Aудан әкімі Азат Оралбаев жеке мәселелері бойынша жазылған азаматтарды қабылдады,– деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қабылдауға жазылған тұрғындар аудан орталығындағы Самал мөлтек ауданындағы газ, Қарақұм ауылындағы егістік жерлерге су жеткізу, «Құрметті азамат» атағын беру туралы өтініштерін білдірді. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі инфрақұрылым, тұрғын үй және жеке мәселелерімен жүгінді.
Инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы сұрақтар назарға алынып, өтініш иелерінің талап-тілектер бойынша тиісті бөлім басшыларына мәселені шешу үшін тапсырылды.
Сондай-ақ, аудан әкімі талап-тілектерді заң шеңберінде қарастырып, халықтың тұрмысын түзеуде бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.
© Didarbek.kz