Марқозы Имам кесенесі XIX ғ. ескерткіші, Еңбекшідихан ауылында (бұрынғы атауы Шұбанақ, Шобанақ) орналасқан, ол Түркістан облысындағы Кентау жолының бойымен Түркістаннан солтүстікке 10 шақырым жерде орналасқан.
Мазар ескі зиратта, төбеде орналасқан. Ортаазиялық сәулет мектебі — порталды-күмбезді құрылыс дәстүрінде салынған.Ескерткіштің бастапқы бейнесінің сәулет — көркемдік құндылығы жоқ, кейіннен шаршы мазар үй-жайы конустық күмбезбен жабылған. Басты қасбеті күмбезді тауашалары мен бұрыштық мұнаралары бар монументалды порталмен бөлінген. Есігі оңтүстікке қараған.
Кірер есік алдында оң мен солға жүретін кіші дәліз бар. Оң дәлізден мұнара тәріздес етіп жасалған бұрандалы баспалдақтар шатырға апарады. Сол қанаттағы дәліз арқылы тілеухана бөлмесіне өтеді. Тілеуетхана бөлменің ортасына темір торлы терезе қойылған. Терезе арқылы имам Марқозы қабірі қойылған Қабірхана бөлмесі көрінеді. Ел аузындағы аңыз-аңгімелерде Марқозы имам Әзірет Сұлтан заманында өмір сүріп, Қожа Ахмет Яссауидің зікіршісі болып, дінді таратқан деседі.
© Түркістан Туризм Орталығы