Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият » Тарихи-мәдени мұралар: Алтын төбе қалажұрты

Тарихи-мәдени мұралар: Алтын төбе қалажұрты

Түркістан өңірі тұнып тұрған тарихи жәдігерлерге толы. Соның бірі — аты аңызға айналған ортағасырлық қала орны, ұлылар дүниеге келген қасиетті мекен Отырар қаласы.

Қазіргі Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан қала және ондағы тарихи жауһарлар жөнінде оқырмандарға мағлұматтар ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Бірінші ғасырлары — 11 ғ. (археол.). Қоғам ауылының солтүстік-батысында, 5,5 км жерде орналасқан. Географиялық координаттары 42Т 437102 UTM 4747216. 1947 ж. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н.Бернштам) зерттеген. 1949 ж. шахристанның оңтүстік бөлігінде қазба жүргізілді. Кесектен соғылған кұрылыс қалдықтары бар 3 мәдени қабат аршылған. Қазба нәтижесінде алынған материалдарды сараптау барысында 2 хронологиялық этап анықталды: б.д. бірінші ғасырлары және 8—10 ғғ.

1969 — 1970 жылдары Отырар археологиялық экспедициясы (К. А. Ақышев) зерттеп, төбенің инструменталды жоспары түсірілді. 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы қаланы зерттеуді жалғастырды. Алтынтөбе «алаңқайлы төбе» типтес, екі қатпарлы ескерткіш. Жандары дүниенің төрт бұрышына қараған. Ең биік солтүстік бөлігі (цитадель) жоспарда шаршы тәрізді, бүрыштары дөңгеленіп келген, көлемі 135×150 м (5 м жер¬дей горизонталь бойынша) және 75×60 м (15 м жердегі горизонталь бойынша), биіктігі 17,13 м.

 

Дереккөз: www.otrarmuseum.kz

 

Пікір жазу