Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қызықтаймс

Қызықтаймс

БҰҰДБ Түркістанда жастар хакатондары топтамасының екінші кезеңін өткізді

Түркістан, 2022 жылғы 10 қараша – Бүгін Түркістан қаласында Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) өткізетін  SKILLS UP өңірлік жастар хакатондары топтамасының кезекті кезеңі өтті.  Хакатондардың мақсаты – ХХІ ғасырдың дағдылары мен құзыреттері туралы хабардарлықты арттыру, жастарды STEM (жаратылыстану ғылымдары, технологиялар, инженерия және математика) мамандықтарына тарту, цифрлық және кәсіпкерлік дағдыларды дамыту, сондай-ақ өмірдің оң сценарийлерін іске асыруға ынталандыруды арттыру.   Жаһандық ...

Толығырақ »

КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ К.ГРИЦИНИНГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Аудан орталығында Кеңес Одағының батыры, жерлесіміз К.Грицининге арналған ескерткіш орнатылып, шымылдығы түрілді. Ескерткіштің ашылу салтанатына батырдың туған-туыстары, жерлестері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, сонымен қатар Майлыкент ауылының әкімі, мәслихат депутаттары мен халық қалаулылары қатысты. Майлыкент ауылының әкімі жиналған көпшілікті батырдың өмірбаянымен таныстырып, арнайы келген туған-туыстарына аудан азаматы ретіндегі өзіндік алғысын жеткізді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Қасымбек батырдың өшпес ерлігін айтып, ...

Толығырақ »

«ГАМЛЕТ» ТРАГЕДИЯСЫ ТҰҢҒЫШ РЕТ ҚУЫРШАҚ БАҒЫТЫНДА САХНАЛАНДЫ

24 тамыз күні Шымкент Қуыршақ және жасөспірімдер театрының жаңа маусымдағы қойылымы – У.Шекспирдің «ГАМЛЕТ» трагедиясың премьерасы карантин талаптарын сақтай отырып, 30% көрермендердің қатысуымен өтті. Айта кетейік, жаңа қойылымның қоюшы режиссері, белгілі жас режиссер – Айдын Салбанов Қоюшы суретшісі – Ақмарал Қосбармақова. Трагедияда Гамлет бейнесі арқылы сол уақыттағы қоғамдағы жоғары биліктің дағдарысы, тақ үшін таласқан биліктің арандатушылық әрекеттері бейнеленеді. Басты кейіпкер ...

Толығырақ »

«DOMBYRA PARTY» ӨТТІ

« » жастары және «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің ұйымдастыруымен, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына және «Ұлттық домбыра» күніне орай «Dombyra party» өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және қазақтың төл аспабын насихаттап, ұлттық өнерді паш ету. «Dombyra party» іс-шарасында «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің саябағында кәсіпқой күйшілер өнер көрсетті. Осылайша, салт-дәстүрімізді және ата-баба мұрасын қайта ...

Толығырақ »

ҰЛТТЫҚ ҰРАН КҮНІ

Қарағанды қаласында «Қазақ халқының мұрасы – Мәңгілік ел» кітаптар сериясы мен Қазақ тілі қоғамының ұйымдастыруымен Қазақ күнтізбесіндегі мән-мазмұны жоғары атаулы күннің бірі – Ұлттық ұран күні аталып өтті. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған осы атаулы күнге орай өткен шарада жиналғандар қазақтың «Алаш», «Әруақ», «Абылай» ұрандарын айтып, ел халқына өздерінің құттықтауларын арнады. Ұйымдастырушылар бұл атаулы күннің Қазақ күнтізбесінде алар орны ерекше екенін ...

Толығырақ »

ШЕТЕЛДЕ БІЛІМ АЛАМЫН ДЕСЕҢІЗ

Эдинбург Университеті (University of Edinburgh). Адам Смит пен Чарльз Дарвин оқыған университетке түсу туралы Сайдибурханиддин Адиханов, 30 жаста, Нұр – Сұлтан қаласы, Ph.D. student in Biomedical sciences, Nazarbayev University, @saidiburkhaniddin Университетті таңдау туралы Мен «Болашақ» халықаралық стипендиясын алғаннан кейін білім алу үшін елге таңдауым түсті. АҚШ пен Ұлыбритания арасында екінші нұсқаны таңдадым. Себебі, Ұлыбритания Қазақстанға жақынырақ және ондағы оқу принципі ...

Толығырақ »

Antikor жемқорлықты идеология арқылы азайтуға ниетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева «Парасат жолы» орталықтарының жұмысы туралы баяндады. Мемлекет басшысы былтыр парасаттылық идеологиясын ілгерілетудің маңыздылығын атап өткен еді. Осыған байланысты агенттіктің бастамасымен елордада Ұлттық академиялық кітапхана базасында ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерімен «Жұмадағы жүздесу» атты тікелей эфирлер ұйымдастыруды қолға алды. Халық арасында кеңінен таралған ...

Толығырақ »

ЖҰЛДЫЗЫ ЖОҒАРЫ ЖҰМАБЕК-ЖЫР

Жүрек пен ақыл Жетпісінші жылдардың екінші жартысы мен сексенінші жылдардың басында өз тұстастарынан дарынымен дараланып, рухани орта мен әдебиет сүйер әлеуметке кең танылған жас ақындардың бірі – Жұмабек Мұқанов (1955-2017) болатын. Шалғайдағы Шардарадан шыққан шайыр бала бесігінен уызына жарыған, ата көрген, әке көрген, солар арқылы халық ауыз әдебиетіне қанып өскен қаламгер боп қалыптасыпты. Қазақстанның әр түкпіріндегі аға буын қаламгерлер шығармаларынан ...

Толығырақ »

ЕҢБЕК МҰРАТҚА ЖЕТКІЗЕР

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР! ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕКСҮЙЕР ӘЛЕУМЕТ! Сіздерді «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбек күнімен» құттықтаймын. Дана халқымыз еңбекке аса үлкен мән беріп, «Еңбек – адамның екінші анасы», «Еңбек мұратқа жеткізер», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады», – деп еңбектенудің адамдарға қажетті нағыз байлық екенін көрсеткен. Сіздер жанқияр еңбектеріңізбен келер ұрпаққа тәлімгерлік дәстүрді табыстап, ұрпақтар сабақтастығын сақтап келесіздер. Республикамыздың дамып, өркендеуіне кәсіподақтар қатарында сіздер де ...

Толығырақ »

АЛИК ШПЕКБАЕВ – «ЕҢ БЕЛСЕНДІ МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ»!

Қазақстандықтар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевты ең белсенді мемлекет қайраткері деп санайды. Бұл туралы отандық БАҚ-тың сайтында онлайн дауыс беру нәтижелері көрсетті, деп хабарлайды DIDARBEK.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап. Ақпараттық агенттіктің мәліметінше, А.Шпекбаев елдегі сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған барлық бастамалары үшін осындай оң бағаға ие болды. Азаматтардың дауыс беру нәтижесіне сәйкес, Антикор басшысының қалалық, аудандық және ауылдық ...

Толығырақ »

БАС ПОЛИЦЕЙ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ САЛДЫРДЫ

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов коронавирусқа қарсы «Спутник-V» вакцинасын салдырды. «Вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайым жақсы. Ешқандай кері немесе жанама әсер байқалған жоқ. Өзіңді және жақыныңды қауіпті індеттен қорғаудың әзірге жалғыз жолы – вакцина салдыру. Сондықтан да өзім екпені ерікті түрде салдырдым. Қазір жергілікті атқарушы орган департамент қызметкерлерін вакцинамен толық қамтамасыз етіп отыр. Біздің қызметкерлер халықпен тікелей ...

Толығырақ »

МІНДЕТТІ АТТЕСТАТТАУ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» қызметкерлерінің атқаратын қызметіне сәйкес келетін деңгейін бақылау мақсатында міндетті аттестаттау өтті. Комиссия құрамында «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының» директоры Сұлтан Сраилов (комиссия төрағасы), кадр ісі жөніндегі маман м.а. Дана Мамекова (комиссия хатшысы), Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Руслан Шеримов, қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бөлім ...

Толығырақ »

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали, республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел, қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, мемлекеттік  мекемелер мен қоғам өкілдері қатысты. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Мемлекет басшысының ...

Толығырақ »

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

«ҚуатЖылуОрталығы» МКК бастауыш кәсіподағының құрамында 320 кәсіподақ мүшесі бар. Мекеменің негізгі қызметі — инженерлік желілер мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету болып табылады. «Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және «YNTYMAQ» салалық кәсіподақ орта және шағын бизнес саласының жұмыскерлерінің Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Бауыржан Ілімшеұлы Әлтеев Наурыз мерекесі қарсаңында мекеме қызметкерлері П.Сабитовті «Елеулі еңбегі үшін» медалімен және ...

Толығырақ »

Тәуелсіздік құрдастары: аға буын жолымен – Евгений Тюшевский

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы «Тәуелсіздік құрдастары: аға буын жолымен» акциясын іске қосты. Аталған акция бойынша Тәуелсіз Қазақстанға өзіндік үлесін қосып жүрген Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкері Евгений Тюшевскиймен таныстырғымыз келеді. Бүгінгі таңда кітапханашы болып екінің бірі жұмыс істегісі келеді деп айту қиын. Алайда, осы ғажап мамандыққа шынайы ғашық, кітаптармен және оқырмандарымен беріліп жұмыс жасайтын адамдар бар. Солардың бірі – Евгений ...

Толығырақ »

«ДОМАЛАҚ АНА» ОПЕРАСЫ МА, «МАЙРА, САЙРА!» ОПЕРАСЫ МА?

Сөз жоқ, Майра Мұхамедқызы батыл қадам жасады. Қолынан келмесе де, жаңа операны сахналауды мақсат тұтты да, орындап жіберді. Дегенмен, қазақта: «Шымшық сойса да, қасап сойсын!» деген сөз бар. Әрине, Шымкент жұрты операны түсіне бермейді деп, шикі дүниені де паш ете салуға болады. Біз Миландағы Teatro alla Scala немесе Париждегі Grand Opéra көрермені емеспіз ғой. Бізге өз салт-дәстүрлерімізді де бұрмалап ұсынуға ...

Толығырақ »

САЛАУАТТЫ ЖАСТАР – САЛАУАТТЫ ҚОҒАМ!

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «ХIII LEGION» салауатты өмір салтын дамыту қоры» қоғамдық қорының қолдауымен жастарды бұқаралық спортқа баулу және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Мирас университетінің спорт залында норматив тапсырудан «Street Workout» спортынан Мақтарал ауданы, Леңгір қаласы, Сайрам ауданы, Қаратау, Еңбекші, Әл-Фараби, Абай ауданынан келген жастар мен жасөспірімдер арасында турнир өткізілді. Шара барысында ...

Толығырақ »

НАШАҚОРЛЫҚ – ІНДЕТ, ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ – МІНДЕТ!

Нашақорлық мәселесі бүгінде әлем бойынша аса өткір де, өзекті де мәселеге айналып отыр. Ол тек медициналық тұрғыдан ғана емес, жалпы әлеуметтік тұрғыдан да көкейкесті мәселенің бірі болуда. Себебі, нашақорлыққа тәуелді он адамның тоғызының іс жүзінде толық емделіп кетуі екіталай. Олардың көпшілігі 40 жасқа дейін де өмір сүрмейді. Есірткіні пайдаланушылардың басым бөлігі 18-30 жас аралығындағы жастарды құрайды. Алайда, өкінішке орай, соңғы ...

Толығырақ »

АЙДАРБЕК ТОҚТАРБЕК: «СПОРТ ӘЛЕМІНДЕ ЕСІМІМДІ ҚАЛДЫРҒЫМ КЕЛЕДІ»

Түркістанда әлемдік додаларда Қазақ елінің даңқын асқақтатып жүрген спортшылар жетерлік. Солардың бірі — Айдарбек Тоқтарбек. Балуан самбо және қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. Ол 1998 жылы 28-сәуірде Түркістан қаласында дүниеге келген. 2004-2015 жылдары Түркістан қаласындағы №19 жалпы орта мектебінде білім алған. 2015-2019 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дің Өнер факультетінің «Денешынықтыру және спорт» мамандығын бітірген. Бүгінде «Жергілікті және мемлекеттік ...

Толығырақ »

ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАЛАЙ ҚОСЫЛУҒА БОЛАДЫ?

Шынында да, электрмен жабдықтау жүйесіне қалай қосылуға болады? Қазіргі таңда бұл сұрақ аймақтағы көптеген адамдардың алаңдаушылығы артып, өте өзекті болып тұр. Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бойынша «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті» мемлекеттік мекемесінің басшысы Алимкулов Бекжан Мухидинұлынан сұрап көрдік.  — Бекжан Мухидинұлы, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылуға байланысты негізгі ережелерін ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ АТАНАМЫН

«Қазақ күресінен Қазақстан Барысы атанамын» — деген түркістандық Әбдіғани Бибарыстың арманы асқақ. +100 келі салмақта белдесіп жүрген балуанның сондай-ақ самбо күресінен ересектер арасында Әлем және Азия чемпионы боламын деген жоспары бар. Бұлай деуінің өзіндік себебі де жоқ емес. Түркістанның мақтанышы 2020 жылы Атырау қаласында Самбо күресінен ересектер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы атанған. «Мен күреске 10 жасымнан бастап қатыстым. ...

Толығырақ »

МҮМКІН СІЗДІҢ ПЕРЗЕНТІҢІЗДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ШЫҒАР?!

«Мүмкін Сіздің перзентіңізден әлем чемпионы шығар?!» – деген жас бапкер ата-аналарға балаларын спортпен айналысуына жағдай жасаса, сенімдері сөзсіз шындыққа айналады деген пікірде. Он жеті жылдан бері самбо күресімен шұғылданып, айтарлықтай жетістікке жеткен түркістандық Айжан Жылқыбаева спорттағы жетістігі мен жеке өміріне қатысты айтты. Айжан самбо күресімен 2-сыныптан бастап айналысып келеді. Осы күнгі аралықта балуан самбодан Қазақстанның 11 дүркін чемпионы, 5 дүркін ...

Толығырақ »

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСКЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ – БАС ПАРТИЯНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

«Nur Otan» партиясының мақсаты — анық әрі айқын. Жетекші ұйым алдағы жылдарда бірқатар игі істерге ұйытқы болады. Атап айтқанда, тұрғын үймен қамтамасыз етудің тетіктерін барынша жеңілдете отырып, баспанаға мұқтаж жандардың мәселесін шешу. Әлеуметтік саланы дамыта отырып халықтың экономикалық жағдайын жақсарту. Шалғайдағы елді мекендердің шешілмеген шаруасын шешіп, ондағы халықтың күйін оңалту. Экологиялық мәселелерді назардан шығармай, жол және көлік инфрақұрылымының сапасын көтеру. ...

Толығырақ »

«АБАЙ АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

Түркістан облысы, Төлеби ауданында Абайдың 175 жылдығына орай Абай аллеясы салтанатты түрде ашылды. Жаңа аллея аудан орталығындағы Әйтеке би көшесінде орналасқан. Демеушілердің қолдауымен саябақта Ұлы ақынның еңселі ескерткіші бой көтерді. Мүсіннің биіктігі – 3 метр, тұғыры – 2 метрді құрайды. Абай аллеясының ашылу салтанатына аудан әкімі Б.Омарбеков, аудандық мәслихат хатшысы Н.Қойбағаров, ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев және Қазақстан Жазушылар одағының ...

Толығырақ »

ҮШЖАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың төрағалығымен әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысына «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов, Жұмыс берушілер конфедерациясының төрағасы Александр Суворов, «Қызмет» мемлекеттік мекемелер, банк жүйелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіптік одақтары» республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов, «YNTYMAQ» ...

Толығырақ »