Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары, бірқатар мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Жиын барысында «Көрікті Сайрам» мекемесінің басшысы Бақытқали Жаңабаев баяндама жасады. Мекеменің атқарылған жұмыстарымен қатар, өзекті мәселелерді атап өтті. Ол 9 ай ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындыларын, тазалық, көріктендіру және абаттандыру бағытындағы жобаларды және көше жарық ...
Толығырақ »Ежедневные архивы: 04.11.2024
ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Менің тапсырмаммен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр. 2025 жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Осы өте маңызды жұмысты «Самұрық-Қазына» қоры қадағалап отыр. Үкімет пен әкімдер бұл шаруаға белсене атсалысуға тиіс» — деген болатын. Осы орайда Шымкент қаласында ұлттық жоба аясында 18 жайлы мектеп ...
Толығырақ »КӨШЕЛЕРГЕ АТАУ БЕРУ, ҚАЙТА АТАУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ
Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс жиырма екінші сессиясы өтті. Жиында Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау, атаулардың транскрипциясын өзгерту туралы мәселесі талқыға түсіп, депутаттар тарапынан қолдау тапты. Сессияға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Күн тәртібінде республикалық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ...
Толығырақ »