Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түлкібас » МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ

Мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамның әрбір мүшесінің қолдауы мен қорғауына алынуы тиіс жандар. Олардың көңілі мен пейілі өзгелер үшін алғы орындарда тұруы тиіс. Ондай бүлдіршіндерді қуантудың өзі бөлек бақыт деп білеміз.
Осындай масатта «Медеу» мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сарыбаева Күләш Көктеубайқызы үлкен мерекелік іс-шара өткізді. Аталмыш жиын Түлкібас ауданының орталығында орналасқан ең таңдаулы мейрамханалардың бірі «Ақ сұңқарда» өтті. Оған мейрамхана басшысы Маманова Жазира Сәндібекқызы да мұрындық болып, балаларға әдемі аппақ дастарханның жайылып, тәтті тағамдармен толығуына демеушілік жасады. Мүмкіндігі шектеулі болғанымен әр баланың өзінің жеке дара ерекшелігі барын, қабілет қарымдары бөлек екенін бір көргеннен ақ байқауға болады. Олар ән айтып, би билеп жиналған көпшіліктен қымтырылмай, өз өнерлерін еркін көрчсетуі бізді қатты қуантты. Баласының еркін билеп, ән айтқанын көрген ата-аналар ерекше сезімге бөленіп, көздеріне қуаныш жасын да жинағанын байқадық. Әдемі кешке «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрағасы Қуатбек Еркебаев арнайы келіп, балаларды мерекесімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Ұйымдастырушылар мен демеушілерге өзіндік алғысын айтып, ата-аналарға зор құрметін танытты.
Содан соң мерекелік шара аниматорлардың өнерімен жалғасты. Бір емес бірнеше аниматорлар келіп, балалардың ертегі әлеміне саяхат жасауына мүмкіндік берді. Ерекше әсерде жүргендіктерін жанарларынан байқатқан балалар кеш барысында ұстаздарымен ата-аналарымен бірігіп билеп, ойын ойнап, мәз-майрам күйге енді.
-Балалар біздің болашағымыз. Олар қандай күйде, жағдайда болмасын біз оларға қамқор әрі мейірімді бола білуіміз керек. Ерекше балалар деп атағаннан кейін, олар да бізден ерекшелікті талап етеді. Сондай махабатты бере отырып, алға жетелей берейік. Бұл да бір Алланың берген сыйы деп түсініп, болашақтан үмітімізді үзбейік. Осындағы барша ата-аналар қауымына өз басым алғысымды айта отырып, басымды иемін,- деді қоғамдық бірлестіктің төрайымы Күлаш Көктеубайқызы.
-Сіздер Алланың рақымына бөленген жансыздар. Еңбектеріңіз де ұшан-теңіз. Басымды ие отырып, барлық жақсылықты тілеймін. «Баламның табанына кірген жантақ, менің маңдайыма қадалсын» дейтін ана жүрек неге болсын шыдары анық. бірақ, сіздердей күш пен сабыр көп адамда кездеспейтіні түсінікті. Сол себепті де Алла сіздерге осындай сынақ берген болар. Бұл дүниедегі еңбектеріңіз арғы дүниеде мың еселеніп қайтады деп ойлаймын. Алла балапандарыңыздың шипасын беріп, ғұмырларын ұзақ етсін. Бала біздің болашағымыз екенін ұмытпайық,- деп Жазира Маманова кәсіпкер деимеуші ретінде өзіндік тілегін жеткізді.
Шара соңында қоғамдық қор тарапынан және мейрамхана ұжымы атынан балаларға арнайы сыйлықтар таратылды.
Бұл кештен балалар да, ата-аналар да ерекше әсермен тарқасты.
А.МӘМЕТ.

Пікір жазу