Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2021 (страница 8)

Годовые архивы: 2021

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МАҚСАТ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ қалалық филиалының ұжымымен жиын өткізді. Шараны ашқан Департамент басшысы Асхат Жұмағали жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясындағы басым бағыттарға, Агенттікпен жүзеге асырылып отырған жобаларға, заңнамалық жаңашылдықтарға тоқталды. Департамент басшылығы қарамағындағы ...

Толығырақ »

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МАҚСАТ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің жанындағы қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Қ.Анарбаев және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар Әл-Фараби ауданы бойынша халықты жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлерімен жиын өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты — парасаттылық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дәріптеу және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу. Қатысушыларға парасаттылық – ашық ...

Толығырақ »

«ДӘРІГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ.

« » Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен : «Реаблитациялық орталығы 2» емханасында медицина қызметкерлеріне арналған «Дәрігерлерді ардақтайық!» жалпыұлттық акциясы өтті. Акцияның мақсаты — ел аумағында жұқпалы індеттің таралуы кезінде қас қақпай жұмыла қызмет еткен, өз өмірлерін қатерге тігіп, бүгінгі қоғамның батырларына айналған ақ халатты абзал жандарға жастар атынан алғыс айту, қолдау көрсету. Қайырымдылық шарасы аясында еріктілер дәрігерлерге арнап иммунитетті ...

Толығырақ »

«JASTAR — OTANGA!» ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛДІ!

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен қалалық партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысы өтті. Мәжілістің күн тәртібінде «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Шымкент қаласында іске асыру бойынша әзірленген Жол картасының тиімді жүзеге асырылуы мен «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының «Жастар – Отанға!» сайлауалды бағдарламасының Жол картасын ...

Толығырақ »

Тарихи тұлғаларымыз біздің ұлы бабаларымыз.

Алаш зиялысы Ахмет Байтұрсынұлы «Біздің заманымыз – өткен дәуірдің перзенті, келер заманның атасы», деген. Қазақ тәуелсіздігі жолында күресіп өткен тарихи тұлғаларымыз біздің ұлы бабаларымыз. Қазақ нағыз жауынгер, ержүрек, данышпан халық. Осы игі қасиеттердің бүгінгі ұрпағына айтылуы өткен тарихында із қалдырған тұлғаларына қатысты болар еді. Ешбір халық өткен тарихы мен бүгінінен сабақ алмай келешегін жорамалдай алмаған. Тәуелсіздік! Иә, бұл кеудеңді көтере, ...

Толығырақ »

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Шымкент қалалық ұйымы төрағасының орынбасары Валентина Ващенко «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Шымкент қаласындағы №3 Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш ұйымына барды. Мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымында 169 кәсіподақ мүшесі бар. Бастауыш кәсіподақ төрайымы – Ирина Николаевна Корнеева. Валентина Максимовна кездесу барысында зейнет жасына келген ұлағатты ұстаздар Мухамедова Сахида Нуруллаевна, Салимова Дильмира ...

Толығырақ »

БАС КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының аппарат басшысы Э.Кадралиев Бас кеңестің құрамы туралы баяндама жасады. Баяндамашының хабарлауынша, Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев бүгіннен бастап, «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы ретінде Бас кеңестің мүшелігінің құрамында жұмыс атқаратын болады. Сондай-ақ, Бас кеңестің отырысында Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің ...

Толығырақ »

ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында заманауи үлгідегі көпсалалы «ASEM СLINIC» медициналық орталығы ашылды. Орталықтың салтанатты ашылуына қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов, ӘІл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев, қалалық мәслихат депутаттары Нұрсұлтан Балабиев пен Байкен Аширбаев қатысты. «ASEM СLINIC» медициналық орталығы «Асем ғылыми-өндірістік бірлестігінің» медицина саласындағы жаңа бағыты болып саналады. Қала халқына амбулаториялық – емханалық көмектің қол жетімділігін жақсарту мақсатында жеке кәсіпкердің қаржысына ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тұрғындарды онлайн режимде қабылдап, мәселелерін тыңдады. Кезекті жеке қабылдауға қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері және басқарма басшылары қатысты. Тұрғындар негізінен инфрақұрылым, әлеуметтік, коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелерді көтерді. Қала әкімі әрбір тұрғынның шағымын тыңдап, тиісті сала басшыларына тапсырма берді. Абай ауданының тұрғыны Жолдасбек Жанбуршын Нұршуақ шағынауданының (Солтүстік саяжай) ауызсу мәселесіне назар аударды. Шағынауданды ауызсумен қамтамасыз ету ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 600 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЖЕРГЕ КӘРІЗ ҚҰБЫРЫ ТАРТЫЛУДА

Шымкент қаласының инфрақұрылымын дамыту мақсатында биыл қалада 582 шақырым болатын кәріз құбыры тартылуда. Құрылысы жүргізіліп жатқан 19 нысанның 5-і биылғы жылы пайдалануға беріліп, 18 мың халық тұратын тұрғын үй алаптары кәрізге қосылады. Осылайша, сарқынды су жүйесіне қосылу көрсеткіші 52 пайыздан 54 пайызға артады. Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Айманбетов пен энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков кәріз құрылысы басталған ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 83 ПӘТЕР ЖЕКЕШЕЛЕНДІРІЛДІ

Шымкент қаласында жыл басынан бері тұрғын үйді жекешелендіру бойынша электронды түрде 108 азамат құжат тапсырған. Оның ішінде 83 азаматтың өтініші қанағаттандырылып, пәтерлері жеке меншігіне өткізілді. Қазіргі таңда қалған азаматтар бойынша жекешелендіру жұмыстары жүргізілуде. Жекешелендіріліп жатқан пәтерлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы қолданысқа енгізілгенге дейінгі баспаналар болып табылады. Ал, «Нұрлы жер» бағдарламасы 2016 жылы қолданысқа енгізілген. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай дендросаябақ алаңында халықаралық, ресубликалық олимпиадалар мен ғылыми, спорт, өнер жарыстарының жеңімпаздарымен кездесті. Оның ішінде 18 оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада жүлдегері, 33 оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жобалардың жеңімпаздары. Ашық аспан астындағы жиында қала әкімі құттықтау сөз сөйлеп, ...

Толығырақ »

БҮЛДІРШІНДЕР ҚУАНСЫН ДЕП…

Шымкент қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шарада 30 бүлдіршіннің тұсауы кесілді. 1-3 жас аралығындағы балалардың тұсауын қала әкімі М.Әйтенов, мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов, Шымкент қаласының құрметті азаматы Ө.Мелдеханов, қаланың бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, «Түркістан» сарайының директоры С.Майғазиев пен қолөнер шебері Болат Бейісбеков, Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы, «Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры У.Әбдірайымов, айтыскер ақын ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА АЛТЫ АВТОБУС БАҒЫТЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы қоғамдық көлік 100 жаңа автобуспен толығып, 6 жаңа бағыт ашылды. Қоғамдық көліктердің кілтін табыстауға қала әкімі М.Әйтенов қатысып қызметкерлерге сәттілік тіледі. Мемлекет басшысының халыққа қолайлы жағдай жасау тапсырмасы аясында қалада жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын айтқан қала басшысы қаладағы қоғамдық көлік биылғы жылы 80 пайызға жаңаратынын айтты. «Қаламыз халыққа қолайлы болу үшін қоғамдық көлік жүйесін одан әрі дамытамыз. Былтыр ...

Толығырақ »

Сапалы әрі үздіксіз электр жарығы Департамент бақылауында

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ (бұдан әрі — Департамент) келесіні хабарлайды. Түркістан облыс орталығына айналғалы бері, қала көз алдымызда өзгеріп келеді. Қала ішінде құрылыс қарқынды жұмыс жасап жатқанымен, кейде электр желілеріне, магистралды су желілеріне залал келтіріліп жатыр. Атап айтқанда, 2021 жылғы 24 мамыр сағат 17:05-те Әкімшілік іскерлік орталығы ...

Толығырақ »

ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАН АДАМҒА СЫЙАҚЫ БАР

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдар көтермеленеді. Бұл туралы «Antikor ortalyǵy» алаңында өткен онлайн брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев мәлімдеді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді құралдарының бірі азаматтарды жемқорлық туралы хабарлағаны үшін көтермелеу институты болып табылады. Аталған институт 2012 жылдың тамыз айынан бастап іске қосылды. Үкіметтің қаулысына сәйкес сыбайлас жемқорлық ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ 25 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН БИЫЛ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласы, Абай ауданында жалпы 34 елді мекен болса, оның бүгінгі күнге 24-і ауыз сумен қамтылған. Яғни, тұрғындардың 71% сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Б.Парманов қала әкімдігінің «Instagram» және Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде мәлімдеді. Оның айтуынша, ұңғыма және тасымалды ауыз су пайдаланып отырған 10 елді мекеннің 8-де биыл ауыз су құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде 25 мыңға ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 368 ОТБАСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласында жыл соңына дейін 368 отбасы баспанамен қамтылады. Бұл туралы Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Азамат Рысжанов қала әкімдігінің «Instagram» және Facebook парақшасында өткен тікелей эфирде мәлімдеді. Басқарма басшысы алдымен тұрғын үй кезегі және оның жылжуы жайында баяндады. Содан соң тұрғын үй мәселесіне қатысты азаматтар тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Бір сағатқа созылған тікелей эфир кезінде А.Рысжанов ...

Толығырақ »

Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот

Бір үй – бір бірлестік – бір есепшот. Бұл – көппәтерлі үйді басқарудың жаңа принципі. Енді пәтер иелері кооперативі деген түсінік жойылып, мүлік иелерінің бірлестіктері құрылады. Оның негізінде тұрғындар өздері барлық жөндеу жұмыстарына жауапты болып, жұмсалатын шығыстарды қадағалай алады. 2020 жылдың басында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын реттейтін заңға түзетулер енгізілген болатын. Бұл өзгертулердің басты мақсаты – тұрғын үйлерді күтіп-ұстау. 2022 ...

Толығырақ »

«АЗАТ» ТҰРҒЫН АЛАБЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Азат» тұрғын алабына арнайы барып, ондағы тұрғындармен кездесті. Аудан тұрғындарын ауыз су, газбен қамту, жол және жер мен үйді заңдастыру мәселелері толғандырып отыр. «Арыз-шағымдарыңызды ескере отырып, ең алдымен, газ, жарық және ауыз су мәселесін шешуді қолға алдық. Өздеріңіз көріп отырғандай жұмыстар жүргізілуде. Ал инженерлік коммуникациялардың құрылысы аяқталған соң жол салу жұмыстары да басталатын болады»,-деді ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 1299 АЗАМАТ БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласында жыл басынан бері 1299 азамат несиелік бағыттағы баспанамен қамтылды. Оның ішінде «Отбасы банк» тарапынан 2020 жылы пайдалануға берілген кредиттік тұрғын үйлерге «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «5-20-25» бағыты бойынша 450 азамат несие рәсімдеп, пәтерлеріне қоныстанды; «7-20-25» бағыты бойынша екінші деңгейлі банктер тарапынан 849 азамат несие негізінде жаңа баспана кілтіне қол жеткізді. Осы ипотекалық бағытта баспаналы болған жалпы саны 1299 ...

Толығырақ »

ANTIKOR.LIVE: ЖАҢА ТӘСІЛДЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің басшысы А.Жұмағали мен оның бірінші орынбасары Т.Серікбаев қалалық санитариялық — эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымымен кездесті. Жиында қатысушылардың назарына бірінші басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жеке жауапкершілігі, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған адамдарды көтермелеу қағидаларына енгізілген толықтырулар жеткізіліп, түзетулер таныстырылды. Іс-шарада ...

Толығырақ »

КЕЗЕКТІ ЖИЫН ӨТТІ

Шымкент қаласы аумағында жүргізілетін санақ жұмыстары барысында туындауы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын — алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің бас маманы Ж.Әлжанова және «Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері Ұлттық статистика бюросының қалалық департаментінің қызметкерлерімен мақсатты жиын өткізді. Іс-шарада жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде кезең-кезеңмен қабылданған маңызды заңнамалық шаралардан, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ 147 АЗАМАТҚА ЖАЛДАМАЛЫ БАСПАНАНЫҢ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Шымкент қаласында мамыр айында өткізілген комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, тұрғын үй кезегі келген 147 азаматты жалдамалы баспанамен қамтылу туралы шешім шыққан болатын. Бүгінде 147 азаматқа қатысты ішкі құжаттандыру жұмыстары аяқталып, тұрғындарға пәтер кілті табысталды. Оның ішінде, 42 пәтер — көпбалалы отбасыларға, 97 пәтер — халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топ мүшелеріне, 8 пәтер — жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы ...

Толығырақ »

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯЛАРДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Айманбетов пен энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Б.Булатбеков құрылысы қарқын алған бірқатар электр тарату қосалқы станцияларындағы жұмыс барысын бақылады. Қала әкімінің орынбасары мен басқарма басшысы қазіргі уақытта құрылысы жүріп жатқан 220 кВ «Бозарық» қосалқы стансасының таратушы көзі «Қазфосфат» ЖШС-на қарасты «ГПП-2» ҚС-да атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты. Бүгінде аталған электр тарату стансасында қайта құру жұмыстарының ...

Толығырақ »