Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият » Тарихи-мәдени мұралар: Көкмардан Қалажұрты

Тарихи-мәдени мұралар: Көкмардан Қалажұрты

Көкмардан Қалажұрты, Б.З. I — Vii Ғғ.

Көкмардан ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 5 км жерде, Арыс өзенінің сол жағасында орналасқан. Географиялық координаттары 42Т444709 UTM 4732986. Отырар қалажұртына дейінгі текелей қашықтығы – 20 км, Арыстың қазіргі арнасы мен Шәуілдір ауылынан 7 км.

Төбедегі қазба жұмысын 1977, 1978-83 жылдары Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев, К.М.Байпақов) жүргізді.

Көк-Марданның қирандылары екі бөліктен, яғни негізгі төбе мен оның жанындағы адырлы жерден тұрады. Қала орнының орталық бөлігі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан сопақша келген төбе болып қалған. Оның биіктігі 15 м, аумағы 3,5 га. Ең биік, цитадель орналасқан солтүстік бөлігінің биіктігі 16 м. Жоғарғы жағында көлемі 25х25 м алаң бар. Қала орнының қалған бөлігі кішігірім саймен бөлінген.

Арыс тасығанда қазірде су толып жататын ормен қоршалған орталық төбенің айналасында рабад орналасқан. Онда жоспары анық көрініп жатқан тікбұрышты төбешіктер орналасқан. Орталық төбенің батысы мен солтүстік  -батысындағы құрылыстар аумағы үш гектардай. Рабадтың жалпы аумағы 4 га-дай. Ол қала орнының орталық бөлігімен биіктігі 1,5 м, жоғарғы бетінің ені 1,5 м, төменгі жағының ені 3 м қолдан үйілген дамбамен жалғасады. Жалғыз шығыс қақпаға тірелетін тұсында дамба жайпақ пандусқа айналады. Қақпаның екі жағында жұмыр пішінді мұнаралар болған, ал, қазір олардың тек орны қалған.

Дереккөз: www.otrarmuseum.kz

Пікір жазу