Биыл еліміз бойынша Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өтуде. Аталған шаралардың жоғары мазмұндық деңгейде өткізілуі елдігімізді, егемендігімізді айшықтайтыны анық.
Осы орайда, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» қызметкерлері ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын негізге ала отырып «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты» мекемесінде сурет және кітап көрмесін қойды, деп жазады «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.
«Әл-Фараби және Абай» тақырыбында өткен көрмеде музей кітапхана қорынан Әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының еңбектері қойылды.
Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған шараға мектеп мұғалімдері мен жоғары сынып оқушылары қатысты.
Алдағы уақытта рухани астанада мұндай мәдени-рухани шаралар жалғасын табатын болады.
© DIDARBEK.kz