Коронавирустың тақырбас адамдарға қандай зияны бар? Бұл сұраққа Браун университетінің зерттеушілері жауап берді деп хабарлайды DIDARBEK.kz порталы KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Аталық гормондар (андрогендар) коронавируспен күресуге көмектеседі. Олардың организмде жетіспеушілігі шаш жоғалтуға әкеп соғады. Браун университетіндегі профессор Карлос Бамбьердің жетекшілігіндегі зерттеушілер тобы тақырбастарда коронавирус ауыр өтуі мүмкін деген тұжырымға келді. Коронавирустан тіркелген өлім-жітім мен таз бастану белгілерін салыстыра келе, ғалымдар «Габрин белгісі» жайлы айтты. Фрэнке Габрине — АҚШ-та коронавирустан қайтыс болған алғашқы дәрігер. Ол да таз болған. Испанияда өткен зерттеулер нәтижесі Мадридте COVID-19 инфекциясынан көз жұмған еркектердің 79 пайызы таз екенін көрсетті. Енді зерттеушілер коронавируспен күресуге гармоналды преператтар тағайындау қажет пе деген мәселені талқылап жатыр. Бірақ мұндай емдеудің қаншалықты тиімді екені белгісіз.
Айта кетейік, неміс молекулалық биологтары коронавирус инфекциясының жаңа түрі адамның миына енетінін анықтады. Олардың пікірінше, бұл мұрынның шырышты қабаттары арқылы жүзеге асады.
© DIDARBEK.kz