өткен кездесудің негізгі мақсаты — ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру. Ар тазалығы мен ...

Толығырақ »

ҰСТАЗ ҚЫЗМЕТІНЕ АДАЛ БОЛСА — ШӘКІРТІ ДЕ ШЫНШЫЛ БОЛАДЫ

Білім беру ошақтары — өскелең жас өскіндерді білім нәрімен сусындатып қана қоймай, тұла бойдағы тәлім-тәрбиенің тұнық болуына тікелей ықпал етеді. Ел келешегінің кемел болуына негіз болушылар да, ұлағатты ұстаздар екендігі әмбеге аян. Осыған орай, бүгін ҚР Сыбайлас ждемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабтың мүшелері №26 жалпы орта мектебінің ұжымымен кездесіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ...

Толығырақ »

АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРДЫ АДАЛДЫҚҚА ҮНДЕДІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының өкілдері облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Түркістан қалалық орталық ауруханасының» қызметкерлерімен арнайы кездесіп, адалдық құндылығы аясында ашық диалогтық алаң құрды, деп жазады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Жиынның негізгі мақсаты — азаматтық қоғам қалыптастыруға белсенді жұртшылықты ...

Толығырақ »

Кездесу: Полиция басшысын жастардың болашағы алаңдатады

Түркістан облысы, Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында бөлім бастығы, полиция полковнигі Е.Нуралиевтың бастамасымен келелі кездесу болды. Бұл жолғы кездесуге ауданның барлық білім ошақтарының директорлары, олардың тәрбие жөніндегі орынбасарлары және «Жастар» орталығының қызметкерлері қатысты, деп жазады Түркістан облысы полиция департаменінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Бас қосуда күн тәртібіне қойылған мынадай мәселелер, яғни Сарыағаш ауданы көлемінде жасы кәмелетке толмағандармен, мектеп ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ШЕНЕУНІКТЕР ТАР ҚАПАСТА ОТЫРҒАНДАРДЫҢ ӨКІНІШІН СЕЗІП ҚАЙТТЫ

Түркістан өңірінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен Қылмыстық — атқару жүйесі Комитетінің облыстық департаментінің бірлесіп ұйымдастыруымен лауазымды тұлғаларды бас бостандығынан айыру мекемесінің ахуалымен таныстыру жұмыстары басталды, деп жазады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz. Науқанның негізгі мақсаты — оңай олжаға құныққан азаматтардың тар қапастағы тыныс-тіршілігімен таныстыру ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәжілісі өтті, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасаған didarbek.kz. Мәжіліске шаһар басшысы Ерлан Айтаханов пен құқық қорғау органдарының өкілдері және әкімдіктің басқарма басшылары қатысты. Жиында Ерлан Қуанышұлы бүгінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл жүйесі қалыптасқанын айтты. «Мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді, олардың ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАН ГРЕКО-ҒА КІРУ ЖОЛЫНДА

ГРЕКО атқарушы хатшысы Джанлука Эспозито: «Қазақстан Еуропа кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына кіру жолында», – деді. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтің басшылығымен қазақстандық делегация Римде (Италия) цифрлық ғасырға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияларды дайындау мәселелері жөніндегі ЕҚЫҰ (Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы) конференциясына қатысты. Олжас Бектенов Еуропа, Орталық Азия және Солтүстік ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МЕКТЕБІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен ағымдағы жылдың 13 қарашасында Мемлекеттік қызмет мектебінің студенттері үшін «Студенттердің Халыққа қызмет көрсету орталығындағы бір күні» акциясы ұйымдастырылды. Аталған акция «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету бойынша Түркістан қалалық №2 филиалында өтті. Іс шараның өзектілігі – орталықтың базалық мүмкіндіктерін пайдаланып студенттерге электронды қызметтің түрлерімен ...

Толығырақ »

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ

Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында жер қатынастары саласындағы бюрократтық рәсімдер жұртшылықты мазалайтын мәселелердің бірі болып саналады деп атап өткен болатын. Сондай-ақ, Жолдауда бұл салада ашықтықтың жоқтығы, халық пен бизнес ақпаратқа толық қол жеткізе алмай отырғандығы айтылған. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жоғарыда аталған себептер мен жағдайларды болдырмау, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМДІГІН ТАРАП КЕТКЕН ОҚО-НЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮЗЕТЕ МЕ?

Бүгін кешке Шымкент қаласы әкімдігінің есік аузында тұрған полиция аға лейтенанты Сәбит Ыдырысұлы Тасқынов журналистерге: «Смартфоныңды тастамасаң, ішке кірмейсің» деп, жолдарын бөгеп қойды. Өзін таныстыруды өтінгенімізде, мына бір куәлігін жылтың етіп көз алдымыздан өткізді. Сөйтсек, тарап кеткен Оңтүстік Қазақстан облысының ОХ №03796 куәлігі екен. Онда: «МВД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН. ГУ УПРАВЛЕНИЕ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ СЛУЖБЫ ОХРАНЫ ЮЖНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ» деп жазған екен. Тіпті Т.М.Тілеубердиевтің ...

Толығырақ »

ВСЕМ! ВСЕМ! ВСЕМ! ДЕТСКАЯ ЖЕЛЕЗНАЯ ДОРОГА В ОПАСНОСТИ!

Вниманию всего прогрессивного человечества! В Шымкенте, третьем городе республиканского значения в Казахстане, средь бела дня уничтожается уникальный комплекс – детская железная дорога имени Гани Муратбаева. Смириться с этим варварством и вандализмом мы никак не можем. Городские власти во главе с акимом города Габидуллой Абдрахимовым не предпринимают никаких действенных мер по сохранению и развитию уникального наследия нашего недалекого прошлого. Поэтому взываем ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

2018 жылғы 17 қазан күні «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Н.Бұхарбаев пен С.Әуесханов, сондай-ақ Департамент басшысының орынбасары А.Шілманов пен қалалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Б.Қуанышбеков мемлекеттік қызметшілердің әдебі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері (оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге қатысты ...

Толығырақ »

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІРГЕ!»

Шымкент қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында сурет байқауы өтті. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда жастарды тарту мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі жас суретшілер арасында байқау өткізді. Байқауға 100-ге жуық жас суретшілер қатысып, плакаттар мен компьютерлік графика бағыттары бойынша сайысқа ...

Толығырақ »

МҚІСЖҚА БАСШЫСЫ БРАЙАН ФИЛБИНМЕН КЕЗДЕСТІ

Алик Шпекбаев Канаданың кіріс жөніндегі агенттігі комиссарының орынбасары және аудит бойынша бас атқарушы директоры Брайан Филбинмен кездесті. Агенттік Төрағасы мемлекеттік аппаратты реформалаудағы, мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі канаданың табысты тәжірибесін атап өтіп, инновациялық мемлекеттік аппаратты дамытудағы Қазақстан мен Канада арасындағы қатынастарды тиімді және конструктивті түрде нығайтуға сенім білдірді. Реформалардың отандық тәжірибесі туралы айта келе, А.Шпекбаев Қазақстанда ашық, есеп беретін және қызмет көрсететін ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ КӨШІ-ҚОН СИМПОЗИУМЫ БАСТАЛДЫ

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында «Халықаралық Еуразия көші-қон симпозиумының» ашылу салтанаты өтті. Басқосудың мақсаты — түркі елдеріне ортақ әдебиет пен мәдениетті қайта жаңғырту, рухани дүниелерді ұрпақ жадында қалдыруға ықпал жасау. Стамбул Мәдениет университетімен бірлесе ұйымдастырылған шарада алғашқы болып сөз алған Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қатысушыларды симпозиумның басталуымен құттықтап сәттілік тіледі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАП, ЖАҢА МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА КІРІСТІ

Түркістан облысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы бойынша мәжіліс өтті. Актив жиналысын ашып беріп, жүргізіп отырған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев негізгі алты бағыттан тұратын саяси құжаттың мәні мен мағынасына жеке-жеке тоқталып, оның қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы, ...

Толығырақ »

ТУРИСТЕР САНЫН 5 МИЛЛИОНҒА ЖЕТКІЗУ КӨЗДЕЛУДЕ

Бірер жылда Түркістан облысы сауда-саттығы қайнаған, тарихи, мәдени нысандарына саяхатшылар ағылған нағыз туризм орталығына айналады. Бұл туралы бүгін Түркістан қаласында Елбасының «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Жолдауын талқылауға арналған жиында айтылды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Мемлекет басшысының аталған саяси құжатта туризм саласын дамытуға ерекше назар аударғанына тоқталып, бұл жұмыстардың бұрыннан-ақ қолға алынған жоспарларымен бөлісті. «Мемлекет басшысы: ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ  Құрметті қазақстандықтар! Біз тәуелсіздік жылдары көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік. Сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық, конституциялық және саяси реформалар жүргіздік. Қазақстанның халықаралық беделінің артуына және оның аймақтағы геосаяси рөлінің күшеюіне қол жеткіздік. Біз өңірлік және жаһандық проблемаларды шешу ...

Толығырақ »

БҰЛ КӨКЕМ ҚОСПАСЫ ЖОҚ КЕРЕМЕТ ЖАН БОЛАТЫН…

Сейтжанов Дайн – өте елгезек, мейірбан және таза адам еді. Шымкент қаласында дүниеге келіп, Леңгір (қазіргі Төлеби), Шаян (Бәйдібек) аудандарында өсу баспалдақтарынан өтіп, Алматы мен Мәскеуде білімін жоғарылатып, 1968 жылы Арыс қалалық Ішкі істер бөлімінің бастығы қызметін атқарған. Бала кезімде Арыстағы үйіне жиі баратынбыз. Әлі есімде сол көкемнің ерекше басымнан сипайтын сиқырлы сәттері. Бір күні ұлы Мелестің бір ойыншығы қатты ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ТЕМІРЖОЛ ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ҰСЫНЫСТАР ҚАБЫЛДАЙТЫН ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда қоғам болып күресу қажет. Осы ұстанымды негізге алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі барлық мақсатты топтармен бірлесе жұмыс жасауда. Соның бір айғағы, а.ж. 28 тамыз күні Агенттік Төрағасының орынбасары О.Бектенов пен «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры А.Сұлтанов арасында Өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюы. Келісімге сәйкес, теміржол жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сыбайлас ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысында 1300 білім беру ұйымдары басшыларының басын қосқан отырыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Ағымдағы жылдың 1 қазанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің, Ұлттық бюро департаментінің, сондай-ақ, Облыс Әкімдігінің ұйымдастыруымен білім беру саласында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының ...

Толығырақ »