Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Руханият » РУХАНИЯТ: МӘМЕТ ХАЛФЕ КЕСЕНЕСІ

РУХАНИЯТ: МӘМЕТ ХАЛФЕ КЕСЕНЕСІ

Мәмет Халфе кесенесі Созақ ауданы, Созақ ауылында орналасқан.
Бұрынғы әдебиеттерде ескерткіш атауы Әзір баба деп жазылып келген. Жергілікті халық Мәмед Қалпе деп атайды. Басына қойылған белгісі мен қабірі ескі Созақ қорғанының нақ төбесінде. Ортағасырлық қалалар үлгісі цитадель, шахристан және рабаттан тұратыны белгілі, Мәмед Қалпе әулие осы ескі қала үлгісі бойынша цитадельдің нақ ортасында орналасқан. Басына тұрғызылған сағананың астыңғы жағы төртбұрышты болып келеді де, төбесі шошақтанып бітеді. Қабырға биіктігі — 2,80, шошақ төбесінің биіктігі — 3-3,5 метр шамасында. Жалпы сағананың іргетасын қатпар таспен 0,60 х 0,70 метр биіктетіп барып, оның үстін кесекпен өріп шыққан. Өрілген кесек мөлшері — 34 х 17 х 8 см. Сағананы бұрынғы үлгісін сақтап салған. Жалпы іргетасы — 4х4 метр. Есігі оңтүстікке қараған. Іші бір бөлмелі, жалғыз адамның бейіті бар. Үсті ақ бөзбен жабылып, басына арқардың мүйізін қойған. Кейінгі кезде сағананың шығыс жағынан жапсарластыра екі бөлме қосқан.

 © Түркістан Туризм Орталығы

Пікір жазу