Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 07.06.2024

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсына қатысу үшін өтінімдер кабылдау басталғандығын назарларыңызға жеткіземіз, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Еңбекші Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғыртуға, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіруге және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасылардың мүшелері жіберіледі. Осы конкурсқа белсенділік танытып, қажетті ...

Толығырақ »

КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА «АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» ТАБЫСТАЛДЫ

Тұран ауданындағы батыр аналарымызға «Күміс алқа» және «Алтын алқа» табысталды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 22 сәуіріндегі № 524 Жарлығына сәйкес 5 алтын және 32 күміс алқасымен көп балалы аналар марапатталды. © Didarbek.kz

Толығырақ »

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ

Түркістан облысы Полиция департаментінің психолог мамандары мен облыстық дін істері басқармасының өкілдері Ордабасы ауданына іссапармен барды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сала мамандары полиция бөлімінің жеке құрамына арнайы сабақ өтіп, әлеуметтік-психологиялық сауалнама алды. Психолог мамандары отбасындағы дау-жанжалдар мен зорлық-зомбылықтан пайда болған стресстің алдын алу аспектілері туралы мәлімдеді. Сонымен қатар полицейлердің отбасындағы қарым-қатынасқа ...

Толығырақ »

АТАҒЫ АЛТЫ АЛАШҚА БЕЛГІЛІ СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТУДЕ

Биыл қазақтың ардақты ұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Созақ Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі деңгейдегі іс-шаралар өткізілуде. Бүгін Созақ ауданында Алаш қайраткерінің мерейтойына арналған мазмұнды шаралар бастау алды. Аудан орталығындағы «Мыңжылқы» мәдениет үйінде С.Қожановтың 130 жылдығына арналған «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ...

Толығырақ »

Шымкент қаласының әкімі бірнеше нысандарда болып, жұмыс барысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков кезекті қаланы аралау барысында сала мамандарымен бірге Қаратау ауданындағы Таңбалытас көшесінің жөндеу жұмыстарымен танысты. Жалпы, жауапты мердігер ұйым тарапынан асфальт төсеу жұмыстары аяқталып келеді. Жақын күндері көлік қозғалысына ашылатын да болады. Сондай-ақ әкім Тұран ауданындағы Өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды қолдау орталығында болды. Апатты жағдайдағы ескі ғимараттарды қарап шыққан қала әкімі, ондағы сүру жұмыстарын, ...

Толығырақ »

​Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту – маңызды бағыттың бірі

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Іскер әйелдер кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Палата директорының орынбасары Мақсат Өткелбаев, Іскер әйелдер кеңесінің жетекшілері мен кәсіпкерлер, қаржы институттарының өкілдері қатысты. Алдымен Еуропалық Қайту құру және Даму банкінің Шымкент қаласындағы өкілі Махаббат Кабираева сөз алып, өздері ұсынатын қызметтер туралы баяндады. «Еуропалық Қайту құру және Даму банкі – халықаралық қаржы институты. Бір ерекшелігі – акционерлері жеке тұлғалар ...

Толығырақ »

«Отбасы — бақыт ұясы» тақырыбында студенттер арасында кездесу өтті

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы — бақыт ұясы» тақырыбында Политехникалық колледжінің студенттері арасында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты — жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу және де тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау. Кездесу барысында отбасы құндылықтары жөнінде кеңінен сөз етіліп, қыз бен ұл баласының отбасындағы рөліне тоқталды. Сондай-ақ, отбасы мен бала тәрбиелеудегі ата- ана рөлін қалыптастыратын бірнеше кеңестерге ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫНЫҢ ҒИМАРАТЫ ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкент қаласының көркін арттырып, тұрғындар мен қонақтарға заманауи талапқа сай жайлы жағдай жасау мақсатында теміржол вокзалының ғимараты қайта жаңартылды. 10 жылға жоспарланған инвестиция қаражаты 1 жыл ішінде қарастырылып, былтыр 10 маусымда басталған жұмыстар 2024 жылдың 10 мамырында толық аяқталды. Сенімгерлік басқаруға нысанды беру арқылы қайта жаңғырту жұмыстары тиімді жүзеге асқанын атап өткен жөн. Мұнда тәулігіне 27 бағыт бойынша поездардың қызметі ұйымдастырылған. ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ «АТАМЕКЕННІҢ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КАРТАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы өңірлік инвестициялық картаны іске қосылғанын хабарлады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында айтылды. Брифингке Шымкент қаласы прокуратурасы басқармасының басшысы Бақытжан Байғозиев, аға прокурор Бақытбек Амалдықов, Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, «ҚазақИнвест» өңірлік өкілдігінің директоры Дінмұхамед Зиятбеков қатысты. Жиында Сабира Адамбекова Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының тарапынан инвесторлық жобаларды қолдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. ...

Толығырақ »