Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Құқық (страница 4)

Құқық

Әлемдегі адам саудасы

Адамзат тарихындағы ең әділетсіз, адам құқығы тапталған, қанқұйлы және аяусыз мәселе – адам саудасы. Адамды құлдыққа жегу, миллиондап еркінен тыс мәжбүрлі ұстау, зат ретінде сату немесе өлтіру ХХІ ғасырдың ең дамыған мемлекеттерінің өзінде әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Бұл өкінішке орай, Қазақстанға да қатысты болып отыр, деп жазады strategy2050.kz. Әлемдегі адам саудасы Адам саудасының тарихы тереңдерге кетеді. Құл иелену ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙДА ҚЫЛМЫС САНЫ ЕДӘУІР ТӨМЕНДЕГЕН

Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында аудандық полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбеков қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында ағымдағы жылдың басынан бері атқарылған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындысы бойынша есеп берді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен жиынға құзырлы мекеме басшылары мен ...

Толығырақ »

Ең көп қылмыс деп танылған және күресу қиын түріне жатады

Әлемде адам саудасы ең өзекті әрі қылмыс әлеміне пайда әкелуші қылмыс түріне жатады. Адам саудасы, қару және есірткі тасымалдау БҰҰ тарапынан ең көп қылмыс деп танылған және күресу қиын түріне жатады. Қазақстанда да бұл қылмыс түрі бар. Орталық Азияның ең ірі елі болу арқылы, Ресей мен Қытай және Таяу Шығысқа шығу жолында жатқан Қазақстан үлкен қақпа десек те болады. Қазақстанда ...

Толығырақ »

Жаһандық проблема – адам саудасы

Әлемде қару-жарақ саудасы мен есірткі бизнесінен кейінгі үшінші жаһандық проблема – адам саудасы. Бұқараның басым бөлігі адамды қанау, құлдықта ұстау сынды сұмдықтар азайған немесе мүлде жоқ деген пікірде. Бірақ бұл – жай ғана аңыз. Cтатистика Адамзаттың сүйегіне таңба болған бұл қасірет – адам құқығын ең арсыз, аяусыз аяққа таптаудың бір түрі. Өкінішке орай, адам сауда құрбанының үстінен еріктен тыс мәмілелер ...

Толығырақ »

Адамды еркінен тыс құл­дыққа жегу жойылмай келеді

Адамды еркінен тыс құл­дыққа жегу, жезөкшелікке салу, «тірі тауар» ретінде және бөлек ағзасын сату ең да­мыған елдердің өзінде әлі күнге дейін жойылмай ке­леді. Өкінішке қарай, Қазақ­стан да адамды мал құрлы көрмейтін тірі тауар дәлізіне айналып отыр. «Құл иелену­шілерге» құқық қорғау орган­дары өкілдерінің өзі «крыша» болып жүр екен. Бұл – әлем назарындағы айғақ. Бұл туралы aikyn.kz порталына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі ...

Толығырақ »

Табыс көзі ретінде жаһандық мәселенің біріне айналды

ХХI ғасырда құлдықта жүргендер өте көп. Бұған осы криминалдық бизнестен мол пайда табатыны себеп. Расында адам саудасы табыс көзі ретінде жаһандық мәселенің біріне айналды. ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов адам саудасы табыс көзіне айналғанын растайды. Бұл туралы el.kz агенттігіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі жазады. «Күнделікті қызметте адам саудасына жыныстық пайдалану және еңбекті қанау, асырап алуға ...

Толығырақ »

Адам саудасына қатысты бірнеше фактілер тіркелген

Дүниежүзінде құлиеленушіліктің заңды түрде жойылғанына қарамастан, жаһанданған ХХІ ғасырда да кей елдерде заңсыз адам саудасының бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Құл иеленушілік саясатын ең соңғы рет 1981 жылы Мавритания заңсыз деп танып, адам саудасын тоқтатқан. Бүгінде дүние жүзіндегі бірде-бір мемлекет құлдықты қолдамайды. Тіпті, ғылым мен ілім, технология дамыған ХХІ ғасырда құлдықты елестету мүмкін де емес сияқты. Алайда мұның бәрі заңдық ...

Толығырақ »

Адам саудасы әр түрлі мақсатта жүзеге асады екен

Адам саудасы әлемде миллиондаған азаматты еркіндігінен айырып, ар-ожданына нұқсан келтіріп отыр. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының дерегі бойынша қазіргі уақытта әлемде 27,6 миллион азамат адам саудасының құрбанына айналған. Ал Қазақстанда жыл сайын адам саудасына қатысты жүзден астам қылмыс тіркелетін көрінеді. Мамандар адам саудасына қатысты қылмыстардың ашылмай қалатынын айтып отыр. Сондықтан әр азамат қоғам алдындағы жауапкершілігін өз мойнына алып, адам саудасы сияқты қоғамда болып ...

Толығырақ »

Адам саудасы әлемнің әр елінде әртүрлі формада жүреді

«Маған белгiлi бiр мағынада құл емес адамды көрсетшi» деген Сенеканың сөзі еріксіз ойға оралады. Бұл сөз – құлиеленушілк заманды баяғыда артқа тастаған, қарыштап дамыған, еркіндік ғасыры – XXI ғасырға да тән ұғым. Адам бейсаналы немесе еріксіз түрде дүниенің, құндылықтың құлына айналатынын білеміз. Бірақ өз қалауынан тыс адамның құлы болуы өткеннен қалған індет емес пе?Адам саудасы әлемнің  әр елінде әртүрлі формада ...

Толығырақ »

Қызметтік көліктерге «Автоураган» құрылғысы орнатыған

Түркістан облысы Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының 5 қызметтік автокөлігіне автоматты түрде жылдамдық өлшегіш «Автоураган» құрылғысы орнатылған. Аталған құрылғысы бар автокөліктер республикалық маңызы бар тас жолдарда, елдімекендерде қызмет атқарады. Сондықтан көлік басқару кезінде елдімекендерде жүру жылдамдығын 60 км/сағ, ал елдімекеннен тыс трассаларда 110 км/сағ асырмаңыздар. Егер жылдамдықты белгіленген шамадан асырсаңыз, жоғарыдағыдай көліктің камерасына түсіп, айыппұл арқалауыңыз мүмкін. Мұндай заманауи кешен ...

Толығырақ »

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ ЖОҒАЛҒАН ҚЫЗДЫҢ ДЕНЕСІН ТАПТЫ

Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы мен Сарыағаш аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, жоғалған кішкентай қыздың зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ денесі көрші үйдің дәретханасынан табылды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қыздың денесінен қандай да бір жарақаттар анықталмаған. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Полиция азаматтарды ...

Толығырақ »

Адам саудасы – ауыр қылмыс, ғаламдық проблема

Адам саудасы. Иә, зат емес, кәнігі адам. Бұл қалай деймісіз? Мәселен бұған бала немесе өзін-өзі жарнамалап, тәнін саудалағаны жатады. Оның ішінде мәжбүрлісі де бар. Адам саудасы – ауыр қылмыс, ғаламдық проблема. Сондықтан әлем елдері қоғамды шырмаған қылмыстың осы түрімен бірлесіп күресуді қолға ала бастады. Бұл сауда өте маңызды трансұлттық қылмыс және адамның құқығы мен бостандығын өрескел бұзу әрекеті. Мұны көп ...

Толығырақ »

Жаһандық проблемаға айналды

Әлемде есірткі саудасынан кейін адам саудасы көлеңкелі бизнесті бастап тұр. Саналы жаратылыс иелерінің бір-біріне қастандық жасап, адам адамды сатуы, әрине, құлаққа түрпідей тиеді. Бұндай сұмдыққа қатысты елімізде 2020 жылдың қаңтар айынан бастап, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне өзгертулер енгізіліп,  адам саудасына қатысты жазалар күшейтілді. Бұл туралы «Жас алаш» басылымына агенттігіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі жазады. Жаза күшейгенімен де, қылмыстың бұл ...

Толығырақ »

Адам саудасы тиылар емес

АДАМДЫ ЕРКІНЕН ТЫС МӘЖБҮРЛЕП ҚҰЛДЫҚҚА САТУ, ҚҰЛДЫҚТА ҰСТАУ, ҚҰЛДЫҚТА ЖҰМЫСҚА ЖЕГУ, ЗАТ СЕКІЛДІ САТА САЛУ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ӨЗІНДЕ ӘЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН БАР. ӨКІНІШТІСІ ДЕ СОЛ, МҰНДАЙ ЖАУЫЗДЫҚ ҚАЗАҚСТАНҒА ДА ҚАТЫСТЫ БОЛЫП ОТЫР. Strategy2050.kz аналитикалық-порталы адам саудасына байланысты көп дерек жазған. «Әлемде және Қазақстанда адам саудасына қатысты кең тараған сала жезөкшелік, яғни тән саудасы арқылы ақша табу. Қазақстаннан құлдыққа, яғни жезөкшелікке ...

Толығырақ »

Тірі тауарға тосқауыл керек

Туғанынан тірідей айырған тағдырына көніп, құлдықтың қамытын киген жәбірленушілердің құқығын қорғау маңызды. Мәселен, пандемия кезінде адам саудасы бойынша тіркелген қылмыс саны 6 есе артқан. Өйткені құл иеленушілерге қарсы құзырлы органдар тарапынан қолға алынған қарекеттің тірі тауарға тосқауыл болмайтыны толық дәлелденіп отыр. Бұл туралы aikyn.kz агенттігіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі жазады. Айталық, қылмыстың бұл тү­рінде еліміздің заңы алдында кі­нәліні жауапқа ...

Толығырақ »

Адам саудасының «табысы»

Жер бетінде сатылмайтын зат жоқ. Бәрі сатылады. Мүмкін бұл капитализмнің заңдылығы да шығар. Сол сауданың үлкені – адам саудасы. Жаһан мұны траффикиң (trafficking) дейді. Адам саудасы әлемнің ең өзекті проблемасы. Оған адамды пайдалану мақсатында сатып алу, сату, зорлық-зомбылық жасау, алдау, қорқыту және басқа да мәжбүрлеу фактілері жатады. Бажайлап көрсек, адам саудасы көбіне-көп адам құқтары қорғалмаған, демократия жоқ елдерде өршіп тұрғаны ...

Толығырақ »

АДАМ САУДАСЫ — ҚЫЛМЫС

Бүгінде, ХХІ ғасырдың табалдырғынан аттасақ та құл саудасы әлі де жалғасуда. Әлемде оған тыйым салынғанына қарамастан гүлденіп, тіпті жаңаша сипат алуда. Қылмыскерлер бұрын адамды тірілей саудаласа, енді олардың дене мүшелерінен ақша жасауға көшкен. Қаншама жабайылық десек те жыныстық құлдық, құл еңбегін пайдалану (соның ішінде балаларды), адам мүшелерін сату арқылы қылмыскерлер бір жылда 32 миллиард доллар пайда көреді екен. Бұл туралы ...

Толығырақ »

ЖЕТІСАЙ: ЖЕКЕ ҚҰРАМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жетісай аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында бекітілген кестеге сәйкес Түркістан облыстық полиция департаменті анықтау басқармасы бастығының орынбасары Дошманов Бекжан Ерубайұлы және тергеу басқармасы бастығының орынбасары Сейдилдаев Мұхтар Жолбарысұлының арнайы қатысуымен Жетісай аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесу өтті. Шара барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне, яғни әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ...

Толығырақ »

САЙРАМ АУДАНЫНДА КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ ЖИІ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Алаяқтық – бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену. Алаяқтық — бұл нарықтық экономика жағдайында және кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде кең таралған қылмыстың түрі. Бүгінгі таңда ең кең таралып жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі – ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық. Ғаламтордағы әккілер әсіресе әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдарында алаяқтың торына түсіп қалмау жөнінде ...

Толығырақ »

Төлеби: «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп»

Бүгінгі таңда әлем бойынша күн тәртібінен түспей тұрған өзекті мәселелердің бірі – терроризм. Діни білімнің аздығынан немесе арбаушылардың көптігінен жастардың арасында адасулар көптеп кездесіп жатыр. «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» атты іс шара Е.Сарманов атындағы гуманитарлық агро-экономикалық колледжінде өтті. Іс шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Құдайбергенов ашып беріп, аудандық терроризмге қарсы комиссия хатшысы И.Марин, ауданымыздың теологы, ...

Толығырақ »

Кез-келгенді бей-жай қалдырмайтын дерт – нашақорлық

Күн сайын дүниені дүр сілкіндіретін жаңалықтарды естігенде денең түршігетіні рас. Кісі өлімінен бастап, зорлық-зомбылық, әлемді жалмаған белгісіз дерт адамзатты жойып барады. Әлем назары сондай қасіретті болдырмау мен алдын алуға ауғанымен, айтып келмейтін тажал қаншама отбасын әбігерге салды. Сондай алаңдатарлық жағдай, кім-кімді болмасын бей-жай қалдырмайтын дерт – нашақорлық дер едім. Жамандық айтып келмейді деген сөз бар. Жаман айтпай жақсы жоқ деген ...

Толығырақ »

Тәуелділікке алып барады

Жасөспірімдердің темекі шегуі қазіргі уақытта маңызды медициналық, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық проблемалардың бірі болып табылады. Жасөспірімдер темекі шегіп, кейіннен алкоголь мен есірткіге әуестеніп, девиантты мінез-құлықтың алғашқы белгілерінің пайда болуы мәселесі ерекше назар аударады. Біздің елімізде және шетелде жүргізілген көптеген медициналық зерттеулер темекі шегудің адам ағзасының барлық жүйелеріне зиян келтіретінін және физиологиялық, психологиялық тәуелділікті тудыратынын дәлелдеді. Темекінің негізгі белсенді әсері – никотин. ...

Толығырақ »

Алаяқтық фактілерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

Түркістан облыстық полиция департаментінің қызметкерлері азаматтарды алаяқтардан сақтандыру үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Осы орайда, Түркістан облысы Полиция департаменті «Cyberpol» тобының қызметкерлері тұрақты негізде алаяқтық фактілерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүргізеді, деп жазады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл жолы полиция азаматтарға арнап концерттік бағдарламада түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Концертке 3 мыңға жуық тұрғын қатысты. Оларға ...

Толығырақ »

Тұрмыстық зорлық-зомбылық

Бүгінгі таңда мәселенің түп-тамырын табу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себептерін анықтау маңызды екені күн сайын айтылуда. Бұл тек құқық қорғау органдарының жұмысы ғана емес, аталмыш мәселеге әлеуметтанушыларды, сарапшыларды, психологтарды және мемлекеттік органдарды тарту қажет. Отбасындағы зорлық-зомбылық тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар қоғамды алаңдатпай қоймайды. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, ...

Толығырақ »

Еліміздегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр

Қазіргі күні Қазақстанда отбасы институтының беделін арттыру, нығайту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бірақ жалпыұлттық іс-шаралар жоспары шеңберінде аз қамтылған, көпбалалы, қиын жағдайға тап болған отбасыларға жәрдемдесетін орталықтардың көптігіне қарамастан, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандардың саны азаймай тұр. Еліміздегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл туралы Abai.kz порталына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі жазады. Отбасындағы жанжалдан басталып зорлық-зомбылыққа ұласатын әрекеттерден зәбір көретіндердің ...

Толығырақ »