Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2017 (страница 3)

Годовые архивы: 2017

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ

Оңтүстік Қазақстан облысында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – қайырлы іс» форумы өтті. Облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен игі шараға облыстық мәслихаттың депутаттары, кәсіпкерлер, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері, облыстық ассамблея жанындағы құрылымдардың жетекшілері және өңір тұрғындары қатысты. Қайырымды жандардың басын қосқан шараның басты мақсаты көпшіліктің демеуімен науқас ...

Толығырақ »

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Түймебаев «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен аймақтағы білім саласының басшыларымен кездесті. Басқосу мақсаты – аталған оқу орнының озық педагогикалық тәжірибелерін өзге мектептерге тарату, аймақтағы инновациялық білім берудің сапасын арттыру. Кездесу барысында өңір басшысы бүгінгі таңда елімізде білім беру жүйесінің жаңа бағытқа бет бұрғандығын айтты. «Елбасымыз «Білім – ғылым – инновация» атты үштік ...

Толығырақ »

ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУДЫҢ БАРЫСЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ОҚО Ішкі істер департаментінің базасында болып, ондағы өтіп жатқан республикалық штабтық оқу-жаттығудың барысымен танысты. Облыс әкіміне Ішкі істер органының дайындығы мен қабілеттілік деңгейі және материалдық-техникалық базасы көрсетілді. Құқық қорғау саласының қызметкерлерімен тілдескен аймақ басшысы ішкі істер органының жұмысы заманауи техникамен қамтамасыз етілгенінде емес, мамандардың кәсібилігімен анықталатынын атап өтті. Айта кетейік, оқу-жаттығу шеңберінде дағдарыс жағдайы ...

Толығырақ »

7 МЛН. ҚЫЗМЕТ ЭЛЕКТРОНДЫ ТҮРДЕ

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылдың 10 айында 16 млн 400 мыңнан астам қызмет көрсетілсе, соның 7 миллионы электронды түрде ұсынылыпты. Бұл туралы әкімдіктің селекторлық отырысында облыс әкімінің аппарат басшысының орынбасары Қанат Төлендиев мәлім етті. Қазіргі таңда облыстық жергілікті атқарушы органдар тарапынан 192 қызмет түрі көрсетіледі. Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 7 027 180 қызмет электронды түрде көрсетіліпті. Бұл жалпы ...

Толығырақ »

ЖАҢА АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАЗБА ЖҰМЫСТАР

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Шымкент қаласындағы «Ескі қалашық» аумағында жүрзіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстармен танысты. Қалашықтағы қазба жұмыстарын «Археологиялық сараптама» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Қазір мұнда археологиялық қазба жұмыстарының бірінші кезеңі басталған. Аумағы 1000 шаршы метр болатын жерасты қаласын қазған археолог-ғалымдар көптеген тарихи жәдігер тапты. Осындағы жұмыстарды аралап көрген аймақ басшысы ...

Толығырақ »

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ

Биыл білім ордасы – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтына – 80 жыл толып отыр. Аталған ұжымның мерейлі мерекелік шарасына ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, ҚР Парламенті Сенатының және Мәжілісінің депутаттары мен ҚР Ұлттық ғылым Академиясының академиктері, облыстық маслихат депутаттары және жоғары оқу орындарының реткорлары мен проректорлары қатысты. Жоғарғы оқу орнын сексен жылдық меройтойымен құттықтаған ...

Толығырақ »

ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУЫМЫЗ ҚАЖЕТ

Оңтүстік Қазақстан облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында өзімізде өндірілетін және шеттен тасымалданатын азық-түлік тауар түрлеріне сараптама жұмыстары жүргізілуі тиіс. Ол үшін арнайы жоспар құрып, мониторинг жасалуы қажет. Екіншіден, өзімізде өндірілген тауарларды сақтау мәселесіне мән беруіміз қажет. Бүгін бұл туралы селекторлық жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Күн тәртібінде бірінші боп әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен жанар-жағар май бағасын ...

Толығырақ »

ТАРИХИ ОРЫНДАР ҚАЙТА ЖАҢҒЫРМАҚ

Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан, қалалардың дамуы бүкіл облыс бойынша бір концепция арқылы даму керек. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы – республикадағы орта ғасырлық қалалардың болуы жағынан, көлемі жағынан, жалғыз аймақ болып табылады. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысы қала құрылысы кеңесінің отырысында айтты. Алдағы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының тарихы қайта жаңғырмақ. Руxани жаңғыру бағытына сәйкес туризмді дамыту және ...

Толығырақ »

ЕЛБАСЫ – ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күні Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, болашаққа бағыт-бағдар беруде Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ерекше. Өткенді еске алып, тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА БАСТАУ АЛҒАН «RIC ON KO’RME» ЖӘРМЕҢКЕСІ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Алғаш рет Оңтүстік Қазақстан облысында бастау алған «RIC ON KO’RME» атты жәрмеңке жалғасын табуда. Ерекшелігі – жәрмеңкеде тек қана «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы қаржыландырылған тауар өндірушілері өз өнімдерін нарықтан төмен бағада сатуға шығарады. Олар үшін орындар тегін беріліп, сатушыға да сатып алушыға да компания барлық жағдайды жасап беруде. Мақсат: ауылшаруашылығы тауарларын халыққа өндіруші бағасымен тікелей ...

Толығырақ »

«ӨРЛЕУ» ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәжіліс залында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың қатысуымен жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша тиісті мекемелердің дайындық барысы талқыланды. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр ашып жүргізіп отырды. Басқосуда сөз алған облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев 2018 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 300 мыңға жуық адамға ...

Толығырақ »

КУӘЛІК ТАБЫС ЕТІЛДІ

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданған 11920 адамның 3991 оқуды аяқтап, 1000 маман жұмысқа орналасқан. Сондай-ақ, облыс әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес аудан, қала әкімдіктерінде әр бір ауыл округіне қажетті 30 түрлі мамандық бойынша 8676 азамат оқуға жолданған болатын. Бүгінде жолданған 8676 адамның 723-і тұрақты жұмысқа орналасқан. Бүгін Сайрам ауданында өткен «Алтын күз» мерекесінде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ...

Толығырақ »

328 МЫҢ ТОННА ШИТТІ МАҚТА

Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары 328 мың тонна шитті мақта жинады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 41 мың тоннаға артық. Орташа түсімділігі гектарына 24,5 центнерден жиналған ақ алтынның 196,6 мың тоннасы немесе 60 пайызы машинамен терілді. Яғни, мақта алқаптарында 500 ден астам комбайн теру жұмыстарын жүргізді. Бүгінде жиын-терім науқаны толығымен аяқталды. Еліміз бойынша ақ алтынның 100 пайызы Оңтүстікте өндіріледі. Ал, мақта дақылын ...

Толығырақ »

52 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында 52 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Ал егістік көлемі 49 мың гектарға жетіп, тамшылатып суару әдісі 624 гектарда қолданылуда. Бұл жетістіктерді алдағы жылда да арттыра түсу үшін, ауданың потенциалын барлық салада тиімді пайдалуымыз қажет. Бүгін бұл туралы Сайрам ауданында өткен «Алтын күз» мерекесіне қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Өңір басшысы ауданға ...

Толығырақ »

500-ДЕН АСА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ

Сарыағаш ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Онда 30 дан аса жұмыс беру мекемелері қатыстырылып, 500-ден аса жұмыс орындары ұсынылды. Айта кетейік, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша биыл Сарыағашта 2 мыңнан астам азамат қайта оқуға жіберілген. Күні бүгінге дейін солардың тең жартысы қайта даярлықтан өтіп үлгерді. Әзірге 3-тен бірі тұрақты жұмысқа ...

Толығырақ »

ОҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ТҮЛКІБАСТА БОЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жұмыс сапарымен Түлкібас ауданында болды. Сапары барысында әкім орынбасары Тұрар Рысқұлов ауылындағы тарихи-өлкетану мұражайы мен мұрағаттың жұмысымен және 700 бала білім алып жатқан Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің тыныс-тіршілігімен танысып, колледж оқытушыларымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, ол Ақбиік ...

Толығырақ »

ҚОЗЫҚҰЙРЫҚ ФЕРМАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Сайрам ауданындағы қозықұйрық өндіретін «АгроГреен» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Жылына 200 тонна қозықұйрық өндіруге қауқарлы кәсіпорын жылыжай түрінде жасақталған. Мұндағы құрал-жабдықтар Польша мен Голландия елдерінен сатып алынған. Осы жылы іске қосылған кәсіпорында 11 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Облыста қозықұйрық өсіруде ең алғашқы ір жоба болып табылатын ферманың жұмысымен танысқан аймақ басшысы кәсіпкердің жұмысына ризашылығын білдірді. ...

Толығырақ »

ОҚО-ДАҒЫ ҮШ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 18 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ НЕСИЕ АЛУ МҮМКІНДІГІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент, Түркістан мен Кентау қалаларының тұрғындарына 18 миллион теңгеге дейін несие алуға мүмкіндік бар. Мерзімі 7 жылға дейін берілетін несиенің жылдық мөлшерлемесі 6 пайызды құрайды. Бұл қаржы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты аясында ұсынылып отыр. Бағдарлама жұмыссыздарға, өзін-өзі қамтыған азаматтарға, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен олардың мүшелеріне, сондай-ақ, бастауыш және ...

Толығырақ »

ОҚО-ДА БИЫЛ 17 МЫҢ ПЕДАГОГ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРҒАН

Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылы 17 мың педагог біліктілігін арттырды. Сондай-ақ, аудандарда мобильді топтар құрылып, облыстың алдыңғы қатарлы мұғалімдері әріптестеріне онлайн режимінде сабақ өткізіп, озық тәжірибелерімен бөлісуде. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлім етті. Оның айтуынша, өңірдегі 61 мектеп биология, химия, физика және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқытуды бастаған пилоттық мектептердің ...

Толығырақ »

50 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласындағы мамандандырылған ХҚКО-ы 10 айда азаматтардан 175 мыңға жуық құжат қабылдаған. Сондай-ақ, 51 794 жүргізуші куәлігі берілген. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің директоры Еркебұлан Әлсейітов мәлімдеді. Қазіргі таңда «Достық» шағын ауданында орналасқан мамандандырылған ХҚКО-да азаматтар өз автокөліктерін қайта тіркеуден өткізіп, қажетті категория үшін тәжірибелік емтиханды тапсыра алады. ...

Толығырақ »

«CONNECTION POINT» ҚЫЗМЕТІ

Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы 33 Халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет көрсетеді. Қорытындылай айтқанда, 2017 жылдың 10 айында 5 миллионға жуық қызмет көрсетілген. ХҚКО-ның бөлімдерінде азаматтар мемлекеттік қызметті өздігінен алу үшін «Connection point» (өзіне-өзі қызмет ету секторы) жүйесі жұмыс атқаруда. Ағымдағы жылдың 10 айында бұл қызмет түрін 1 миллионнан астам азамат пайдаланған. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ...

Толығырақ »

БІЛІМ НЫСАНДАРЫНА 31,9 МЛРД. ТЕҢГЕ

Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы 11-сыныпты бітірген 33 мың мектеп бітірушінің орнына 73 мыңнан астам оқушы бірінші сыныпқа қабылданған. Нәтижесінде өңірде оқушы орнына деген тапшылық байқалуда. Аталған мәселені шешу мақсатында 2017 жылы облыс көлеміндегі 79 білім нысанының құрылысына 31,9 млрд. теңге бағытталып, биыл 31 нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім басқармасының ...

Толығырақ »

3 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ЕТ

Оңтүстік Қазақстан облысының сапалы ет экспорттау әлеуеті артып келеді. Бұған дейін буферлі аймақта болып келген Оңтүстік Қазақстан облысы таяуда аусылдан азат аймақ мәртебесін иеленді. Бұл аграрлы аймақтың етті экспорттаудағы шектеулерді жойып, жаңа нарыққа жол ашып отыр. Мәселен, осы жылдың сегіз айында өңірден 330 тоннадан астам ірі қара мал мен қой еті және «Ордабасы құс» ЖШС-гі сомасы 1 млрд. 708 млн. ...

Толығырақ »

ФЕРМЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫ

Биыл Қазақстан фермерлер Одағының құрылғанына 15 жыл толып отыр. Осы мерейлі мереке қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысында ғылыми конференция ұйымдастырылды. Облыстық фермерлер одағы мен ауыл шаруашылығы басқармасы ұйымдастырған алқалы жиынға республикалық фермерлер одағының төрағасы Әуезхан Дәрінов, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалының директоры Асқар Әбубакиров пен өңірдің барлық аудандарынан 600-ге жуық фермерлер қатысты. Шараның мақсаты – агроөнеркәсіп кешінінің дамуына кедергі болып отырған ...

Толығырақ »

ГАЗОБЕТОН БЛОГЫН ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ

Қазығұрт ауданында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың қатысуымен «Отырабат – Құрылыс» серіктестігінің газобетон блогын шығаратын өндіріс орнының іске қосылу рәсімі өтті. Бұл жоба индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында аудандағы индустриялды аймақта жүзеге асып отыр. Кәсіпорын жылына 12 мың шаршы метр газобетон блогын шығаратын болады. Кәсіпорынның жұмысымен танысқан аймақ басшысы, оның маңыздылығының арта түсетіндігін ерекше атап өтті. «Өндіріс саласында жақсы оқиға, ол ...

Толығырақ »